ІІІ. Ой толғау.
Мұғалім: Қалай айналадағы адамдардың пікірлеріне тәуелді болмай, арқамыздағы сыбырларға назар аудармауға болады?
Ол үшін бір қарапайым ғана нәрсені есте сақтау керек: БІЗ БАРЛЫҒЫМЫЗ ӘРТҮРЛІМІЗ.
Өздерінің пессимизмін және теріс көңіл күйін Сіздерге аударғысы келген адамдарды тыңдамау керек...
Сөз құдіреті туралы ұмытпаңдар.
Естігенің немесе оқығаныңның барлығы сенің мінез-құлқыңа әсер етеді!
ӘРДАЙЫМ көңіл күйің ОҢ БОЛСЫН!
СЕНІҢ армандарың орындалмайды деген сөздерге ҚҰЛАҚ АСПА!
Әрдайым «Бұл менің қолымнан келеді» деген сөз санаңызда жүрсін.
Өздеріңде оң көзқарастарды дамытыңыздар.
оң көзқарастар – бұл өмірге, адамдарға және өздеріңе деген оң қарым-қатынас.
2.Өздеріңді шектейтін «Менің қолымнан келмейді, мен істей алмаймын!» деген сөздер алға басуды тежейді. Өздерің туралы тек жақсы, шабыттандыратын пікірлер айтып жүріңдер.
3.Тиімді, эффектілі өмір сүруге дағдыланыңдар.
Өмірлеріңді және өз істеріңді тәртіпке келдіріңдер. Мақсат қойып, жоспар құрыңдар. Ондағы барлық істерің сәтті болатынына сенімді болыңдар. Енді іс-әрекеттерге көшіңдер.
4. Өздеріңнің бой тұлғаларыңа көңіл бөліңдер. Өзіне сенімді адам денесін тік ұстайды, еңсесін түсірмейді.
Иықты түсіріп, көздеріне мұң толтыраған, түйілген қас өмірлеріңді қйындықтармен қорқыныш-үрейлерге толтырады. Тұлғасын тік ұстаған адамның күш-қуаты молайып, өірге деген оң көзқарастары дамиды.
Рефлексия: оқушыларға түрлі түсті стикерлер таратылады
Мақсаты: оқушылар осы тақырыпқа байланысты алған білімдерінің нәтижесінде стикерлерге өздеріне күнделікті өмірлеріне ұстанымдарын, тілектерін жазады.
Ұсыныс: осы стикерлерді өздерімен үйге әкетіп, іліп қою.
Қорытынды.
Өз-өздеріне сенімділігі қалыптасқан адамдардың ісі оңға басатынына кепілдік беруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |