Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының



бет115/122
Дата07.01.2022
өлшемі0,53 Mb.
#17125
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   122
14-Дәріс. Мақсаты: Өнеркәсіптерде немесе кәсіпорындарда шудан қорғану жолдармен студенттерді толығымен таныстыру.
Шудан қорғау

Шу мен дірілдің организмге зияндылығы

Өндірісте қолданылатын көптеген машиналар, механизмдер, құралдар кей жағдайларда біркелкі теңестіріліп құрылған агрегаттар болып келе бермейді. Сондықтан олардың жұмыс істеу барысында әдетте шу мен дірілдер пайда болады.

Шу мен діріл зияндылық болып есептеледі, организмге ұзақ уқыт бойы әсерін тигізетін болса денеде әр-түрлі аурулар туғызуы мүмкін.

Шу адамның еңбекке қабылетіліғін азайтады, тез шаршаушылық пайда болады. Қатты ту (шуыл) бас ауыруы, қорңыныш сезім, ұйқы қашу, ашушаңдық, тұрақсыз эмоциялық күй тағы басқа жағымсыз жағдайлар туғызады. Шу адамның сергектігін, психиялың реакциясын, жұмыс кезінде қателіктерді көбейтеді бұның бәрі сәтсіз оқиғалар туғызуы мүмкін.

Қатты шудың салдарынан құлақтың есту қабілеті кемиді біртіндеп саңыраулық пайда болуы мүмкін.

Шудың әсерінен адам организмінде бірнеше функцияналдық өзгерістер болады: нерв жүйесінде, жүрек тамыр жүйесінде, тыныс алу және ас қорыту органдарында, заттар алмасу процесінде т.б.

Шулы жұмыстарды істейтін адамдардың арасында гастритпен язва аурулары көп кездеседі. Сонымен шу адам организміне паталогиялық өзгерістер туғызып, кәсіби аурулар пайда болады, бұл ауруларды «шуыл» аурулары деп атайды.

Дірілдердің салдарынан қажығанды бас айналып ауыруы, нерв қозуы, жүрек тамыт жүйесінде өзгерістер, қан тамырларының қысылып буындардың ауыруы, қол мен аяқтың жаны кетуі, ұйқы қашуы, бұлшық еттердің зақымдануы, сүйектердің сырқырауы, ішкі мүшелердің орны қозғалуы т.б. паталогиялық өзгерістер туады. Бұл ауруларды тербеліс аурулары деп атайды. Олар тез жазылмайтын, созылмалы аурулардың қатарына жатады, ауыр түрінде адамның мүгедектігін туғызуы мүмкін.

Сонымен өндіріс шуы мен дірілдерге қарсы күрес кәсіпорындарында санитарлы-гигиеналық жағдайларды жақсарту проблемасының маңызды мәселелерінің бірі.

 

Шу мен дірілдің сипаттамасы



 

Дыбыс деп серіппімді ортада (ауада) таралып, адамның есту мүшесі арқылы ( құлақпен) қабылданатын толқынды тербелгіш қозғалысты айтады. Ультрадыбыс тербелісті адам естімейді.

Шу дегеніміз әртүрлі жиілігі мен қарқыны бар бірнеше дыбыстардың қосындысы болады.

Дыбыс тербелісінің жиілігі—деп 1-секундта болатын тербеліс деп айтады (Гц). Жиілігі жағынан тербеліс үш диапазонға бөлінеді: 20 Гц дейін - инфрадыбыс, 20 дан 20000 Гц дейін - естілетін дыбыс, 20000 Гц артык, ультрадыбыс дейді. Адамның есту мүшесі тербелісті дыбыс ретінде тек дыбыс диапазонында гана қабылдап остиді, ол одан кем немесе артық болса, ягни инфрадыбыс және ультрадыбыс тербелісті адам естімейді.

Серпінді ортамендыбыс толқындары таралғанда ортаның бөлшектері тербеліс қозғалыстар туғызып, энергия пайда болады, бул энергияны дыбыс энергиясы деп атайды. Дыбыстың таралу бағытына перпендикуляр жазықтың, бірлігі арқылы уақыт бірлігінде өтетін дыбыс энергинсынын мөлшерін дыбыс қарқыны  (күші) деп атайды (Н/с-м2).

Адам құлағы дыбыс тербелісіне 400 ден 3000 Гц дейін диапозонда өте сёзімтал болады.

Ауру сезім табалдырығы деп адамның құлағында алғашқы ауырғандық сезім туғызатын дыбыс қарқынының және қысымының ең үлкен мөлшерін айтады.

Адам организміне тигізетін әсерінің өзгешелігіне қарай діріл жергілікті және жалпы болып келеді. Жергілікті діріл дененің әр мүшелеріне әсер ететін болса, жалпы діріл барлық денеге әсерін тигізеді.

Адам организмі үшін жиілігі 6-9 Гц дірілдер өте қауіпті болады, өйткені адамның ішкі органдарының өзімдік дірілдеу жиілігі осыган тең. Сондыңтан осындай жиілігі бар дірілдер ішкі органдарда резонанс құбылысын туғызып, олардың орнынан козғалу қауіпі пайда болады.

Өндірісте адам организміне шу мен дірілдің зиянды әсерін тигізбеу үшін санитарлық нормаға сәйкес олардың шекті мөлшерлері белгіленген. Ол жөнінде бірнеше арнайы нормативтік документтер қабылданған.

 

Шудан қорғану шаралары



Шуды туу кездерінде азайту шаралары:

1. Шулы құралдарды шусыз құралдармен, металл бөлшектердібасқа түрлі бөлшектермен, тозған деталдарды жаңа деталдармен, тісті және шынжыр берілісті басқа түрімен айырбастау;

2. Машиналардың айналатын бөлшектерін дұрыс теңгеру (баланирлау);

3. Қажалатын бөлшектерді уакытында майлап отыру;

4. Механизм бөлшектерін жасауда дәлдік класын жоғарлату;

5. Белшектердін қосылыс жерлеріндесерпімді төсем заттарды.

 

Ұйымдастыру шаралары:



1. Шулы цехтарды басқа бөлмелерден аулақтау;

2. Шулы цехтардың айналасына ағаштар егу;

3. Шулы цехтарды баска үйлердің ык жағына-орналастыру;

4. Шулы агрегаттарды алыстан басқару;

5. Шулы процестерде жұмыскерлердің санын азайту;

6. Шулы жүмыстарға жас өспірімдерді, жүкті әйелдерді, ауру адамдарды жібермеу;

7. Жұмыскерлердің енбек және демалу режимін дұрыс ұйымдастыру;

8. Барылық жұмыскерлерге медициналық байкау жүргізіп ауру адамдарды емдеу.

 

Дірілден ңорғану шаралары



Дірілді туу кездерінде азайту шаралары:

1.  Машиналар мен механизмдердің конструкцияларында бөлшектері соқпалы, қайталама - үдемелі қозғалыстарын болғызбау;

2.  Резонанс құбылыстарын жою;

3.  Машиналар мен механизмдердің қозғалатын бөлшектерін ұқыпты жинап, дұрыс тенгеру;

4.  Бөлшектердің бірі мен бірінія; жалғасуы керегінше тығыз;

5.  Діріл сініру - бұл дірілдейтін заттардың бетін тұтқырлы материалдармен жабу аркылы төрбеліс энергиясын азайту принципіне әдістелген. Бүл жағдайда тербеліс энергиясы жылуға айналып, тербіліс амплитудасы кішірейеді;

6.  Дірілді өшіру - бұл кинематикалың жүйеде динамикалық басқаша тербеліс өшіретін әдістерді ңолдану аркылы орындалады;

7.  Дірілді онашалау (бөлектеу) - бұл қондырғыларды жекелей фундаментке қою, серпінді ілгіштерді, амортизаторларды, компрессор, резенке тағы басқа серпінді заттар, пайдалану арқылыорындалады.

 

Ұйымдастыру шаралары:



1. Діріл туғызатьш машиналар мен механизмдерді алыстан басқару;

2. Машиналар мен механиэмдерді дұрыс пайдалану;

3. Агрегаттарды уақытында жөндеп күтіп отыру;

4. Дірілмен кдтысы бар жүмыскерлердің еңбек ету, демалу, тамаңтану, емделу режимін дұрыс ұйымдастыру;

5. Діріл туғызатын механизмдермен жүмыс істеуге жас өспі дерді, жүкті әйелдерді, жүрек-тамыр сырқаты және басңа ауру бар адамдарды жібермеу;

6. Жұмыскерлерге әрдайын медициналық байқау жүргізу;



7. Жұмыскерлермен физиологиялық сақтандыру процедулар жүргізу (массаж, витаминдау, сәулемен емдеу т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет