Қазақстан Республикасыны Білім және ғылым министрлігі


ІІ бөлім. Қонақтарды орналастыру және қызмет көрсету



бет4/7
Дата31.12.2021
өлшемі390,83 Kb.
#21126
1   2   3   4   5   6   7
ІІ бөлім. Қонақтарды орналастыру және қызмет көрсету.

Күтіп алудың екі түрі бар:

1) Аэропорттан немесе вокзалдан күтіп алу (алыс жер)

2) Қонақ үй алдында немесе вестибюльде (қонақ үй холы) күтіп алу (жақын жер).

Алыс жерден келген қонақтарды қарсы алу келген қонақтарды қонақ үймен таныстыруға, қызмет көрсету программасын құруға, қонақ үйдегі қызмет көрсету туралы айтуға мүмкіндік береді. Мұндай кездесуде брондау қызметін келіседі. Жоғарғы класстағы қонақ үйде қонақтарды алдымен сәлемімен бірге Швейцар күтіп алады. Ірі емес қонақ үйлерде қонақтар ең алдымен оларды сәлеммен күтіп алатын администраторға яғни қабылдау және орналастыру бөліміне келеді. Егер клиент қонақ үйге бірінші рет келіп тұрмаса, онда мейлінше администратордың атымен атаған дұрыс. Бұл оң әсер қалдырады.

Көп қонақ үйлердің ережесі бойынша, администратор отырмай, мінбеде тұрады. Бұл қасиет оның қонақтарға деген құрметін білдіреді.

Тіркеуге келген клиенттердің екі түрін ажаратады. Біріншісі, қонақ үйде орынды ертерек брондағандар, екіншісі, брондамағандар. Қонақ үйде клиенттерді орналастыру жөніндегі брондау қонақ үйде автоматталған болса, онда ол аз уақытты қамтиды. Алдын – ала тапсырыс берген клиенттің брондау жөніндегі өтініші белгілі болады. Администратор өтініш нөмірін нақтылап, компьютерлік жүйеде модульдік және тіркеуден өткізеді.

Қонақтарды орналастыру қызметі клиент қонақ үй нөмірін брондаудан басталады. Брондау қызметі телефон және интернет арқылы жүзеге асады. Ол қонақ үйдің мүмкіндігіне байланысты жүзеге асады. Нөмірді брондауға арыз тастаған ұйымның міндетті түрде реквизиттері болуы керек, яғни ұйымның аты, мекен-жайы, телефоны, факс, банктегі шоттық нөмірі.

Кез-келген жағдайда арыз келесі жағдайларда болу керек:

- күн және нөмір категориясы;

- қонақ үйде тұру уақыты;

- келетін қонақтың фамилиясы;

- төлем формасы (қолма – қол емес шот, ұйымның атынан)

Операциялық процестің келесі бөлімі – жайғастыру – кездесулерден, тіркеулерден, кілтті беру және нөмірге дейін апарып салудан тұрады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет