Қазақстан республикасының денсаулық сақтау


Кәрілік қатаракта Қатаракта



бет12/69
Дата30.03.2023
өлшемі240,45 Kb.
#77596
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   69
2.2.4 Кәрілік қатаракта Қатаракта – көзбұршақтың бөліктік немесе толық бұлыңғырлануы.
Қатарактаның туа біткен және жүре пайда болған түрлерін ажыратады.
Кәрілік қатаракта жүре пайда болған түріне жатады. Көзбұршақтың алғашқы бұлыңғырлануы 40–50 жастан кейін байқалады, одан кейінгі дамуы көп жылдарды қамтиды. Кәрілік қатарактаның патогенезі көзбұршақтағы алмасу бұзылыстарымен, әсіресе нәруыздық метаболизм өзгерістерімен байланысты дамиды. Орналасуына қарай ядролық, кортикальды және артқы субкапсулярлы қатаракта деп ажыратады.
Ядролық қатаракта көзбұршақ ядросының тығыздалуымен және түсінің өзгеруімен жүреді. Ол бастапқыда сарғыш, кейін – күңгірт немесе тіпті қара түске дейін өзгеруі мүмкін. Кортикальды қатаракта сұр түсті болады.
Ол алғашында көзбұршақтың шетінде көрінеді және біртіндеп орталыққа тарайды. Артқы субкапсулярлы қатаракта артқы капсуланың алдыңғы жағында орналасады, алғашында көзбұршақтың артқы полюсі аймағында, содан соң оның перифериясына да таралады.
Клиникалық ағымы. Қатаракта кезіндегі көру қызметінің төмендеу деңгейі бұлыңғырлану қарқындылығы мен орналасуына байланысты болады. Асқынбаған жағдайда жарықтың дұрыс проекциясы мен жарықты сезуі үнемі сақталады.
Емі. Антиқатаракталық терапияны көзбұршақ бұлыңғырлануының кейінгі үдеуін ұстап тұру мақсатында аурудың алғашқы сатысынан бастап тағайындайды. Емді көзбұршақтағы алмасу үдерістерін жақ сарту үшін дәрілерді (витасиодурол, витафакол, квинакс, каталин және т.б.) тамызып жүргізеді. Көру қызметі анағұрлым төмендегенде бұлыңғыр көзбұршақты алып тастайды (қатаракта экстракциясы). Көзге операция жасап жатқан кезде қалыпты рефракцияны сақтап қалу үшін интраокулярлы линзаны имплантациялайды. Егер линзаны енгізбеген болса, онда көзілдірік немесе
контактілі линза тағайындалады.
2.2.5 Торқабықтың жастық орталық дистрофиясы (ТЖОД). ТЖОД, немесе торқабықтың кәрілік макулярлы дистрофиясы, - көру бойынша мүгедектіктің ең жиі себептерінің бірі. Әлсіз ТЖОД 65–75 жас аралығындағы 20% адамдарда кездессе, ал бұл патологияның айқын түрі 60 жастан асқан тұрғындардың 1% зақымдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет