Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі


Адамгершілік сананы қалыптастыру



бет39/66
Дата07.01.2022
өлшемі1,21 Mb.
#16877
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   66
Адамгершілік сананы қалыптастыру:

Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс-әрекетін анықтайды. Сананың қалыптасуы ұзақ та күрделі процесс, ол баланың мектепке бармастан бұрын, қоғам туралы алғашқы ұғымдарының қалыптасуына жақын адамдардың өзара қатынастарынан басталады. Мектепке келгеннен бастап балаларға қойылатын талап та өседі. Бірінші сыныптағылар басқалардың жағдайларымен санаса білулері керек екендігін үйренеді, сабақта, жұмыста бір-біріне кедергі болмаудың қажеттігін түсінеді.

Адамгершілік сенім, адамгершілік сананы, адамгершілік талаптарды білу, түсіну және соған сай қарым-қатынаста болуды қамтиды.

Сенім адамның білімінің негізінде туындайды. Ол өзінің сенімін қандай бір жағдай болмасын оны қорғауға және өзінің сенімінен таймауға, қарым-қатынас жасауға тырысады. Бұл үшін адамгершілік ереже, нормалар, мінез-құлық қасиеттері туралы арнайы ағарту жұмысы болу керек.

Адамгершілік ағарту жұмысы адам баласының ең парасатты қасиеттері, адам өмірінің адамгершілікке негізделген салт-санасы туралы кең, жан-жақты түсінік береді.

Адамгершілік тәрбие процесін ұйымдастыруда тәрбиенің екі жақтылық сипатын негізге алу керек: “Объективті жағы – ол жеке адамға қоғамның қоятын арнайы адамгершілік талаптары. Ал субъективтілігі: - ол жеке адамның қоғамға, еңбекке, адамдарға өзінің қоғамдық нормалары мен талаптарды меңгеруіне қарай - қарым-қатынас жасауы, мінез-құлық қасиеттерін көрсетуі жатады.

Тәрбиедегі негізгі мақсат – оны жоғарыда айтылған адамгершіліктің объективті нормасына айналдыру.

Бала тұтас педагогикалық процесс барысында қалыптасады. Баланың адамгершілік сенімі өмір тәрбиесі барысында бекиді.

Сенім әрбір іс-әрекетте, мінез-құлықта адамның бағыт-бағдарын, принциптілігін айқындайды. Алайда күнделікті тәжірибеде сенім мен мінез құлық, іс-әрекет арасында алшақтық кездесіп отырады. Оқушы моральдық талаптарды, ережелерді түсініп, оған сенгендігіне қарамастан мінез құлқында, адамдармен араласу барысында адамгершілікке жатпайтын теріс әрекеттер жасайтын жағдайлар кездеседі.

Сондықтан адамгершілік тәрбиесінде моральдық ереже нормалар туралы білім түсінік ұғымдардың негізіндегі адамгершілік сенімнің алатын орны ерекше.

Тәрбие жұмысында тек қана белгілі бір мінез-құлық ережелері жайлы түсіндіріп қоймай, балалар өз көзқарастарын тексеріп көре алатындай, практикада олардың дұрыстығына көз жеткізетіндей жағдай жасау керек.

Педагогикалық тұрғыдан дұрыс ойластырылған баланың күнделікті өмірі әдетте қалыптастырудың неғұрлым тиімді жолы болып табылады. Педагог тарапынан мақсатқа сәйкес ұйымдастырылған мектеп өміріндегі көптеген пайдалы әдеттер тәрбиеленушілердің өздеріне байқаусыз қалыптасады.

Балаларға адамгершілік дағдыларын қалыптастыру ұзақ уақытқа созылатын процесс болумен қатар, күрделі де, көп қырлы процесс. Ол оқушылардың сана-сезіміне ықпал етуді, оларда жақсы әдет пен мінез-құлықты, адамгершілік сезімі мен қасиеттерді қалыптастыруды және олардың еркі мен тілегін бағыттай білуді т.б. талап етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет