Емтихан жұмысы екі бөлімнен тұрады: А бөлімі бір дұрыс жауабы бар көп таңдауды қажет ететін сұрақтардан, B бөлімі қысқа және толық жауапты қажет ететін сұрақтардан тұрады.
Орындау уақыты
2 сағат
Емтихан жұмысы екі бөлімнен тұрады.
А бөлімі бес ұсынылған жауаптың ішінен бір дұрыс жауапты таңдауға берілген 10 тапсырмадан тұрады. Әр тапсырма 1 балмен бағаланады.
B бөлімі 8-10 қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтардан тұрады. Тапсырмалар 2-8 балл аралығында бағаланады.
Оқушылар математикалық құралдарды қолдана алады: сызғыш және циркуль.
Калькуляторды пайдалануға рұқсат етілмейді.
есепті шығару кезінде тиімді тәсілдеме таңдауды және қолайлы әдіс қолдануды (көпсатылы есептерді қоса алғанда) білуі;
математикалық әдіс-тәсілдерді қолданып және мәнмәтінге сәйкес шешімдерін түсіндіре отырып, жағдаяттардың математикалық моделін құра (өмірдегі жағдайаттарды қоса алғанда) білуі;