Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі


Пән бойынша білімді бағалаудың үлгі сызбасы



бет21/84
Дата13.11.2022
өлшемі0,9 Mb.
#49730
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   84
Байланысты:
umk kasipor n ekonomikas 2021-2022

Пән бойынша білімді бағалаудың үлгі сызбасы



Сабақ түрлері және білім алушылардың орындайтын жұмыстары

Бал саны min/max



1

Ағымдық бақылау:
Триместр барысында орындалған тапсырмалар (Зертханалық-тәжірибелік сабақтар, білім алушының өзіндік жұмысы).

0 / 100







Барлығы (орташа):

0 / 100

2

Қорытынды бақылау: Емтихан

0 / 100




Барлығы (орташа):

0 / 100



Емтиханда білім алушылардың білімін бағалаудың үлгі сызбасы




Емтихан бағасы

Балмен бағалау (әрбір орындалған тапсырма үшін)

1

Ағымдық бақылау



0 / 100

2

Қорытынды бақылау

0 / 100




Барлығы (Орташа):

0 / 100



Білім алушылардың білімін бағалау шкаласы

Әріп жүйесімен бағалау

Балдардың цифрлық баламасы

Балдардың проценттік мазмұны

Дәстүрлі жүйемен бағалау

А

4.0

95-100

өте жақсы

А-

3.67

90-94

В+

3.33

85-89

жақсы

В

3.0

80-84

В-

2.67

75-79

С+

2.33

70-74

С

2.0

65-69

Қанағаттанар-лық

С-

1.67

60-64

D+

1.33

55-59

D-

1.0

50-54



0,5

25-49

Қанағаттанар-лықсыз

F

0

0-24



2 Қысқаша дәрістер жинағы


Дәріс 1. Кәсіпорын – шаруашылық объектісі, экономикалық жүйенің негізгі буыны.
1.Кәсіпорынның түсінігі, басты міндеттері мен қызметтері
2.Меншік нысаны бойынша кәсіпорынның түрлері.
3.Кәсіпорынның ұйымдастыру–құқықтық нысандары (ірі, орташа, шағын, негізгі) және қосымша белгілері бойынша жіктелуі.

Кәсіпорын экономикасы пәнін түсіну үшін ең алдымен негізгі экономикалық проблемаларды шешудегі кәсіпорынның алатын орны мен рөліне тоқталайық.


Өндірістің, кәсіпорынның барлық жұмыс қызметін сипаттау және түсіндіру - «Кәсіпорын экономикасы» пәнін зерттеу болып табылады. Өндірістік қызметтің заңдылығын түсіну негізінде нақты өндірістік мақсатты іске асыруда шаруашылық әдістерді әзірлеуге мүмкіндік туады. Кәсіпорын экономикасының даму негізіне қоғамдық өндірістің дамуының объективті экономикалық заңдары жатады. Кез-келген ұйымдастырушылық деңгейде экономиканы басқару - бұл экономикалық заңдардың талабына сай өндірістің қызмет етуі
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын – шаруашылық жүргізудегі негізгі объективті буынға айналды. Мәселен, нарық сұранысын ескере отырып, кәсіпорын тек өнім өндіріп қана қоймай, сонымен қатар халықты жұмыспен қамту, жаңадан жұмыс орындарын ашу, еңбекақыны есептеу т.б. жұмыстарды іске асырады.
Кәсіпорын – заң тәртіптері бойынша тіркеуден өткен, мүлікті пайдаланудан, тауарларды сатудан, жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету арқылы пайда табуға жүйелі түрде бағытталған кәсіпкерлік қызмет субъектісі.
Шаруашылық етудің нарықтық жүйесі жағдайында кәсіпорын оның негізгі буыны болып табылады. Ол ұлттық шаруашылықтың іскерлік белсенділігін анықтайды, осында өнім жасап шығарылады және қызметкер мен капиталдың тікелей байланысы жүзеге асырылады. Кәсіпорында білікті мамандар, кадрлар жұмылдырылған, ресурстарды үнемді пайдалану және өтімділігі жоғары техника мен технологияны пайдалану мәселелері шешіледі. Сонымен қатар, кәсіпорын жұмыс орындарын қалыптастыра отыра, тұрғындардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етеді, салықтарды төлеу арқылы әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысады.
Кәсіпорын – сұранысқа қажетті өнім өндіру, жұмыстарды орындау және қызмет түрлерін көрсету үшін материалдық және ақпараттық ресурстарды пайдаланатын жан-жақты шаруашылық субъект. Ол өз қызметімен жеке дербес түрде айналысады, салықтар, басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған пайда мөлшерін өзі бөледі, яғни кәсіпорын жеке дербес тауар өндіруші болып табылады.
Өндірістік жүйе ретінде кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасы болады.
Сыртқы ортаға – экономикалық саясат, құқықтық жағдай, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және технологиялық жағдайлар жатады.
Ішкі ортаға – еңбек ресурстары, техника, технология, бәсекелестік, маркетинг және т.б, жатады.
Кәсіпорынның нарықтық экономикадағы негізгі мақсаты – бәсекеге қабілетті өнім шығару арқылы неғұрлым көп пайда табу немесе ең аз шығынмен ең жоғарғы пайда табу негізінде сұранысқа ие және бәсекеге қабілеті бар өнім шығару болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет