Қазақстан Республикасының Конституциясы


-бап. Осы Заңның күшiне ену тәртібі



Pdf көрінісі
бет105/131
Дата07.01.2022
өлшемі1,31 Mb.
#20204
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   131
Байланысты:
kz-konstituciyasy

19-бап. Осы Заңның күшiне ену тәртібі  
Осы Заң жарияланған күннен бастап күшiне енедi. 
Қазақстан Республикасының  
Президенті  
Н. Назарбаев 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  
  
  
НН
Н 
  
Н. Назарбаев 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  
КОДЕКСІ 
  
САЛЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ 
ТӨЛЕМДЕР ТУРАЛЫ  
(САЛЫҚ КОДЕКСІ) 
 
 
 
 
 
 12-бап. Осы Кодексте қолданылатын негізгі ұғымдар 
1. Салық салу мақсатына орай осы Кодексте қолданылатын негізгі ұғымдар: 
… 
2)  арнаулы  салық  режимі  -  салық  төлеушілердің  жекелеген  санаттары  үшін 
белгіленетін  және  жекелеген  салық  түрлері  мен  жер  учаскесін  пайдаланғаны  үшін 
төлемақыны  есептеу  мен  төлеудің,  сондай-ақ  олар  бойынша  салық  есептілігін  табыс 
етудің оңайлатылған тәртібін қолдануды көздейтін бюджетпен есеп айырысудың ерекше 
тәртібі; 
… 
4) басқа да міндетті төлемдер - осы Кодексте белгіленген мөлшерде және жағдайларда 
жүргізілетін  кедендік  төлемдерін  қоспағанда,  бюджетке  төлемақылар,  алымдар,  баждар 
түріндегі міндетті ақша аударымдары; 
… 
11) грант - белгі бір мақсаттарға (міндеттерге) қол жеткізу үшін өтеусіз негізде: 
мемлекеттер,  мемлекеттердің  үкіметтері  -  Қазақстан  Республикасына,  Қазақстан 
Республикасының Үкіметіне, жеке тұлғаларға, сондай-ақ заңды тұлғаларға; 
қызметі  қайырымдылық  және  (немесе)  халықаралық  сипаттағы  және  Қазақстан 
Республикасының  Конституциясына  қайшы  келмейтін,  мемлекеттік  органдардың 
қорытындысы  бойынша  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  белгілейтін  тізбеге 
енгізілген  халықаралық  және  мемлекеттік  ұйымдар,  шетелдік  және  қазақстандық 
үкіметтік  емес  қоғамдық  ұйымдар  мен  қорлар  -  Қазақстан  Республикасына,  Қазақстан 
Республикасының Үкіметіне, жеке, сондай-ақ заңды тұлғаларға; 
шетелдіктер  және  азаматтығы  жоқ  адамдар  -  Қазақстан  Республикасына  және 
Қазақстан Республикасының Үкіметіне беретін мүлік; 
Осы Кодекстің мақсатына орай, Қазақстан Республикасындағы табысы аз азаматтарды 
қолдауға  (көмек  көрсетуге)  бағытталған,  Қазақстан  Республикасы  қатысушысы  болып 
табылатын  үкіметаралық  келісім  шеңберінде  осындай  келісіммен  айқындалған 
мақсаттарға  (міндеттерге)  қол  жеткізу  үшін  Қазақстанның  үкіметтік  емес  қоғамдық 
қорлары өтеусіз негізде алған мүлік те грант деп танылады; 
12)  гуманитарлық  көмек -  халықтың  өмірі  мен  тұрмыс  жағдайларын  жақсарту  үшін, 
сондай-ақ соғыс, экологиялық, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың 
алдын  алу  және  оларды  жою  үшін  шет  елдерден  және  халықаралық  ұйымдардан 
жіберілген  азық-түлік,  халық  тұтынатын  тауарлар,  техника,  құрал-жарақтар,  жабдықтар, 
медициналық  құралдар  және  дәрі-дәрмектер,  өзге  де  заттар  түрінде  Қазақстан 
Республикасына өтеусіз берілетін, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті ұйымдар 
арқылы бөлетін мүлік; 
13)  демеушілік  көмек  -  осы  көмекті  көрсететін  тұлға  туралы  ақпаратты  тарату 
мақсатында өтeуcіз негізде:  
жеке  тұлғаларға  жарыстарға,  конкурстарға,  көрмелерге,  байқауларға  қатысу  үшін 
және  шығармашылық,  ғылыми,  ғылыми-техникалық,  өнертапқыштық  қызметтерін 
дамыту,  білім  және  спорт  шеберлігі  деңгейін  арттыру  үшін  қаржылық  (әлеуметтіктен 
басқа) қолдау түрінде; 
коммерциялық  емес  ұйымдарға  өздерінің  жарғылық  мақсаттарын  іске  асыру  үшін 
берілетін мүлік; 


14)  дивидендтер  -  акциялар,  оның  ішінде  депозитарлық  қолхаттардың  базалық 
активтері  болып  табылатын  акциялар  бойынша  төленуге  жататын  табыс;  қордың 
басқарушы компаниясы пайларды сатып алған кезде олар бойынша табысты қоспағанда, 
пайлық  инвестициялық  қордың  пайлары  бойынша  төленуге  жататын  табыс;  заңды  тұлға 
өз  құрылтайшылары,  қатысушылары  арасында  бөлетін  таза  табыстың  бір  бөлігі;  заңды 
тұлғаны  тарату  кезінде,  немесе  жарғылық  капиталды  құрылтайшылар,  қатысушылар 
салымдарының 
мөлшерiн 
барабар 
азайту 
жолымен 
не 
құрылтайшылардың, 
қатысушылардың үлестерiн толық немесе iшiнара өтеу жолымен азайту кезiнде сондай-ақ 
құрылтайшы, қатысушы заңды тұлғаға қатысу үлесін алып қойған кезде, құрылтайшының, 
қатысушының  жарғылық  капиталға  салым  ретінде  енгізген  мүлкін  қоспағанда,  мүлікті 
бөлуден  түсетін  табыстар;  исламдық  қатысу  сертификаттары  бойынша  төлеуге  жататын 
табыстар;  акционер,  қатысушы,  құрылтайшы  немесе  олардың  өзара  байланысты  тарапы 
заңды тұлғадан: 
тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң нарықтық бағасы мен мұндай 
тауарлар,  жұмыстар,  көрсетiлетiн  қызметтер  акционерге,  қатысушыға,  құрылтайшыға 
немесе олардың өзара байланысты тарапына өткiзiлген баға арасындағы оң айырма;  
тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң нарықтық бағасы мен мұндай 
тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер акционерден, қатысушыдан, құрылтайшыдан 
немесе  олардың  өзара  байланысты  тарапынан  сатып  алынған  баға  арасындағы  терiс 
айырма; 
үшінші 
тұлға 
алдында 
заңды 
тұлғаның 
акционерінде, 
қатысушысында, 
құрылтайшысында  немесе  олардың  өзара  байланысты  тарапында  туындайтын,  заңды 
тұлғаның  кәсіпкерлік  қызметіне  байланысты  емес,  заңды  тұлғаға  акционері, 
құрылтайшысы,  қатысушысы  немесе  олардың  өзара  байланысты  тарапы  өтемей,  заңды 
тұлғаның өзі өтейтін шығыстардың немесе міндеттемелердің құны; 
осы  Кодекстің  163  -  165-баптарында  көрсетілген  табыстарды  және  тауарлар, 
жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өткізуден түсетін табыстарды қоспағанда, заңды тұлға 
өзінің акционеріне, қатысушысына, құрылтайшысына немесе олардың өзара байланысты 
тарапына беретін кез келген мүлік пен материалдық пайда түрінде алатын табыс. 
Осы тармақшада көрсетілген оң немесе теріс айырма салық салу объектілерін түзету 
кезінде  айқындалады.  Бұл  ретте,  салық  салу  объектілерін  түзету  Қазақстан 
Республикасының  трансферттік  баға  белгілеу  туралы  заңнамасында  белгіленген 
жағдайларда  және  тәртіппен  жүргізіледі.  Осы  тармақшаның  мақсаты  үшін  өзара 
байланысты тараптар осы баптың 1-1-тармағына сәйкес айқындалады. 
… 
19) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі - филиал, өкілдік; 
… 
23)  консультациялық  қызметтер  көрсету  -  басқарушылық,  экономикалық,  қаржылық, 
инвестициялық  мәселелерді,  оның  ішінде  стратегиялық  жоспарлау,  кәсіпкерлік  қызметті 
ұйымдастыру  мен  жүргізу,  персоналды  басқару  мәселелерін  шешу  мақсатында 
проблемаларды және (немесе) тұлғаның мүмкіндіктерін айқындау мен (немесе) бағалауды 
қоса  алғанда,  түсіндірмелер,  ұсынымдар,  кеңестер  және  өзге  де  нысандағы 
консультациялар беру жөнінде көрсетілетін қызметтер; 
24) қайырымдылық көмек - өтеусіз негізде:  
жеке тұлғаларға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында; 
коммерциялық емес ұйымдарға жарғылық қызметін қолдау мақсатында;  
әлеуметтік  саладағы  қызметті  жүзеге  асыратын  ұйымдарға  аталған  ұйымдардың  осы 
Кодекстің  135-бабының  2-тармағында  көрсетілген  қызмет  түрлерін  жүзеге  асыруы 
мақсатында; 
әлеуметтік  салада  осы  Кодекстің  135-бабының  3-тармағында  көрсетілген  талаптарға 
сәйкес келетін қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға берілетін мүлік; 


25)  қатысу  үлесі  -  акционерлік  қоғамдар  мен  пайлық  инвестициялық  қорларды 
қоспағанда,  жеке  және  (немесе)  заңды  тұлғаның  бірлескен  қызметке,  заңды  тұлғаның 
жарғылық капиталына үлестік қатысуы; 
… 
29) өткізу - сату, айырбастау, өтеусіз беру мақсатында тауарларды не өзге де мүлікті 
тиеп жіберу және (немесе) беру, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету, сондай-ақ 
кепілге салынған тауарларды кепіл ұстаушыға беру; 
… 
31)  салық  агенті  -  осы  Кодекске  сәйкес  төлем  көзінен  ұсталатын  салықты  есептеу, 
ұстау  және  аудару  жөніндегі  міндет  жүктелетін  дара  кәсіпкер,  жеке  нотариус,  жеке  сот 
орындаушысы, адвокат, заңды тұлға, оның ішінде резидент емес заңды тұлға; 
32)  салық  берешегі  -  бересі  сомасы,  сондай-ақ  өсімпұлдар  мен  айыппұлдардың 
төленбеген  сомасы.  Салықтық  тексеру  нәтижелері  туралы  хабарламада  көрсетілген 
өсімпұлдар  сомасы,  сондай-ақ  әкімшілік  жаза  қолдану  туралы  қаулыда  Қазақстан 
Республикасының  заңнамасында  белгіленген  тәртіппен  шағым  жасалу  кезеңінде  шағым 
жасалу бөлігінде көрсетілген айыппұлдар сомасы салық берешегіне қосылмайды; 
33) салық режимі - осы Кодексте белгіленген салықты және бюджетке төленетін басқа 
да  міндеті  төлемдерді  төлеу  жөніндегі  барлық  салық  міндеттемелерін  есептеу  кезінде 
салық төлеуші қолданатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасы нормаларының 
жиынтығы; 
34) салықтар  - осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекет біржақты 
тәртіппен  заң  жүзінде  белгілеген,  белгілі  бір  мөлшерде  жүргізілетін,  қайтарымсыз  және 
өтеусіз сипатта болатын, бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер; 
35)  салық  төлеуші  -  салықтарды  және  бюджетке  төленетін  басқа  да  міндетті 
төлемдерді  төлеуші  болып табылатын тұлға және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық 
бөлімшесі; 
36)  салық  төлеушінің  (салық  агентінің)  жеке  шоты  -  салықтың  және  бюджетке 
төленетін  басқа  да  міндетті  төлемдердің,  міндетті  зейнетақы  жарналарының,  әлеуметтік 
аударымдардың  есептелген,  есепке  жазылған  (азайтылған),  аударылған  және  төленген 
(есепке  жатқызылғандары  және  қайтарылғандары  ескерілген)  сомасын,  сондай-ақ 
өсімпұлдар  мен  айыппұлдардың  сомасын  есепке  алуға  арналған  құжат,  оның  ішінде 
электрондық нысандағы құжат; 
37)  салық  төлеушінің  электрондық  құжаты -  белгіленген  электрондық  форматта 
берілген,  қабылданғаннан  және  бірдейлігі  расталғаннан  кейін  салық  төлеушінің 
электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат; 
38)  салық  төлеушінің  электрондық  цифрлық  қолтаңбасы -  электрондық  цифрлық 
қолтаңба  құралдарымен  жасалған  және  электрондық  құжаттың  дәйектілігін,  оның  салық 
төлеушіге тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық 
нышандардың реттілігі; 
39) сыйақы - мыналарға: 
кредиттің  (қарыздың,  микрокредиттің)  алынған  (берілген)  сомасын,  банктердің  ақша 
аударғаны үшін комиссияларды және қарыз алушы үшін қарыз беруші, өзара байланысты 
тарап  болып  табылмайтын  тұлғаға  өзге  де  төлемдерді  қоспағанда,  кредитке  (қарызға, 
микрокредитке) байланысты; 
кредиттің  (қарыздың)  алынған  (берілген)  сомасын,  банктердің  ақша  аударғаны  үшін 
комиссияларды  және  қарыз  беруші  қарыз  алушы  үшін  өзара  байланысты  тарап  болып 
табылмайтын тұлғаға берілген өзге де төлемдерді қоспағанда, банк талап ету құқығын бас 
банктің  күмәнді  және  үмітсіз  активтерін  сатып  алатын  еншілес  ұйымға  берген  кредитке 
(қарызға) байланысты; 
кредиттің  (қарыздың)  алынған  (берілген)  сомасын,  банктердің  ақша  аударғаны  үшін 
комиссияларды  және  қарыз  алушы  үшін  қарыз  беруші,  өзара  байланысты  тарап  болып 
табылмайтын  тұлғаға  өзге  де  төлемдерді  қоспағанда,  банк  талап  ету  құқығын  екінші 


деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс 
беретін  акцияларының  жүз  пайызы  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  Банкіне  тиесілі 
ұйымға берген кредитке (қарызға) байланысты; 
мұндай  мүліктің  алыну  (берілу)  құнын,  лизинг  алушы  үшін  лизинг  беруші,  өзара 
байланысты  тарап  болып  табылмайтын  тұлғаға  төлемдерді  қоспағанда,  мүлікті  қаржы 
лизингіне беруге байланысты; 
салым (депозит) сомасын, сондай-ақ салымды (депозитті) қабылдап алған тарап үшін 
салымшы  (депозитор),  өзара  байланысты  тарап  болып  табылмайтын  тұлғаға  төлемдерді 
қоспағанда, салымдар (депозиттер) бойынша; 
сақтандыру  сомасының  мөлшерін,  сондай-ақ  сақтандырушы  үшін  сақтанушы,  өзара 
байланысты  тарап  болып  табылмайтын  тұлғаға  төлемдерді  қоспағанда,  жинақтаушы 
сақтандыру шартымен байланысты; 
борыштық  бағалы  қағаздар  бойынша  дисконт  не  купон  (дисконтты  не  бастапқы 
орналастырылу  құнынан  және  (немесе)  сатып  алыну  құнынан  алынған  сыйлықақыны 
есепке алып), сыйақы төлейтін тұлға үшін оның борыштық бағалы қағаздарын ұстаушы, 
өзара байланысты тарап болып табылатын тұлғаға төлем түріндегі; 
вексельде көрсетілген соманы, вексель беруші үшін оның вексельдерін ұстаушы, өзара 
байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төлемдерді қоспағанда, вексель бойынша; 
репо  операциялары  бойынша  -  репоны  жабу  бағасы  мен  ашу  бағасы  арасындағы 
айырма түріндегі; 
исламдық жалдау сертификаттары бойынша барлық төлемдер; 
Осы  тармақшаның  мақсаттарында  банктік  шот  шарттары  бойынша  төленетін 
сыйақылар да сыйақы деп танылады; 
… 
41)  тұлға -  жеке  тұлға  және  заңды  тұлға;  жеке  тұлға  -  Қазақстан  Республикасының 
азаматы,  шетелдік  немесе  азаматтығы  жоқ  адам;  заңды  тұлға  -  Қазақстан 
Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған ұйым (резидент 
емес  заңды  тұлға).  Шет  мемлекеттің  заңнамасына  сәйкес  құрылған  компания,  ұйым 
немесе  басқа  да  корпоративтік  құралым  осы  Кодекстің  мақсатына  орай  олар  өздері 
құрылған шет мемлекеттің заңды тұлғасы мәртебесіне ие ме, жоқ па - осыған қарамастан 
дербес заңды тұлғалар ретінде қарастырылады; 
41-1) уәкілетті заңды тұлға - салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген 
мүлкін өткізу саласындағы, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға; 
42)  уәкілетті  мемлекеттік  органдар  -  салық  органдарын  және  жергілікті  атқарушы 
органдарды  қоспағанда,  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  бюджетке  төленетін  басқа 
да  міндетті  төлемдерді  есептеуді  және  (немесе)  жинауды  жүзеге  асыруға  уәкілеттік 
берген,  сондай-ақ  Қазақстан  Республикасының  заңдарында,  Қазақстан  Республикасы 
Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң актілерінде белгіленген өздерінің 
құзыреті  шегінде  осы  Кодекске  сәйкес  салық  қызметі  органдарымен  өзара  іс-қимыл 
жасайтын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары; 
43)  уәкілетті  орган  -  салық  және  бюджетке  төленетін  басқа  да  міндетті  төлемдердің 
түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 
44)  ұтыстар  -  салық  төлеушілердің  конкурстарда,  жарыстарда  (олимпиадаларда), 
фестивальдарда,  лотереялар  бойынша,  салымдар  мен  борыштық  бағалы  қағаздарға 
байланысты ұтыс ойындарын қоса алғанда, ұтыс ойындары бойынша алатын заттай және 
ақшалай түрдегі табыстардың кез келген түрлері, сондай-ақ құмар ойында және (немесе) 
бәс тігуде алынған мүліктік пайда түріндегі табыстар; 
45)  электрондық  салық  төлеуші  -  осы  Кодексте  белгіленген  тәртіппен  электрондық 
құжаттармен алмасу кезінде салық қызметі органдарымен жасалған электрондық цифрлық 
қолтаңбаны  пайдалану  және  тану  туралы  келісімнің  негізінде  салық  қызметі 
органдарымен электрондық тәсілмен өзара іс-қимыл жасайтын салық төлеуші; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет