ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


алғашқы мән – материя емес. Сондықтан  ойшыл оны  «белсенді ақыл-парасат»



Pdf көрінісі
бет76/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   382
Байланысты:
Философия

алғашқы мән
– материя емес. Сондықтан 
ойшыл оны 
«белсенді ақыл-парасат»
деп атайды. Өзінің қай жағынан 
1
Арабтілді перепатетизм – Аристотель мен неоплатонизм ілімдеріне негізделген 
ортағасырлық араб-ислам философиясы ағымдарының бірі.


87
да мүлтіксіздігі себепті Алғашқы мән өз-өзіне сыймай, кемерінен 
асып төгіледі, соның нәтижесінде басқа дүниелер пайда болады. Басқа 
дүниелерді тудыра отырып, Алғашқы мәннің өзі жоғалып кетпейді, Ол 
мәңгі өмір сүреді. 
Егер ол жоғалып кеткен болса, онда Ол жоғарғы билігін жоғалтар 
еді де, Өзінің ар жағында одан да мүлтіксіздірек, жетілген әлдене бар 
екенін көрсетер еді. 
Алғашқы мәннің эманациясы барысында алдымен материалдық 
емес аспан әлемдері, содан кейін барып Сатурн, Юпитер әлемі пай-
да болады. Бұл жерде біз ойшылдың 
схоластикалық ойларының 
үлгілерін 
көреміз. Ақыр соңында, бұл эманация біздің Ай астындағы 
әлеміміздің құрылуымен аяқталады. Оның айырмашылығы – бұл 
көптік әлемі. Оның негізінде жер, су, ауа мен от жатыр. Ал өмірге кел-
сек, Әл-Фараби оны: өсімдіктер, жан-жануарлар және ақылды жан-
жануарлар, яғни адамдар деп бөледі.
ақыл-парасат туралы ілім.
Алғашқы мән – белсенді ақыл-парасат 
өзі тудырған болмысқа төрт парасат қосады:
әлеует парасаты
– бұл адам жанының заттардың табиғатын, 
олардың пішім-бітімін тану мүмкіндігі.
маңызды (өзекті) парасат 
– бұл заттардың табиғатын тану және 
олардың пішіндерінің өздерінің материалдық негіздерінен оқшаулану 
мүмкіндігі. Таным барысында адамның дерексіз, жалпылама ойлау 
белсенділігі арқылы заттардың пішіндері ойлау қызметінің нысанына 
айнала отырып, дербес болмысқа ие болады.
игерілген парасат
– бұл қоршаған дүниені танып білу барысында 
адам баласының өз жанында жинақтаған білімдерінің жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет