тербелісіне жасаған тәжірибелері де аз қызығушылық тудырмайды.
Салмақтары әртүрлі, бірақ ұзындығы бірдей маятниктер ұзақтығы
бірдей тербелісті қозғалыс жасайды екен. Маятниктің тербелісі дененің
шеңбер доғасы бойынша құлауы емей, немене? Ал егер осылай болса,
онда әртүрлі салмақтағы денелер құлаған кезде бірдей жылдамдықта
болмай ма? Егер ортаның кедергісінен ауытқыса, барлық денелер еркін
құлаған кезде, бірдей жылдамдықпен қозғалады. кейбір кемшіліктері
болғанмен, Галилей денелерді көлбеу жазықтықта сырғанату
тәжірибелерінде соған ұқсас нәтижелерге қол жеткізді. Жағдайды рет-
ке келтіріп түзету мақсатында математика ғылымының жетістіктерін
пайдалана отырып, Галилей ойша тәжірибе жасауға жүгінеді. Галилей
111
«бос, шексіз евклидтік кеңістікте қозғалатын геометриялық денелерді»
ұсынды. XX ғасырдың ұлы физигі В.Гейзенберг бұл қозғалысты
түсінудегі өте қиын кезең, нағыз революция болғанын айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |