ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


ашық болуға, өне бойы қоршаған әлеммен заттар,  энергия және ақпараттар алмасуы арқылы байланыста болуға тиіс; ә) жүйе  әртүрлі



Pdf көрінісі
бет298/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   382
ашық
болуға, өне бойы қоршаған әлеммен заттар, 
энергия және ақпараттар алмасуы арқылы байланыста болуға тиіс;
ә) жүйе 
әртүрлі
болуға тиіс, яғни онда термодинамикалық тепе-
теңдік болмауы керек, әйтпесе ол ыдырайды. Теориялық физикада 
қаралатын жабық жүйелер дәріптеу болып табылады, шынайы әлемде 
іс жүзінде барлық жүйелер – ашық.
Синергетика ашық, тең салмақты емес, ашық жүйелерде өне бойы 
ары қарай реттелу және күрделену үдерістері болып жататынына 
сендіреді. Басында оқиғалардың орын алуы барысын болжауға бо-
лады. Бірақ уақыт өте келе, жүйе өзінің 
орнықсыз жай-күйіне, би
-
фуркация
деп аталатын, яғни оның ары қарайғы дамуының векторы 
айқындалатын нүктесіне жетеді. Ал ол векторды 
«Ұлы мәртебелі 
кездейсоқтық» 
айқындайды. Есепсіз мүмкіндіктердің ішінен 
кейіннен жүйенің бейнесін қалыптастыратыны жеңіп шығады. Жүйе 
күрделенуінің жаңа айналымы басталады.
Алайда жүйені қалыптастырудың деңгейін көтеру үшін, қоршаған 
ортадан мүмкіндігінше көп энергия мен ақпарат алу қажет, яғни 
соңғыны берекетсіздендіруді іске асыру керек.
Бір немесе басқа ұйымдасқан жүйе үнемі әлдебір сыртқы 
күштердің бүлдіргіш әсерін сезеді және сол себепті өз-өзін сақтау 
үшін, қарсы әрекет көрсетеді. Бірақ кез келген жүйе шектеулі, ал оны-
мен салыстырғанда, Әлем – орасан үлкен. Өзінің қарсы әрекет ету 


335
әлеуетін сарп етіп болғанда, ол сөзсіз ыдырайды. Бірақ бейберекеттік 
шектерінде тәртіпке, күрделенуге және жетілуге ұмтылатын жаңа 
құрылымдар пайда болады...
Сөйтіп, синергетика тек жанды табиғаттың дамуын ғана мойын-
дап қоймайды, сонымен бірге ол осының бәрі жансыз табиғатқа да, 
қоғамға да, рухани өмірге де тән деп санайды. Бұл үдерісте «кездейсоқ 
жағдайдың» маңызы орасан және сондықтан ешкім ешқашанда Әлем-
нің болашақтағы дамуын болжай алмайды. Әлем ешқашан өзінің 
мүлтіксіз жетілуіне жетпейді, сол себепті, бір жағынан, тәртіп пен 
күрделенуге ұмтылу, екінші жағынан, ыдырау мен күйреу болып жа-
тады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет