Қазақстан республикасының азаматтық ҚҰҚЫҒЫ. ОӘК



бет35/150
Дата06.04.2023
өлшемі1,61 Mb.
#79851
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   150
5. Ортақ бірлескен меншік.
Ортақ бірлескен меншік тек заң негізінде туындайды және онда үлестер ажыратылмайды. Үлесті бөліп шығару бірлескен меншікті тоқтату немесе өзгерту сатысы ретінде болады.
Ортақ бірлескен меншік үш түрде болады: ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі, шаруа (фермер) қожалығының ортақ меншігі, жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ меншік түрінде (АК 219-бап). Заң құжаттарында ортақ бірлескен меншіктің басқа да түрлері көзделуі мүмкін. Меншік иелері ортақ меншіктегі әрқайсысының үлестерін белгілеу жолымен ортақ бірлескен меншікті ортақ үлесті меншікке айналдыруы мүмкін. Бірлескен меншіктің қатысушылары отбасылық қатынастармен байланысты болғандықтан, бірлескен меншік құқығы басқа тұлғаларға құқықтық мирасқорлық тәртібінде басқа тұлғаларға ауыса алмайды. Меншік иелері бірлескен меншік құқығын емес, бірлескен меншікте болатын мүлікті иеліктен шығара алады.
Бірлескен меншікке қатысушылар ортақ мүлікті бірлесіп иеленеді және пайдаланады. Ортақ мүлікпен билік ету барлық қатысушылардың келісімі бойынша жүзеге асырылады. Егер барлық қатысушылардың келісімімен өзгеше туындамайтын болса, бірлескен меншікке қатысушылардың әрқайсысы ортақ мүлікпен билік ету жөнінде мәмілелер жасасуға құқылы. Бұл ретте басқа қатысушылардың келісімі жорамалданады. Бірлескен меншікке қатысушылардың біреуі ортақ мүлікке билік етуге байланысты жасаған мәміле басқа қатысушылардың талап етуімен мәміле жасасқан қатысушының қажетті өкілеттігі болмады деген себеппен мәміледегі екінші тарап бұл жөнінде білгені немесе көпе-көрінеу білуге тиіс болғандығы дәлелденген ретте ғана жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Нотариаттық куәландыруын немесе мемлекеттік тіркеуді керек ететін мәмілелер жасау кезінде бірлескен мүлікке басқа қатысушылардың мәміле жасауға келісімі нотариалдық тәртіппен расталуға тиіс.
Ортақ бірлескен меншіктегі мүлікті бөлу, немесе меншік иелерінің бірінің үлесін бөліп шығару ортақ бірлескен меншік құқығының тоқтатыуына әкеп соғады. Қатысушыларының бірінің үлесін бөліп шығару кезінде мүлікті заттай бөліп шығару емес, бөлініп шығушы қатысушыға ақшалай өтем беру кең пайдаланылады, ал шаруа (фермер) қожалығының өндіріс құрал-жабдықтары оның қатысушыларының бірінің үлесін бөліп шығару кезінде мүлдем бөлініске жатпайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет