Байланысты: abdullaev na kazakstannyn kazirgi zamangy tarikhy
Біріншісі, Парламент негізгі саяси және әлеуметтік күштердің, ірі этнос
өкілдерінің мүддесі тоғысқан, белсенді қызмет жасаушы коллегиялық органға
айналып, маңызды мемлекеттік институт ретінде қалыптасты. Парламентсіз
елімізде шынайы демократия, құқықтық мемлекет орнату мүмкін еместігіне
бүкіл қоғамымыздың көзі жетті;
Екіншісі, конституция талаптарын сақтай отырып, өзінің сан-салалы заң
шығарушылық қызметі арқылы Парламент заңдардың күрделі құрылымын
(архитектоника) анықтап, бүкіл мемлекеттік құрылысты заңнамалық
нығайтудың әлеуетті кепіліне айналды. Қазақстан Парламенті өткен жылдары
Конституция негізінде және оның қағидаттары мен талаптарын қоғамдық
қатынастардың түрлі салаларында жүзеге асыру және реттеу мақсатында 2
мыңнан астам заң қабылдап, еліміздің саяси экономикалық және әлеуметтік
рухани жаңаруын заңнамалық тұрғыдан кешенді де түбегейлі орнауын
қамтамасыз етті. Казіргі заманғы Парламент заң шығарушылық қызметінен тыс
қалған, мүдделері еске алынбаған бірде-бір маңызды қоғамдық сала немесе
әлеуметтік топтар жоқ деп айтуға толық негіз бар;