ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


дін бұл өмірде адамның қалай өмір сүруі  керек дегенге қатысты белгілі бір  білімдерден



Pdf көрінісі
бет5/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   382
дін
бұл өмірде адамның қалай өмір сүруі 
керек дегенге қатысты белгілі бір 
білімдерден
тұрады. Ғасырлар бойы 
адамдар өздерінің өмірлік бағдарламаларын іргелі діни ұстанымдардан 
тапқан жоқ па еді? Ал бүгінгі таңда, біздің «білім мен ғылым жоғары 
дамыған ғасырымызға» қарамастан, жүз миллиондаған адам өзінің 
болмыс-тіршілігінің мағынасын түсіну үшін дінге жүгініп жатқаны 
рас емес пе? Алайда діни білімдердің ғылыми білімдер еместігі де ай-
дай анық.
өнерде
де сөздің кең мағынасында 
өмір көрініс
тауып отыр. 
Көпшілік жағдайларда жазушылар мен ақындар, басқа да өнер 
қайраткерлері қоғам өмірінің бір қарағанда әлеумет үстінен көрінбейтін 
терең түбінде жатқан құбылыстарын көргендей болады және көркемдік 
құралдар арқылы оларды халыққа жеткізіп отырады. Мысалы, өткен 
ғасырдың 60 жылдарында жазушылар өз шығармаларында қоғамның 
болашақтағы тоқырауы туралы болжам айтқан-ды, ал ол кезде 
қоғамтанушылар Кремльден шығып жататын «тапсырыс санаттары»
1
арқылы социализмді мадақтаумен болды.
1
Осы жерде және ары қарай: категория – санат – болмыстың жалпы белгісі туралы ғылыми 
ұғым. – Аудармашы.


8
Сөйтіп, бізді білімдерге жетелеп әкелетін «соқпақтардың» алу-
ан түрлілігі туралы қорытынды жасауға болады. Енді сұрап көрейік: 
білімнің барлық осы формалары арасында ғылымның алатын орны 
қандай? Айқын болғандай, ғылым – әртүрлі білімдердің бірі ғана. Ал 
сонда оның айырмашылығы неде?
ғылымның ең жоғарғы мақсаты – шындыққа жету
, яғни зерттеу 
барысында біреулерге ұнайтынына немесе ұнамайтынына қарамастан, 
білімдер 
зерттеліп жатқан нысанның табиғатына барынша сай 
болуға тиіс
. Екіншіден, ғылым зерттелетін нысандардың терең бай-
ланыстары мен қатынастары көрінетін, ал олардың жиынтығы іштей 
қарама-қайшы болмайтын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет