ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет293/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   382
13. Идеализация 
(мақсат-мұратқа сай ету). 
Идеализация
теориялық 
танымның маңызды әдістерінің біріне жатады. Идеализацияның 
табиғаты және идеалды нысандар туралы біз алдында айтқанбыз. 
Дегенмен табиғатта мақсат-мұратқа сай, яғни мүлтіксіз нысандар 
болмайтынын, олардың бар-жоғы теориялық ойлаудың нәтижелері 
екенін еске түсірейік. Онда олар ғылымға не үшін керек? Олар біздің 
іс жүзіндегі қызметімізді қателіктер жібермеу мақсатында мұратты 
мән-мағыналармен өне бойы салыстырып отыру үшін, соларға барын-
ша жақындай түсу және дұрыс нәтижелерге (биік құрылыстар салуда, 
өзгеше дәл техника мен ғылыми аспаптар жасауда) жету және т.б. үшін 
қажет.
14. Формализация.
Формализация
деп 
дәл түсініктер
мен 
ұстанымдардағы
ойлау нәтижелерін бейнелеу түсініледі. Матема-
тикада және формальды логикада – ол білімдерді барлық ықтимал, 
мүмкін нышандар мен белгілерде бекіту. Формализация бір немесе 
басқа теорияның негізгі постулаттары арасындағы дедуктивтік өзара 
байланыстарды анықтаудан басталады. Оның аса тиімді құралы 
тұжырымдық
әдіс болып табылады. Тұжырымдар – түйсіктік 


331
айқындығына байланысты дәлелдеусіз сенімге алынған бір неме-
се басқа ұйғарымдар, яғни растау. Теорияның барлық ұйғарымдары 
қисынды жолмен бір-біріне тәуелді емес тұжырымдардың азғантай са-
нынан шығарылады.
Формализация 
толық
және 
толық емес 
деп бөлінеді. Толық 
формализация кезінде теорияның барлық құрылымдық бөлшектері 
тұжырымдық – дедуктивтік талдауға жатқызылады. Толық емес 
формализацияда теорияның тілі мен логикасы тек ішінара талдауға
жатады.
Ғылыми түсініктерді нақтылай отырып, формализация ғылымның 
санаттық жиынтығына сай болатын ғылыми тілдердің құрылуына 
жеткізеді. Бұл өте маңызды, өйткені кейде ғалымдар арасындағы 
жете түсінбеушіліктер кейбір ұғымдардың айқын еместігі, екіжақты 
мағыналылығы себепті туып жатады.
Алайда бұл жерде формализацияның өз шектері болатынын атап 
өткен жөн. Позитивистер құсап, ғылым философиясының барлық 
мәселелерін ғылым тілін талдауға жатқыза салуға болмайды. Аса та-
нымал математиктер – Черч, Гедель, Тарский және басқаларының 
еңбектері математиканы таза формальды түрде негіздеудің мүмкін 
еместігін көрсетті. Сондықтан формализация ғылым тіліне мазмұнды 
талдау жасау арқылы толығуға тиіс.
Ал енді кейде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет