ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет336/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   332   333   334   335   336   337   338   339   ...   382
алюминий
-
ден
(8,8%), 
темірден
(4,6%), 
кальцийден
(3,6%), 
натрийден
(2,6%), 
ка
-
лийден
(2,5%) және 
магнийден
(2,1%) тұрады. Алайда жер бетінде кең 
тараған осы химиялық элементтердің өмірде пайдаланылуы деңгейіне 
қарай олардың айтарлықтай айырмашылықтары бар. Темірге қарағанда, 
алюминий қоры екі есе көп, бірақ өмірде пайдаланылуының деңгейі 
мен кеңдігіне қарай, олар салыстыруға келмейді. Жердің үстіңгі қабаты 
97,6% кремнийден тұрады. Біз одан үй саламыз, әртүрлі ыдыс-аяқтар 
және т.б. жасаймыз. Адамзат өзінің материалдық қажеттіліктері үшін, 
негізінде, әртүрлі металдар мен керамиканы көбірек пайдаланады. Жыл 
сайын адамзат 600 млн. тоннаға жуық металл қорытса, осы көлемде 
кірпіш пен керамика өндіріледі. Керамикамен салыстырғанда, металл 
өндіру жүз еседен артық қымбат. Сол себепті металдармен бәсекелесе 


378
алатын 
өзгеше берік керамика өндіру 
өзекті мәселе болып санала-
ды. Бұл жерде белгілі бір жетістіктерге қол жеткізілді. Жапондықтар 
тұтастай және толығымен керамикадан тұратын қозғалтқыш ойлап 
тапты, бірақ оны жаппай шығарудың ауылы әлі алыс.
Мұнай-газ саласының өркендеуі көптеген 
жасанды материал
-
дар
әзірлеуге және енгізуге жеткізді. Бүгінгі таңда жыл сайын 
500
-ге 
жуық жаңа жасанды материалдар түзіледі. Адамзат ол материалдардан 
үлкен пайда көріп отыр, дегенмен олардың кейбірінің қоршаған ортаға 
тигізетін 
экологиялық теріс зардаптарын
да сезінетінімізді есептен 
шығарып тастауға болмайды.
Құрылымдық химияның
негізгі мәселесі 
алдын ала белгіленген 
қасиеттері бар материалдарды өндіру болып табылады. Ғажап торлардан 
тұратын кристалдар түзілімі, өзгеше берік, отқа төзімді, су өткізбейтін 
материалдар өндірісі – қазіргі заманғы химияның кейінге қалдыруға 
болмайтын өзекті мәселелерінің бірі. Алайда бұл – өте қиын міндет. 
Ол үшін кез келген сыртқы әсерден, оның ішінде кристалдар өндіру 
барысында орын алуы мүмкін жердің әлемдік тартылысынан азат 
болу керек, сондықтан ғалымдар ол тәжірибелерді ғарыш кемелерінде 
жүргізетін болды. Философиялық көзқарас тұрғысынан алғанда, 
әрбір зат басқалармен есепсіз көп жіппен байланысатындықтан, әбден 
мүлтіксіз жетілген құрылымдар түзуге жету, сірә, мүмкін болмас.
Алдын ала белгіленген кемшіліктері бар, электротехника немесе 
оптика үшін аса қажет материалдар алуға келсек, ондай қиын мәселені 
химиктер шешіп жатыр.
Егер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   332   333   334   335   336   337   338   339   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет