ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет323/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   382
гелиоцентрлік
бейнесін негіздеді. 
Әлбетте, оның көзқарасы Аристотельдің де, бүкіл ортағасырлық 
философияның да пікіріне қайшы келді. «Ғаламның ортасы жоқ, ол 
сансыз мүмкіндіктермен толтырылған», – деп мәлімдеді Н.Кузанский.
Қайта өрлеу дәуірінің тамаша ойшылы Дж.Бруно Н.Коперниктің 
идеяларын ары қарай дамытты. Ол ортасы жоқ шексіз Ғалам идеясын 
алға тартты, оны Құдай мен Ғаламның ұқсастығымен негіздеді. Бар 
Ғаламға адамдар қоныстанған, ол өмірге толған, ал біздің Күніміз – 
Ғаламның сансыз жұлдыздарының бірі ғана. Қазіргі заман адамына 
жақын осындай идеяларды Дж.Бруно жария етті. Ол адамзат тарихын-
да өз идеялары үшін жанын қиған азғантайлардың бірі болды.
Қайта өрлеудің шынайы алыбы өз 
perspicilium
– телескопы арқы-
лы тауларды, Айдағы шұңқырларды, Юпитер серіктерін, Сатурн 
шеңберін көрген, тіпті Күн бетіндегі дақтарды тапқан Галилео Галилей 
болды. Құс жолы іс жүзінде жұлдыздардың шоғыры болып шықты. 
Бұл жаңалықтар оның замандастарына «Үлкен жарылыс теориясының» 
біздің заманымыздағыдай үлкен әсері болды. Білімдердің бұл тұтас 
қорын Жаңа дәуірге Қайта өрлеу дәуірі берді.
Ғылымның міндеті Табиғат заңдарын ашу ғана емес, – соны-
мен қатар болып жатқан құбылыстардың 
себептерін
анықтау. Жаңа 
дәуірде Р.Декарт осылай деп санады. Әлем – Құдайдың жаратушылық 
құдіретінің көмегімен жасалған өзгеше күрделі машина (machine 
mundi). Өмірдің өзі ойшылдарды осындай идеяларды тудыруға 
итермеледі. Капитализм адамдарды басыбайлылықтан құтқарып, 
қоғамның өндіргіш күштерінің дамуына жол ашты. Ал ол үшін, қоғам 
мүдделерінде пайдалану мақсатында табиғат құбылыстарын зерттеу, 
олардың заңдарын ашу қажет болды. Механикалық заңдарды пай-
даланатын әртүрлі машиналар мен құрал-жабдықтар пайда болды, 
олар, өз кезегінде, механиканың қуатты дамуына жеткізді. Материя 


365
қозғалысының механикалық формаларын математикалық жолмен си-
паттау мүмкіндіктері ашылды. Сондықтан да Р.Декарт физиканың кез 
келген саласының негізінде математика жатуға тиіс екенін жариялады.
Р.Декарт әлемнің негізінде бір-біріне тәуелсіз екі бастаманың: 
бір жағынан, кеңістікте созылған материалдық денелер (res extansa), 
екінші жағынан, кеңістікте орны жоқ ойлау (res cogitans) жатқанын 
мойындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет