ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


мақсатын қою; ә) зерттеу  әдістерін



Pdf көрінісі
бет284/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   382
мақсатын
қою;
ә) зерттеу 
әдістерін
мұқият 
таңдау
және зерттеу 
жоспарларын
мейлінше 
нақтылау
;
б) бақылауларды алдын ала әзірленген 
жүйелі формада
өткізу;
в) алынған 
нәтижелердің дұрыстығын
тұрақты түрде тексеріп 
отыру және қайтадан тексеру;
г) бақылау барысында алынған мағлұматтарды 
өңдеу, жүйелеу
және терең айқындау және оларды 
ғылыми фактілерге
айналдыру.
Бақылау барысында жасалған қорытындылар, тұжырымдар 
зерттелетін заттар мен құбылыстардағы әртүрлі қасиеттерді, байла-
ныстарды білдіреді, олардың әлдебір мазмұнын анықтайды. Бақылау 
барысында алынған нәтижелерді қайта-қайта растауға болады. Сол 
себепті әртүрлі ғылыми қауымдастықтарда зерттеу нәтижелері басы-
лымда жарияланған соң, олардың шынайылығын, әлбетте, берілген 
шарттар мен өлшеу стандарттары бойынша тексеру мүмкіндігі пайда 
болады.
Ғылыми бақылауда салыстыру, өлшеу және сынақтан өткізу 
шешуші рөл атқарады. Заттардың ғылыми бақылау нәтижесінде 
ашылған әртүрлі қасиеттері содан кейін сана арқылы өткізіліп, 
қорытындыланады, ал бұл біздің қоршаған әлем туралы білімімізді 
тереңдетуге жеткізеді.
2. Салыстыру.
Салыстыру
– ол ғылыми бақылаудың негізгі 
құралдарының бірі. Көлемдері бойынша бір-біріне ұқсас екі затты көз 
алдымызға елестетіп көрейік. Олардың қайсысы үлкен екенін анықтау 
үшін, біз оларды салыстырамыз. Біз «А» және «Б» деген екі затты 
салыстырғанда, формальды логика тұрғысынан алғанда, екі баламаны 
көреміз: «А» мен «Б» өзара тең немесе «А» мен «Б» өзара тең емес.
Нақты өмірде заттар мен құбылыстар бір-бірлерімен әртүрлі 
қатынастарда және байланыстарда болады. Мысалы, екі зат көлемі 
жағынан бірдей, бірақ салмақтары бойынша әртүрлі болуы мүмкін. 
Сондықтан біз заттарды салыстырғанда, ғылыми бақылауда олардың 
қандай қырлары, қасиеттері өзара тең болатынына қатысты 
мәселені 
нақтылап алуымыз
керек. Олай болмаса, біздің бақылауларымыз 
мазмұнсыз, дерексіз
шығады. Егер екі затты біз салмақтары бойын-


321
ша салыстырсақ, онда олардың басқа: түстері, жұмсақтығы немесе 
қаттылығы, көлемі және т.б. қасиеттерін есепке алмауға мәжбүрміз.
3. Өлшеу. 
Өлшеу
, негізінен, заттар мен үдерістердің белгілерін 
сан жағынан анықтау кезінде керек. Адамзат өзінің ұзақ тарихын-
да ол үшін өлшеудің көптеген әртүрлі өлшемдерін ойлап тапты. Зат-
тарды зерттеуде сол өлшемдерді қолдана отырып, біз олардың санға 
қатысты белгілерін анықтаймыз. Галилей мен Ньютоннан бастап, 
тәжірибеге негізделген жаратылыстану әртүрлі өлшеу амалдарын кең 
қолдана бастады. Бүгінгі ғылымды да, өндірісті де түрлі-түрлі өлшеу 
құралдарынсыз көзге елестету қиын.
4. Сынақ.
Сынақ
деген не және тәжірибелік танымда оның маңызы 
қандай дегенді жоғарыда айттық. Ал қазір нақтылауды іске асыру 
қажет. Негізінен, сынақтардың екі: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет