Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты: ұғымы және нысаны.
Кешенді кәсіпкерлік қосалқы лицензия шарты.
Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты; ұғымы және нысаны.
Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты бойынша бір тарап (кешенді лицензиар) екінші тарапқа (кешенді лицензиатқа) сыйақыға айрықша құқықтар кешенін (лицензиялық кешен), соның ішінде лицензиардың фирмалық атауын және қорғалатын коммерциялық ақпаратты пайдалану құқығын, сондай-ақ лицензиаттың кәсіпкерлік қызметінде пайдалану үшін шартта көзделген айрықша құқықтардың басқа да объектілерін (тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, патент және т.б.) беруге міндеттенеді. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты белгілі бір көлемде лицензиялық кешенді лицензиардың іскерлік беделі мен коммерциялық тәжірибесін ( атап айтқанда, пайдаланудың мейлінше аз және (немесе) мейлінше кең көлемін белгілей отырып),белгілі бір қызмет аясына (лицензиардан алынған немесе пайдаланушы өндірген тауарларды сату, өзге де коммерциялық қызметтерді жүзеге асыру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету) қолданатын аумақты көрсетіп немесе көрсетпей пайдалануды көздейді.
Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты жазбаша нысанда жасалуы тиіс.
Лицензиар шартта көзделген мерзімдер мен көлемде лицензиятқа техникалық және коммерциялық құжаттаманы беруге және лицензиатқа шарт бойынша берілген қүқықтарды іске асыру үшін оған қажетті өзге де ақпаратты ұсынуға, сондай-ақ лицензиятты мұндай құқықтарды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша оқытуға және консультация беруге міндетті.
Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты рента, лизинг, мүлікті сенімгерлікпен басқару шарттарымен қатар жаңа шарттық институттарға жатады. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шартына қарағанда, ТМД елдері ғалымдарымен басқа да мамандарымен жасап шығарылған құрылым емес.
Франшиздік келісім деп – ицензиар белгілі бір іскерлік операцияларды (изнесті) лицензарға тиесілі атаумен жүргізуге және оның кәсіпкерлік қызметінің әдісін пайдалануға лицензия беретін шартты түсінеміз. әдетте, франшиздік келісім лицензиарға рұқсат етілген іскерлік белсенділікке лицензияның әрекет ету мерзімі ішінде қатал бақыау жасау мүмкіндігін береді.
Франчайзинг шарты әртүрлі салаларды қоданылады. Патенттердің тауар белгілері мен интеллектуалдық меншіктің басқа да нысандарының иелері оларды басқа тұлғаларға лицензия бере отырып шетелдерде жиі пайдаланады. Яғни франчайзинг кең таралған халықаралық-жеке құқытық институттардың бірі болып табылады.
Франчайзингтік лицензиялық келісімдердің басқа түрлірінен ерекшелігі кешенді кәсіпкерлік лицензия арқылы айрықша лицензияны беру қамтамысз етілгендігінде. Оның тағы бір ерекшелігі – ол интеллектуалдық меншіктің жеке объектісіне деген құқықтарды беру жөнінде бекітілмейді, ол лицензиялық кешенге деген құқықтарды беруді білдіреді. Франчайзинг шарты қызмет көрсету элементтерімен күрделенуі мүмкін. Ол айқын кәсіпкерлік сиаптқа ие.