Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


-параграф. Балалар санатын қоса атқаратын арнайы бөбекжайлар мен



Pdf көрінісі
бет35/57
Дата06.10.2022
өлшемі1,22 Mb.
#41673
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   57
7-параграф. Балалар санатын қоса атқаратын арнайы бөбекжайлар мен 
балабақшалар қызметінің тәртібі
41. Арнайы бөбекжайлар мен балабақшалардың контингенті осы Ереженің 
15-тармағында көрсетілген балалар, оның ішінде күрделі бұзылыстары бар 
балалар (есту және көру қабілеттерінің аралас бұзылыстары, ақыл-ой және есту 
қабілетінің бұзылыстары, есту қабілетінің бұзылыстары және балалардың 
церебральды сал ауруы, көру қабілетінің бұзылыстары және балалардың 
церебральды сал ауруы) санаттарынан құрылады.
Оқыту жетекші бұзылысы бойынша тәрбиеленушілерден 
қалыптастырылатын, Санитариялық қағидаларға сәйкес жинақталатын арнайы 
топтарда тиісті санаттағы тәрбиеленушілерге арналған Үлгілік оқу жоспарлары 
және оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
3-тарау. Арнайы мектептер, арнайы мектеп-интернаттар, «балабақша-
мектеп-интернат» арнайы кешендері, «мектеп-интернат-колледж» арнайы 
кешендері қызметінің үлгілік қағидалары
42. Арнайы мектептер өз қызметінде Қазақстан Республикасының 
Конституциясын, «Білім туралы» Заңды, осы Қағидаларды басшылыққа алады.
Балаларды арнайы мектептерде/сыныптарда оқыту және тәрбиелеу МЖББС-
на, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 
қарашадағы № 500 «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы 
орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» бұйрығына 
(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып 
тіркелген) және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 
жылғы 3 сәуірдегі № 115 «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім 
беретін пәндер, таңдау бойынша курстар және факультативтер бойынша үлгілік 
оқу бағдарламаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді 
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8424 болып тіркелген) сәйкес жүзеге 
асырылады.


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
Арнайы мектептердің қызметін үйлестіру және әдістемелік қамтамасыз 
етуді Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Арнайы және 
инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 
жүзеге асырады.
43. Арнайы мектептер төмендегі санаттағы балаларға арнап ашылады:
1) көру қабілеті зақымдалған балалар;
2) есту қабілеті зақымдалған балалар;
3) сөйлеу тілінде ауыр түрде бұзылыстары бар балалар;
4) тірек-қимыл аппаратында бұзылыстары бар балалар;
5) зердесі зақымдалған балалар;
6) психикалық дамуы тежелген балалар;
7) эмоционалды-ерік саласы және мінез-құлық бұзылыстары бар балалар;
8) осы тармақта көрсетілген балалар санаттарын араластыру кезінде.
44. Арнайы мектептер жалпы білім беретін мектептермен ортақ білім 
алушыларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту міндеттерін, сондай-ақ бұзылған 
қызметтерді түзету және қалпына келтіру міндеттерін шешеді, оларға 
төмендегілер жатады:
1) бастауыш (0-4 сынып) және негізгі (5-10 сынып) орта білім беру 
деңгейлерінде оқытудың ұзартылған мерзімдері;
2) оқытудың арнайы әдістері, тәсілдері мен құралдары;
3) техникалық және орын толтыру құралдары;
4) тіршілік ету ортасы;
5) арнайы дайындалған мұғалімдер;
6) психологиялық-педагогикалық көмек (логопедтер, арнайы педагогтар: 
сурдопедагогтар, тифлопедагогтар, олигофренопедагогтар, психологтар
әлеуметтік педагогтар, ЕДШ нұсқаушылары);
7) дамудың кемшіліктерін түзеу, әлеуметтік, қарым-қатынастық дағдыларды 
қалыптастыруды қамтамасыз ететін оқу жоспарының арнайы пәндері;
8) медициналық, әлеуметтік.


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
Арнайы жағдай жасау мақсатында мектеп педагогтері мен мамандары 
оқушылардың білім алудағы ерекше қажеттіліктерін бағалауды жүзеге асырады.
45. Арнайы мектептерге/сыныптарға білім алушыларды қабылдау Заңға 
сәйкес олардың ата-аналары (заңды өкілдерінің) келісімімен ПМПК 
қорытындысы мен ұсынымдары негізінде жүзеге асырылады.
46. Арнайы мектептер болмаған жағдайда жалпы білім беретін мектептерде 
осы Ереженің 43-тармағында көрсетілген балаларға арналған арнайы сыныптар 
ашылады.
47. Білім алушыларды арнайы мектеп/сыныптан басқа білім беру ұйымына 
ауыстыруды баланың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдерінің келісімімен 
ПМПК қорытындысы негізінде білім беруді басқару органдары жүзеге асырады.
48. Білім алушының қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, 
білім беру үдерісі облыс, республикалық маңызы бар қала, астананың жергілікті 
атқарушы органы берген рұқсатпен қашықтықтан оқыту, сондай-ақ экстернат 
түрінде ұйымдастырылады. Білім алудың әртүрлі нысандарын үйлестіруге рұқсат 
беріледі.
49. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың Үлгілік оқу жоспарлары мен 
оқу бағдарламаларының негізінде оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламалары 
әзірленеді, олар педагогикалық кеңесте қарастырылады және білім беруді басқару 
органымен келісім бойынша ұйым басшысы тарапынан бекітіледі. Түзету 
компонентінің үлгілік оқу бағдарламалары негізінде жеке/шағын топтық/топтық 
түзету сабақтарының бағдарламалары жасалады.
50. Зердесі қалыпты білім алушыларға арналған арнайы мектептерде
/сыныптарда білім беру қызметін бейіні бойынша педагогикалық білімі бар 
педагогтер жүзеге асырады. Зердесі зақымдалған білім алушыларға арналған 
мектептерде/сыныптарда білім беру қызметін «Дефектология» («Арнайы 
педагогика») мамандығы және «Олигофренопедагогика» білім беру бағдарламасы 
бойынша жоғары педагогикалық білімі бар мұғалімдер жүзеге асырады.
51. Үлгілік оқу жоспарларының түзету компонентінің сабақтарын 
«Дефектология» («Арнайы педагогика») мамандығы және арнайы мектеп түріне 
сәйкес білім беру бағдарламасы бойынша жоғары педагогикалық білімі бар 


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
педагогтер, қажет болған жағдайда белгіленген тәртіппен аттестаттаудан өткен 
психологтар жүргізеді. Түзету компонентіндегі пәндер бойынша білім 
алушылардың жетістіктерін бағалау кезінде балдық бағалау пайдаланылмайды.
52. Есту, көру қабілеттері зақымдалған және тірек-қимыл аппараты 
бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектептерде зердесі зақымдалған 
(ақыл-ой кемістігі бар) білім алушылар анықталған жағдайда 4-6 білім алушыны 
қамтитын арнайы сыныптар ашылады. Балаларды сыныпта оқыту ПМПК 
қорытындысы мен ұсынымдары негізінде және білім беру үдерісі жағдайында 
психологиялық-медициналық-педагогикалық бақылау барысында жасалған жеке 
оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
53. Оқу аптасының ұзақтығын тиісті білім беруді басқару органының 
келісімі бойынша педагогикалық кеңес белгілейді және жарғыда бекітіледі.
54. Сабақтар мен сабақ кестесіндегі оқу пәндерінің және жеке/шағын топтық
/топтық түзету сабақтарының күнделікті саны, ұзақтығы, реттілігі көрсетіледі.
55. Жеке/шағын топтық/топтық түзету сабақтары мектеп кеңесі 
талқылайтын және білім беру ұйымының басшысы бекітетін кестеге сәйкес оқу 
күні бойы және сабақтан тыс уақытта өткізіледі.
56. Арнайы мектептер оқу-тәрбие үдерісін жүзеге асыру, кадрларды іріктеу 
мен орналастыру, ғылыми, қаржылық-шаруашылық және өзге де қызметте дербес 
болып табылады.
57. Арнайы мектептер жергілікті жағдайларға байланысты қосалқы 
шаруашылық, оқу-тәжірибелік жерлер, оқу-өндірістік шеберханалар құра алады.
58. Арнайы мектептердің/сыныптардың педагогтері қажет болған жағдайда 
ата-аналар (заңды өкілдер) үшін отбасылық тәрбие және дамыту сабақтарын 
ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңестер, сондай-ақ жалпы білім беретін 
мектептердің педагогтеріне мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-
педагогикалық қолдау мәселелері бойынша кеңес береді.
59. Арнайы мектептердің/сыныптардың түлектері «Білім туралы 
құжаттардың түрлерін, білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың 
нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, білім туралы өзіндік 
үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды және оларды 
есепке алу мен беру қағидаларын, сондай-ақ білім беру ұйымдарында білім алуды 


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманың нысанын бекіту туралы» Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 
бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 
ақпанда № 10348 тіркелді) сәйкес мемлекеттік үлгідегі аттестат алады.
60. Арнайы мектептердегі/сыныптардағы сыныптардағы балалар саны 
«Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» 
санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық 
сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығына 
(Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 6 тамызда № 
23890 болып тіркелді) сәйкес (бұдан әрі – Санитарлық ережелер) айқындалады.
61. Сыныптардағы балалар саны жеткіліксіз болған жағдайда білім беру 
үдерісі шағын жинақталған мектеп түрі бойынша ұйымдастырылады.
62. Арнайы мектептерді материалдық-техникалық тұрғыдан жарақтандыру 
Жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларына сәйкес жүзеге 
асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет