Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет160/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

339-бап. Жер қойнауын өз бетінше пайдалану
1. Жер қойнауын өз бетінше пайдалану, пайдалы қазбаларды ірі зиян келтіре отырып, өз бетінше өндіру, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Аса ірі зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол әрекеттер, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз үш мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөлігінде көзделген әрекеттерді қылмыстық топтың жасауы, -
мүлкі тәркіленіп бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
340-бап. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктердi заңсыз алу
1. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерiн заңсыз алу, егер бұл әрекет:
а) елеулi зиян келтiре отырып;
б) жарылғыш және химиялық заттарды, электр тоғын, не балық ресурстарын және басқа да су жануарлары мен өсiмдiктерiн жаппай жоюдың өзге де тәсiлдерiн қолдана отырып жасалса, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, мүлкін тәркілеп үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
а) бірнеше рет;
б) балықтардың бекiре тұқымдас түрлерiне қатысты;
в) ұрық шашу орындарында немесе оларға бару жолдарында;
г) адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып;
д) адамдар тобы алдын ала сөз байласып;
е) өздiгiнен жүретiн жүзгiш көлiк құралы пайдаланылып;
ж) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және төтенше экологиялық жағдай аумақтарында жасалса, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, мүлкін тәркілеп екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, iрi зиян келтiрумен ұштасқан не қылмыстық топ жасаған әрекеттер, -
мүлкі тәркілеп екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет