Ќазаќстан Республикасыныњ бiлiм жєне ѓылым министрлiгi



бет8/11
Дата06.01.2022
өлшемі153 Kb.
#12697
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Breakpoints пернесін басыңыз.

  • Enter пернесін басыңыз.

    Экранда программаға қойылған барлық тоқтату нүктелерінің тізімі көһрсетілген, Breakpoints… (тоқтату нүктелері) сұхбат терезесі (2.9-сурет) шығады.

    • Қажетті элементті белгілеңіз;

    • Delete” (сұхбат терезесінен) батырмасын немесе “D” (пернетақтадан) пернесін басыңыз.

    Белгіленген тоқтату нүктесі тізімнен алынып тасталады. Егер сіз барлық тоқтату нүктесін алып тастағыңыз келсе-- “Clear all” батырмасын басу керек.
    9.3 Мәтiндiк файлдан мәлiметтердi оқу
    Өткен тақырыптарда сіздер, мәліметтерді мәтіндік файлға жазуды үйреніңіздер. Енді оларды қайтадан файлдан қалай оқуға болатынын қарастырамыз.

    Ол үшін `mayFile1/in` файлын пайдаланамыз. Мәліметтерді файлға жазу кезіндегідей, біздің файлмызды байланыстыратын айнымалыға атау беруіміз керек. Айталық, ол атау Fileln болсын, содан кейін біз оны мәтіндік файл ретінде сипаттауымыз керек. Бұл айнымалыны біз енгізу процедурасында пайдаланатын болғандықтан, сол процедураның жергілікті айнымалысы ретінде сипаттаймыз.

    var

    Filelnt:text;



    Одан кейін біз программада, “мәтіндік типті ” Fileln айнымалысы, біздің `mayFile1.in` атауымен берілген нақтылы файлмызды белгілейтіндігін көрсетуіміз керек. Ол үшін assing(NameVar,NameFile)-процедурасын қолданады.

    Енді файлдан мәліметтерді оқу үшін, берілген файлды ашуымыз керек. Ол үшін, reset(NameVar)—процедурасында қолданады, мұндағы NameVar-сіздің файлды белгілеуге берген айнымалыңыздың атауы, біздің жағдайымызда, ол NameVar-Fileln. Reset(NameVar)-процедурасы, мәліметтерді оқуға файлды ашады және курсорды файлдың басына орналастырадв. Егер ондай жоқ болса, қателік туралы хабарлама береді. Енді мәліметтерді файлдан оқуға барлығы дайын болды. Ол үшін өзімізге бұрынан таныс Read() және Readln() процедураларын пайдаланамыз. Мәліметтерді оқу пернетақтадан емес, файлдан жүзеге асу үшін, мәліметтерді оқудың жолын көсетеміз. Яғни, жақшалардың ішіне, assing()- процедурасының көмегімен біздің файлмызды байланыстырып тұрған, айнымалының атауын көрсетеміз.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет