Қазақстан республикасының денсаулық сақтау


Қантты диабеттің диагностикасы



бет43/69
Дата30.03.2023
өлшемі240,45 Kb.
#77596
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   69
Қантты диабеттің диагностикасы
1. Қандағы глюкоза деңгейін анықтау:
а) Самаджи – Нельсан ортотолуидин глюкозооксидозды әдісі бойынша:
N 3,33-5,55 ммоль/л / 60-100 мг%
б) Хагедорн-Инсен, Крецелиус әдісі бойынша:
N 4,44-6,66 ммоль/л / 80-120 мг%
мг% және ммоль/л қайта санау формуласы қолданылады:
мг%х0,05551= ммоль/л,
ммоль /л х 18,02=мг%
2. Глюкозаға толеранттылықты анықтаудың пероральды тесті.
3. Глюкозурия диагностикалау әдісі.
ИТЕҚД-ден егде жастағы және қарт адамдар сырқаттанғанда ангио -және нейропатия дамуы салдарынан диабетикалық аяқ синдромы дамиды.
Бұл асқыну ҚД ауыратын сырқаттардың 30-80% әр түрлі ауыртпалық деңгейінде анықталады.Осы диабетикалық аяқ синдромы асқынуына ұшыраған сырқаттарда аяқ ампутациясы басқа науқастарға қарағанда 15% артық жасалады екен.
Диабетикалық аяқ синдромында негізгі үш фактор: нейропатия, аяқ тамырларының зақымдануы және инфекция маңызды. Бұл синдромда сезімталдық (температуралық, ауырсынуды сезу, тактилді, вибрациялық) төмендеп, науқастың жүрісі өзгереді: жүру барысында аяқ тек «бір максималды басу нүктесіне» сүйенеді: құрғақ гиперкератозды аяқ
бөліктерінде созылмалы жара пайда болады.
Диабетикалық аяқ синдромы дамитын қатерлі топтарға енетіндер:
- перифериялық тамырлар ауыруымен ауыратын науқастар сырқаттар;
- дисталды полинейропатиямен ауыратын егде жастағылар және қарттар;
- анамнезінде аяқ жаралары болған егде жастағылар және қарттар;
- аяқ ампутациясы жасалған науқастар;
- гипертония және қанда гиперхолестеринемия анықталғандар;
- диабетикалық нефропатияда созылмалы бүйрек шамасыздығы бар науқастар;
- зағиптар мен көруі нашар нақастар;
- жалғыз басты қарт адамдар;
- ішімдікті, темекіні көп қолданушылар.
Нейропатиялық өзгерістермен перифериялық тамырлардағы өзгерістердің ауыртпалығына байланысты диабетикалық аяқ синдромының негізгі үш клиникалық түрі: нейропатиялық, ишемиялық, аралас түрі ажыратылады.
Нейропатиялық остеоартропатия – Шарко буыны деп те аталады. Бұл асқынуға жол ашушы - қарт, егде жастағы адамдарда дамитын постменопаузалық остеопороз, ұзақ кортикостероидты терапия, қалқанша маңы безі жұмысының бұзылуы.
Бұл синдром негізінен бір аяқты зақымдайды, зақымданған буын қызарып, ісінеді, аяқ деформацияланады, ауырсыну сезімі анықталады.
Рентгенограммада сүйек деструкциясы, сүйектің буын бетінің өзгерісі, субхондралды склероз, остеофиттер, сүйектің буынішілік сыуы болады.
Диабетикалық аяқ синдромының нейропатиялық және ишемиялық түрлерінің дифференциялдық диагностикасы

Клиникалық белгілері

Нейропатиялық түрі

Ишемиялық түрі

Сырқаттың жасы 40 жасқа дейін 55 жастан жоғары







ҚД-мен ауыру ұзақтығы

5 жылдан астам

1-3 жыл

ҚД-тің басқа да кеш
байқалатын асқынулары

Жиі

Байқалмайды

Гипертония және
(немесе)
гиперхолестеринемия



Үнемі анықталмайды

Үнемі анықталады



Анамнезінде аяқ жарасы
болуы



Жиі



Сирек



Терісі

Құрғақ, қызғылт

Қалыпты ылғалды,
бозғылт түсті



Жараның орналасуы

Табанда

Аяқ саусақтарының
ұшында, өкшеде

Ауырсыну

Болмайды

Аса айқын

Аяқ деформациясы

Жиі

Сирек

Сезімталдық

Төмен

Сақталған

Перифериялық
артериялардың соғуы



Сақталған

Төмендеген



Тілерсек – иық индексі ≥



1,0

< 0,8

Егде және қарт жастағы науқастарды емдеу үшін диабеттік аяқ синдромының даму сатысын ескеру керек.


Бірнеше сатылары (топтары) болады:
0 - сатысы – аяқ көзге көрінетін айқын өзгеріссіз гиперкератоздар аяқтың жұмсақ ұлпаларында болатын аутолизді жасыруы мүмкін;
1 - сатысы – аяқта беткейлік инфицирленбеген жара анықталады;
2 - сатысы – аяқтың терең инфицирленген жұмсақ тіндері мен сіңірлері зақымданған жарасы;
3 - сатысы – аяқтың остеомиелиті терең жарасы мен қанайналымының бұзылуы;
4 - сатысы – аяқтың бөліктері мен саусақтарының гангренасы;
5 - сатысы – жайылмалы гангрена.
0-3 - сатысында нейропатиялық сипатты және консервативті ем жүргізіледі.
4-5 - сатысында нейроишемиялық өзгерістер басым болып, хирургиялық ем жұргізіледі.
2-ші сатысынан бастап науқастар емді стационарлық жағдайда қабылдағаны жөн.
Диабетикалық аяқ синдромының әртүрлі формаларын емдеу алгоритмі.
Диабетикалық аяқ синдромында аяқ күтімінің қағидалары:
- гликемияны бақылау;
- аяқты қарап, пальпациялау;
- аяқ күтімі;
- аяқ киімді дұрыс таңдау.
Егде және қарт жастағы қант диабетімен ауыратын науқастарды емдеу ерекшелігі.
Қант диабетін емдегенде мүмкіндігінше максималды түрде өзгерген зат алмасу үдерістерінің компенсациялануын қамтамасыз ету қағидалары қарт адамдардағы қантты диабетті емдеу барысында да сақталуы тиіс. Тек осы жағдайда ғана липидтік, ақуыздық және су-тұз алмасуын қалпына келтіру асқынулардың дамуына жол бермейді.
ИТЕҚД емдеу тактикасын анықтау барысында көмірсу алмасуының бұзылу дәрежесін ескерген жөн. Кетолактоалдозаға бейімділікте,декомпенсацияланған ИТЕҚД инсулинді терапия қолданған жөн. Егде және қарт жастағы науқастар қант диабетінен бөлек бірнеше аурулармен ауыруы мүмкін болатындықтан, гипергликемиялық әсері бар индометацин, кортикостероидтар, тироксин сияқты, гипогликемиялық әсері бар бетаблокаторлар,трентал қабылдауы мүмкін. Егде және қарт жастағы ҚД-пен ауыратын науқастарды емдеу мақсаттары:
- аурудың симптомдарын жеңілдету;
- қосарланған ауру түрлерінің ағымын жақсарту;
- асқынуларға профилактикалық шаралар жүргізу;
- науқастың өмір сүру сапасын арттыру.
Егде және қарт жастағы қант диабетімен ауыратын науқастарды емдеу ерекшелігі. Қант диабетін емдегенде мүмкіндігінше максималды түрде өзгерген зат алмасу үдерістердің компенсациялануын қамтамасыз ету қағидалары сақталуы тиіс. Тек осы жағдайда ғана липидтік, ақуыздық және су-тұз алмасуын қалпына келтіру асқынулардың дамуына жол бермейді.
ИТЕҚД емдеу тактикасын анықтау барысында көмірсутек алмасуының бұзылу дәрежесін ескерген жөн. Кетолактоацидозға бейімділікте декомпенсацияланған ИТЕҚД инсулинотерапия қолданған жөн.
Егде және қарт жастағы сырқаттарда ҚД-тен емдегенде аса маңызды болатыны емдәм тәртібін сақтау. Емдәм жеке таңдалған, физиологиялық сипатты болуы керек. Дене салмағы қалыпты науқастарда емдәм изокалориялы, ал артық салмағы бар науқастарда субкалориялы болғаны дұрыс. Емдәм құрамында жеңіл сіңірілетін көмірсулар болмауы керек, керісінше сіңірілуі баяу жүретін полисахаридті (қара нан, қарақұмық, арпа мен бидай жармалары, картоп) болғаны жөн. Қажет болған жағдайда жеңіл сіңірілетін көмірсулардың орнын сорбит, ксилит, фруктоза, сластилин (аспартам) немесе цуклимен берген дұр ыс. Көмірсулардың ішінде сіңірілуін тежеу үшін гуарем, глюкобай, плантикс, акарбоза беріледі.
Көмірсутектердің әр тағам түріндегі мөлшерін анықтап, басқа ас түрімен алмастыру үшін «нан бірлігі» түсінігін қолданамыз. 1 НБ 12 гр көмірсуға,
25 гр қара бидай нанына, немесе 70 гр картопқа, 15 гр арпа жармасына, 250
гр сүтке тең. Ас мәзіріндегі заттарда дәрумендер мөлшері жеткілікті болғаны дұрыс.
Ақуыздар (0,8 гр/кг-нан аспауы керек) құрамында алмастырылатын және алмастырылмайтын амин қышқылдары болып, жануартекті ақуыздар тәуліктік мөлшердің 2/3 бөлігін құрағаны дұрыс. Ас мәзірінде холестеринге бай тағамдар болмауы керек (жұмыртқа сарысы, уылдырық, ми, бауыр). Майлар науқастың рационында энергия көзі ретінде және майда еруші дәрумендерді сіңіртуші ас құрамы ретінде қолданғаны дұрыс.
Егде және қарт жастағы адамдардың ҚД-інде қан құрамындағы қант деңгейінің мөлшері қалыпты деңгейде болуын қамтамасыз ету үшін ас ішу жиілігі тәулігіне 4 реттен кем болмауы керек.
Қант диабетін емдеуге қолданылатын дәрілерге сульфаниламидтер (сульфонилмочевина туындылары), бигуанидтер, гликемияны прандиалды реттеушілер (старликс, новонорм), күрделі құрамды қиыстырылған дәрмектер(глиболит), альфа-глюкозидаза тежеушілері (глюкобай) және инсулин сенситайзерлері (авантия, актос) қолданылады. Күнделікті клиникалық тәжірибеде сульфаниламидті препараттармен бигуанидтер жиі қолданылады. Бигуанидтер негізінен сульфаниламидті дәрілермен
қосарланып қолданылады, әрі 2-ші типті қант диабетін семіздікпен бірге болғанда қолданған дұрыс. Егде және қарт науқастарда сульфаниламидті қантты төмендетуші дәрілер гипергликемияны жұмсақ төмендетіп, аса айқын гипогликемия шақырмайды.
Егде жастағы және қарт адамдарда қантты диабетін емдеуде инсулин қолданудың абсолютті көрсеткіші – диабетикалық кома, кома алды, кетоацитоз, қантты диабетің айқын декомпенсацияланған түрі, глюкозурия, жоғары гликемия, жүдеулік, диабетикалық IV-V сатылы нефропатия, пиелонефрит, туберкулез, бауыр аурулары, тері аурулары (трофикалық жаралар, фурункулез, карбункулез). Қантты диабе т алғашқы
рет анықталғанда инсулиннің орташа тәуліктік мөлшері 0,5 бірлік/кг есебінен дененің идеалды салмағына есептеп берген дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет