ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет242/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   382
Эд
-
мунд гуссерльдің
(1859-1938) тұжырымдамасына байланысты. 
Оған дейін адамдар феноменологияны қызығушылық тудырып 
отырған құбылыстың кез келген түсіндірілуінің алдында болуға тиіс 
сипаттамалық зерттеу деп ұғынған.
Гуссерль өте қарапайым адам болатын. Өмірінің соңына дейін өзін 
жаңадан бастаушы деп санады және одан артықтан үміттенбеді, үнемі 


267
өзінің ой-пікірлеріне күмәнданып жүретін. Сол себепті бар өмірін 
ізденіспен өткізді, бұл замандастарының оны «бітпейтін міндеттердің» 
философы деп атауына негіз болды. Ол қайтыс болған кезде билікке 
нацистер келіп, Гуссерльдің бар мұрасын өртеуге бұйрық берді. Алай-
да достары оның мұрағатын құтқарып қалды (шамамен 45000 бет).
М.Хайдеггер «Болмыс және уақыт» атты шығармасында: «Фено-
менология» термині бәрінен бұрын – әдіс тұжырымдамасы дегенді 
білдіреді... Оны: «Артқа, заттарға қарай!» – деп тұжыру оңай. Оған 
қоса, бұл ауада ілініп тұрған құрылымдар мен кездейсоқ табылған 
нәрселерге, ұрпақтан-ұрпаққа шынайы мәселелер ретінде беріліп кел-
ген үстірт қойылған мәселелерге қарсы қойылады», – деп жазды.
Гуссерль алғаш рет 
феноменологияны
өзіне тән феноменологиялық 
(құбылыстық) әдісі бар, 
ғылымның іргетасы
болып табылатын жаңа 
философия ретінде қарады. Оның мақсаты – 
ғылым жайындағы ғылым 
құру және бүкіл танымның, оның ішінде ғылыми танымның да негізі 
болатын өмірлік әлемді, күнделікті өмір әлемін ашу болды.
Алдындағылардың таным теориясын сынай отырып, Э.Гуссерль: 
ғылым
(gronis) және 
пікір
(doxa) деген екі ұғымды бір-біріне қарсы 
қояды. Еуропалық мәдениеттің тоқырауын ол осы екі ұғымның бір-
бірінен ажыратылмауынан көреді. Пікір – ол көмескі, айқын емес, 
көбінесе нақты бір тұлғаның мүдделерімен шектелетін білім. Пікірге 
қарсы ол бастапқыда гректің «мүдделі емес пайыммен қарау» деген 
мағына беретін «теория» сөзін пайдаланды. Ойшылдың көзқарасы 
бойынша, теорияға негізделген философия ғана әлемнің сан-салалы, 
жан-жақты көкжиектеріне жетуге мүмкіндік береді.
Э.Гуссерль алдына: сананы тазарту, оның (сананың) адамның та-
рихи тәжірибесіне байланысы жоқ бастапқы құрылымдарына жету 
мақсатын қойды. Оның феномендері – ол өз-өзінен айқын, тікелей 
санаға берілген құбылыстар. Феноменология өзіндік айқындығы 
тікелей түйсікке берілген ерекше мәндерді зерттейді. Санадағы фено-
мендер (құбылыстар) адамға тіл арқылы берілген. Оған адамның жан 
дүниесінде пайда болып жататын әртүрлі күйзелістер де жатқызылады.
Таза сананың өзгеше ерекшелігі – оның 
бағыттылығы
(лат. 
intention – бағыт, бағыттылық). Әр сәтте, әр секундта сана бір нәрсеге 
бағытталады: «жалпы», «ештеңе туралы емес» дейтін сана болмайды. 
Қабылдау, есте сақтау, елестету, қалау, ойлау формалары – осылардың 
бәрінде де заттық мазмұн, мағына бар. Бағыттылық сананы әртүрлі 
мағыналармен, мәндермен толықтырады. Өз іс-әрекеттерінде адам кей-
де қоршаған заттарға мағына бергенін байқамайды. Кейін оларды са-


268
надан тыс өмір сүретін және объективтік түрде танылатын қасиеттері 
бар құбылыстар деп қарайды. Ал іс жүзінде біз санаға тәуелсіз өмір 
сүретіндердің барлығын жақшаның сыртына шығаруға тиіспіз, өйткені 
объект пен субъект бір-бірімен ажырамаған күйде санамызға еніп жа-
тады. Сана арқылы адам заттарды қабылдайды, оларға мағына береді 
және олармен өзара қарым-қатынасқа түседі. Бұл жерде, бір жағынан, 
танымға бағытталған іс-әрекет – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет