Қазақстан Республикасының Білім және Ғылы Министрлігі



бет2/62
Дата27.09.2023
өлшемі5,28 Mb.
#111157
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
Лекция жоспары :


1. Сұйық түсінігінің анықтамасы, оның классификациясы
2. Тығыздық
3. Меншікті салмақ
4. Сығылу
5. Температуралық ұлғаю
6. Тұтқырлық

  1. Беттік керілу

8. Қысым
1. Сұйық түсінігі анықтамасы, оның классфикациясы
Сұйық – аққыштық қасиетке ие физикалық дене. Сұйықтың белгілі бір пішіні болмайды , ол құйылған ыдыс пішінін қабылдайды.
Сұйық және газ механикасында аққыштық қасиетке ие барлық ортаны «сұйық» терминімен байланыстыра қарастырады.
Техникалық қасиеттеріне байланысты сұйықты екі топқа болады: аз сығылатын( тамшылы ) и сығылатын ( газтәрізді ).
Тамшылы сұйықтар – өлшемі қандай да бір күш әсер етсе де өзгермейтін , белгілі бір көлемі сұйық, яғни мұндай сұйықтардың пішіні оңай өзгергенімен көлемі өзгере қоймады .
Тамшылы сұйықтарда :
- сығылғанда қарсылу мәні үлкен болады ( толықтай сығылмайды);
- жанама және созылу күштеріне қарсылық мәні аз, ол температуралық ұлғаюдың аздығына, сұйық бөлшектері арасындағы үйкеліс күшінің мәні кіші болғанына байланысты.
Оларға су, мұнай, май, керосин, бензин, сынап және тағы басқалары жатады.
Газтәрізді сұйықтар деп – ыдыстың пішінін толықтай қабылдайтын және көлемі өзгеретін сұйықтарды айтамыз. Олар сығылады және белгілі күштің әсерінен ұлғаяды , яғни мұндай сұйықтар пішінін де, көлемін де оңай өзгертеді .
Газтәрізді сұйықтарда (қалыпты жағдайдағы барлық газдар) :
- температура жоғарлаған кезде көп мөлшерде сығылады;
- созушы күштерге қарсыласу мүлдем болмайды.
Реалды(нақты ) сұйықтар – табиғатта бар сұйықтар.
Идеал сұйық – созу күштеріне ешқандай қарсыласу білдірмейтін абсалютті сығылмайтын, бөліктері абсалютті қозғалғыштыққа ие сұйықтар . Реалды сұйықты идеал сұйықпен ауыстыуға болады, бірақ тұтқырлық өзгерген кезде қажетті түзетулерді енгізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет