Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі



бет78/84
Дата13.11.2022
өлшемі0,9 Mb.
#49730
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   84
Байланысты:
umk kasipor n ekonomikas 2021-2022

Картель бір тектес кәсіпорындар, фирмалар, бірлестіктер тобының өндіру көлемі, сату нарықтағы, баға саясаты туралы келісімдер.
Кәсіпкерлік – Предпринимательство – заңды және жеке тұлғалардың пайда табуға бағытталған тәуекелділікпен және өздерінің мүлік жауапкершілігімен атқаратын ынталы дербес шаруашылық қызметтері.
Кәсіпорын акциялары – Акции предприятия – тек қана заңды құқығы бар мекемелер арасында таратылатын акциялардың бір түрі.
Коммандиттік қоғам – Коммандитное общество – екі және одан да көп қоғамның құқықты мүшелерінің және заңды құқығы бар мекемелердің біріккен өзара келісімі бойынша кәсіпкерлік қызмет атқаратын, түрлі мүлік жауапкершілігі бар екі топқа бөлінген шаруашылық қоғамның бір түрі.
Коммивояжер, сауда агенті, уәкілі – тұрақты жұмысы тауар өтімін қамтамасыз етуші адам.
Консалтинг – кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекмелердің экономикалық, оның ішінде сыртқы экономикалық қызметі жөнінде кең көлемді, жан-жақты ақыл кеңес беретін арнайы серіктестік фирма.
Консигнация – жазбаша дәлелдеме, құжат. Тауар иесінің консигнаторға өз қоймасынан тауар сатуға берген құқығы, тауарды комиссиондық негізде сатудың бір түрі.
Консорциум, бірлестік – заемды бірлесіп орналастыру, үлкен мақсатты бағдарламаларды, жобаларды іске асыру, қаржы-несие, коммерция операцияларын жүргізу, ірі өнеркәсіп жұмысын жүзеге асыру, өнім өндірісін ұлғайту үшін уақытша өз еркімен бірлескен бірнеше банк.
Көтерме, Топтама сауда - Оптовая торговля – қайта сату немесе кәсіби пайдалану мақсатымен тауарларды, қызмет көрсетуді тобымен, көп мөлшерде сатып алу және сату.
Қаржы нәтижелері - Финансовые результаты - кәсіпорынның, бірлестіктің, мекеменің және олардың бөлімшелерінің шаруашылық қызметтерінің ақша түрінде көрсетілген экономикалық қортындысы, нәтижесі.
Қарыз – Сcуда – қарыз шартына қатысушылардың бір жағының екінші жағына қарызды келісімді мерзімде қайтару, әдетте пайдаланғаны үшін өсімін төлеп қайтару.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет