Прокат шарты бойынша (АК 595 б.) арнаулы кәсіпкер жалға алушыға тұтынушылық мақсаттарда жылжитын мүлікті пайдалануға беруге міндеттенеді. Шарттың мерзімі бір жылдан аспауы керек. Шарт жазбаша жасалады. Жалға беруші мүлікті тексеруден өткізіп, пайдалану ережелерімен жалға алушыны таныстыруы қажет. Заттың кемшіліктері анықталса, жалға беруші оларды 10 күн ішінде ақысыз негізде жоюы керек. Жалға алушы мүлікті қосымша жалдауға, басқа тұлғаның тегін пайдалануына беруге, өз құқықтары мен міндеттерін үшінші тұлғаға беруге, жалдау құқығын кепілге салуға құқысыз (АК 600 б.). Жалға алушы шартты кез келген уақытта тоқтата алады.
Тақырыпты пысықтау сұрақтары:
Мүлік жалдау шартының ұғымы, мазмұны, нысаны.
Мүлік жалдау объектілері.
Мүлік жалдау шартының тоқтатылуы.
Мүлік жалдау шартының жекелеген түрлері
Тұрғын үйді жалдау
1. Тұрғын үй саясатының мемлекеттік бағдарламасы мен оны жүзеге асыру механизмдері.
2. Тұрғын үй құқықтық қатынастары
3. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру. Мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін пайдалану.
4. Қызметтік тұрғын үйлерді және мемлекеттік тұрғын үй қорының жатаханаларындағы тұрғын бөлмелерді пайдалану.
5. Тұрғын үй және тұрғын үй құрылыс кооперативтік мүшелерінің және олардың отбасы мүшелерінің тұрғын үй құқықтары.
Тұрғын үймен қамтамасыз ету қазіргі кезеңде маңызды әлеуметтік мәселелердің бірі болып табылады және оған орай белгілі бір саясатты жасап шығармау мүмкін емес. Әрине , ал оны бірден шешпейді , бірақ бірте бірте азаматтарды тұрғын үймен неғұрлым тиімді түрде қамтамасыз етуге қол жеткізе отырып, бұл осы мәселені бақылауда ұстауға мүмкіндік береді. Тұрғын үй
қатынастары аясында жүргізілетін саясаттың мазмұнын жалпылама түрде анықтайтын Қазақстан Республикасының Конституциясы тұрғын үй қатынастарына тиісті түрде ықпал етеді.
Қайта қалыптасып келе жатқан нарықтық экономикалық қатынастар жүйесінде бұл мүмкін емес болатын және ол толығымен, оның логикасына қарама қайшы еді. Соның салдарынан 6 қыркүйек 1993 жылы ҚР Президенінің «Жаңа тұрғын үй саясаты туралы» Жарлығы қабылданды.
Тұрғын үй қорын жөндеу мен пайдалану жүйесін қаржыландыру негізгі қайнар көзі ретінде тұрғын үй қорының иелерімен тұрғын коммуналдық қызметкер үшін ақы төлеу қарастырылады.
Ипотекалық несиелеудің маңыздылығын сақтап отырғаны Қ Р Үкіметінің 22 тамыз 1997 жылы «Мемлекеттік тұрғын үй саясатын жаңа экономикалық жағдайларда жүзеге асыру » № 1277 қаулысымен туындайды.
Қазігі уақытта «Құрлыс қорлары туралы » Қ Р Заңы қабылданған . Онда көзделген жүйе жалпылама түрде тұрғын үй саясатының мемлекетттік бағдарламасы көзделген несие жинақтаушы жүйені еске түсіреді.
Тұрғын үй саясаты бағдарламасының өзекті идеясы конституцмяда бекітілетіндігін атап өткіміз келіп отыр. Мемлекет азаматтардың тұрғын үйге деген құқықтарының көлемін бұрын болған көлнмде мәлімдеуден бас тартты . Сонымен бірге Қ Р Констиуциясының 25 бабының 2 тармағы бекіткендей Қ Р азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалды. Мұны азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін кез келгкен тәсілдермен және заңды актілермен көзделген тәртіпке жағдайлар жасау деп түсінген жөн.