Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі


Педагогика ғылымының дамуы және міңдеттері



бет11/66
Дата07.01.2022
өлшемі1,21 Mb.
#16877
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   66
2. Педагогика ғылымының дамуы және міңдеттері.

Тәрбие процесі туралы білімнің бірте-бірте жиналуы жаңа ғылымның педагогиканың пайда болуына ықпал етті. Философиялық білім жүйесінен XII ғ. басында алғаш рет бөлініп шықты және оның негізін қалаған чех педагогы Я.А. Коменский /1592-1670/ . Оның теориялық идеялары дүние жүзіне кең танымал да, әрі осы күнге дейін өз маңызын жойған жоқ. Коменскийдің әйгілі «Ұлы дидактика»- атты еңбегінде балаларды оқытудың негізгі теориялық мәселелерімен оларды ұйымдастырудың жолдары баяндаоды. Өз еңбектерінде Я.А. Коменский балалардың адамгершілік тәрбиесіне өте үлкен мән берді, ол «Аналар мектебі» атты кітабында отбасы тәрбиесіне байланысты өз көзқарастарын паш етті.

Коменский ізімен батыс еуропалық педагогика тарихында елеулі еңбегімен көрінген ғылым өкілдері келіп шықты. Олардың ішінде ас көрнекті Англияда Джон Локк/1632-1704/, Францияда Жан-жак Руссо /1712-1781/, Швейцарияда Иоганн Генрих Песталоцци /1746-1827/, Германияда Иоганн Гербарт /1776-1841/ және Адольф Дистерверг /1790-1866/ т.б. болды.

Педагогика ғылымын дамытуға үлкен үлес қосқан ірі ғалым педагог Н.К. Крупская. Н.К.Крупскаяның еңбектері 10 томдық педагогикалық шығармаларында жинақталған.

3. Әскери педагогика әртүрлі рангтағы әскери қызмет атқаратындарды әскерге шақыру жасындағылардан бастап әскери мамандықты игергендер мен офицерлер құрамының тәрбиелік іс-әрекеттерінің тәрбиелік заңдылықтарын зерттейді.

Еңбекпен түзету педагогикасы түрмеде отырған азаматтарды қайта тәрбиелеудің теориясы мен практикасын қарастырады. Мұнда жас ерекшелігі ескеріледі, оларда әсіресе балалар мен жасөспірімдер қылмысына қатысты кездесетін заң бұзу зерттеледі.

Сауықтыру педагогикасы психология мен педагогиканың өзара белсенді әрекеттері барысында салыстырмалы түрде кейінгі кезде ғана дами бастады. Бұл иғылымның пәні кәдімгі жалпы мектептегі оқу-тәрбие процесінен қол үзген ұзақ уақытқа емделетін ауру балаларға білім беру болады.

Педагогика тарихы – адамзат тарихындағы педагогикалық идеялар мен мектептердің қалыптасуын зерттейтін ғылым. Сондықтан оның азаматтық тарихпен, этнографиямен, этнологиямен, археологиямен байланыстары табиғи нәрсе, өйткені педагогикалық ой қоғамның материалдық және рухани мәдениетті саласының бірлігі бағытында дамиды.

Салыстырмалы педагогика әрбір елдердегі білім беру және тәрбие жүйелерінің дамуын, олардың жалпы және өзіндік ерекшеліктерін салыстыра, дамуын зерттейді. Ал бұл ұлттық педагогикалық мәдениетті дүние жүзінде қалыптасып келе жатқан жетістіктермен байытуға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет