Қазақстан Республикасының Конституциясы


-ТАРАУ. ТҰТЫНУ КООПЕРАТИВІНІҢ МҮЛКІ



Pdf көрінісі
бет71/131
Дата07.01.2022
өлшемі1,31 Mb.
#20204
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   131
Байланысты:
kz-konstituciyasy

5-ТАРАУ. ТҰТЫНУ КООПЕРАТИВІНІҢ МҮЛКІ 
25-бап. Тұтыну кооперативiнiң мүлкi, оны қалыптастыру көздерi  
1.  Тұтыну  кооперативiнiң  балансында  тұрған  мүлiктiң  меншiк  иесi  заңды  тұлға 
ретіндегі тұтыну кооперативi болып табылады.  
Тұтыну  кооперативiнiң  мүлкi  оның  мүшелерiнiң  мүлiктiк  (пайлық)  жарналарын 
бiрiктiру арқылы жасалады.  
Мүлiктiк  (пайлық)  және  қосымша  жарналарды  қоспағанда,  тұтыну  кооперативiнiң 
кәсiпкерлiк  қызметтен  алатын  кiрiстерi  мен  Қазақстан  Республикасының  заңдарында 
тыйым  салынбаған  өзге  де  көздер  тұтыну  кооперативiнiң  мүлкiн  қалыптастырудың 
көздерi болып табылады.  
2. Тұтыну кооперативi алған табысты оның мүшелерi арасында бөлуге болмайды және 
жарғылық мақсаттарға жiберiледi.  
3. Тұтыну кооперативiнiң меншiгіндегі мүлiкке билiк ету жалпы жиналыстың шешiмi 
бойынша жүзеге асырылады. 
26-бап. Мүлiктiк (пайлық) жарна  
1.  Мүлiктiк  (пайлық)  жарна  ақшалай,  бағалы  қағаздармен,  заттармен,  мүліктік 
құқықтармен,  соның  ішінде  жерпайдалану  құқығымен  және  интеллектуалдық  қызмет 
нәтижелеріне  құқықпен  және  өзге  де  мүлiкпен  енгiзiлуi  мүмкiн.  Жарнаны  жеке  мүлiктiк 
құқықтар және өзге де материалдық емес игiлiктер түрiнде енгізуге жол берiлмейдi.  
2.  Заттай  нысанда  немесе  мүлiктiк  құқық  түрiнде  жасалатын  жарналар  тұтыну 
кооперативiнiң барлық мүшелерiнiң келісімi бойынша немесе тұтыну кооперативi жалпы 
жиналысының шешiмi бойынша ақша түрiнде бағаланады.  
3.  Тұтыну  кооперативiне  мүлiктi  салым  ретiнде  пайдалану  құқығы  берілген 
жағдайларда  бұл  салымның  мөлшері  пайдаланғаны  үшін  тұтыну  кооперативiнiң  жалпы 
жиналысы белгiлеген бүкiл мерзiмге есептелiп төленетiн ақымен белгiленедi.  
Тұтыну  кооперативi  жалпы  жиналысының  келісімiнсiз  пайдалану  құқығы  мүлiктiк 
(пайлық) салым болып табылатын мүлiктi мерзiмiнен бұрын алып қоюға жол берiлмейдi.  
Егер  жарғыда  өзгеше  көзделмесе,  тұтыну  кооперативiнiң  пайдалануына  берiлген 
мүлiктiң кездейсоқ жойылып кету немесе кездейсоқ бұзылу қаупi мүлiк иесiне жүктеледi.  
4. Мүлiктiк (пайлық) жарналарды енгізу  мерзiмi  тұтыну кооперативiнiң жарғысымен 
белгiленедi. 
27-бап. Тұтыну кооперативiнiң қорлары  
1. Тұтыну кооперативi өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде:  
1) мүліктік (пайлық);  
2) тұтыну кооперативiн дамыту;  
3) резервтiк;  
4) тұтыну кооперативi мүшелерiн ынталандыру және әлеуметтiк қолдау;  


5) жарғысына сәйкес өзге де қорлар құруға құқылы.  
2.  Мүлiктiк  (пайлық)  қор  тұтыну  кооперативi  мүшелерiнiң  мүлiктiк  (пайлық) 
жарналарынан  тұрады  және  тұтыну  кооперативiнiң  мүлкiн қалыптастыру  көздерiнiң  бiрi 
болып табылады.  
3. Тұтыну кооперативi алған табыстар және Қазақстан Республикасының заңдарында 
тыйым салынбаған өзге де көздер басқа қорларды қалыптастыру көзi болып табылады.  
4.  Тұтыну  кооперативiнiң  қорларын  қалыптастыру  мен  пайдалану  тәртібін,  олардың 
қайта бөлiнуiн тұтыну кооперативiнiң жалпы жиналысы белгiлейдi. 
28-бап. Тұтыну кооперативi мүшелерiнiң мүлiктегi үлесi  
1.  Тұтыну  кооперативiнiң  барлық  мүшелерiнiң  тұтыну  кооперативiнiң  мүлкіндегі 
(мүлiк  құнындағы)  үлесi  олардың  тұтыну  кооперативiнiң  мүлкіндегі  салымына  бара-бар 
анықталады.  
2.  Тұтыну  кооперативiнiң  жарғысы  немесе  жалпы  жиналыс  олардың  әрқайсысының 
мүлiктi құруға және көбейтуге қосқан үлесiне қарай олардың үлесiн анықтау және өзгерту 
тәртібін белгiлеуi мүмкiн.  
3. Тұтыну кооперативiнiң әрбiр мүшесi өзiнiң қалауына қарай өз үлесін сатуға, сыйға 
беруге,  мұраға  қалдыруға,  кепiлге  салуға  не  осы  Заңда  және  жарғыда  көзделген 
талаптарды сақтай отырып, оған өзгеше түрде билiк етуге құқылы.  
4.  Мүлiктегi  өз  үлесiмен  қандай  да  бiр  операциялар  жасау  алдында  тұтыну 
кооперативiнiң  мүшесi  тұтыну  кооперативiнiң  жарғысында  белгiленген  мерзiмде 
атқарушы органға ортақ мүлiктен өз үлесiн бөлiп берудi талап етiп арыз беруге мiндеттi. 
29-бап. Тұтыну кооперативi мүшесiнiң мүлiктегі өз үлесiне билiк етуi  
1.  Тұтыну  кооперативi  мүшесiнiң  тұтыну  кооперативi  мүлкіндегі  үлесi  мүлiктiк 
(пайлық)  жарнаны  толық  төлегенге  дейiн  жарна  төленiп  қойған  бөлiгiнде  ғана  иелiктен 
алынуы немесе кепiлге салынуы мүмкiн.  
2. Тұтыну кооперативiнiң мүшесi тұтыну кооперативiнiң мүлкіндегі өз үлесiн немесе 
оның  бiр  бөлiгiн  өз  таңдауы  бойынша  тұтыну  кооперативiнiң  бiр  немесе  бiрнеше 
мүшесiне  сатуға  немесе  өзге  де  әдiспен  беруге  құқылы.  Дәл  солайша  тұтыну 
кооперативiнiң  мүшесi  басқа  мүше  алдындағы  өз  мiндеттемесiн  қамтамасыз  ету  үшiн 
үлесiн  кепiлге  салуға  құқылы.  Бұл  мәмiлелердi  жасауға  тұтыну  кооперативiнiң  келісімi 
немесе тұтыну кооперативiнiң басқа да мүшелерiнiң келісімi талап етiлмейдi.  
3. Тұтыну кооперативi мүшесiнiң өз үлесiн (оның бiр бөлiгiн) үшiншi тұлғаға беруiне 
немесе тұтыну кооперативi мүшесiнiң үшiншi тұлға алдындағы мiндеттемесiн қамтамасыз 
ету үшiн үлесiн (үлестiң бiр бөлiгiн) кепiлге салуына жол берiледi.  
4.  Тұтыну  кооперативiнiң  жарғысында  үлестi  үшiншi  тұлғаға  сату  белгiлi  бiр 
талаптарды орындағанда ғана жол берiлетiн болып көзделуi мүмкiн. 
30-бап. Иелiктен алынатын үлестi сатып алуға басымдық берiлетiн құқық  
1.  Тұтыну  кооперативi  мүшесiнiң  үлесiн  немесе  тұтыну  кооперативi  мүшелерi 
бiреуiнiң  үлесiн  немесе  оның  бiр  бөлiгiн  сатқан  жағдайда  оны  сатып  алуға  тұтыну 
кооперативiнiң  мүшесi  үшiншi  тұлғаларға  қарағанда  басым  құқықты  пайдаланады. 
Мұндай  құқықты  тұтыну  кооперативiнiң  әрбiр  мүшесi  пайдалана  алады.  Егер  сатып 
алудың  басым  құқығын  пайдаланғысы  келетiн  тұтыну  кооперативiнiң  бiрнеше  мүшелерi 
болса  және  жарғыда  немесе  тұтыну  кооперативі  мүшелерiнiң  өзге  де  келісімiнде  өзгеше 
көзделмесе,  үлестi  (оның  бiр  бөлігін)  сатып  алудың  басым  құқығын  тұтыну 
кооперативiнің мүшелері  тұтыну кооперативiнiң мүлкіндегі  өз үлесiнiң мөлшерiне қарай 
жүзеге асырады.  
2.  Тұтыну  кооперативiнiң  мүшесiнен  үлесiн  сатуға  ұсынуы  туралы  хабарлама  алған 
кезден бастап жетi күн iшiнде атқарушы орган бұл туралы тұтыну кооперативiнiң барлық 
мүшелерiне  хабарлайды.  Тұтыну  кооперативiнiң  сатып  алудың  басым  құқығын  жүзеге 
асырғысы келетiн мүшесi жетi күн мерзiмде бұл туралы атқарушы органға хабарлап, бұл 


орайда  сатуға  ұсынылып  отырған  үлестi  толық  немесе  оның  белгiлi  бiр  бөлiгiн  сатып 
алғысы келетiнiн көрсетуге тиiс.  
3. Егер түскен ұсыныстардың жиынтық көлемi сатылатын үлестiң мөлшерiнен аспаса, 
тұтыну  кооперативi  мүшелерiнiң  әрқайсысы  оның  өз  хабарламасында  көрсеткен  бөлiгiн 
сатып  алады.  Үлестiң  қалған  бөлiгi,  егер  бұлайша  иелiктен  айыруға  дейiн  тұтыну 
кооперативiнiң мүшелерiнен қосымша ұсыныстар келiп түспесе, үшiншi тұлғаға иелiктен 
алынып берілуi мүмкiн.  
4. Үлес немесе оның бiр бөлiгi  сатып алудың басым құқығын бұза отырып сатылған 
жағдайда тұтыну кооперативiнiң кез келген мүшесi үш ай iшiнде сот тәртібімен осы құқық 
бұзушылыққа шағымдана алады.  
5. Иелiктен алынатын үлестi  сатып алудың басым құқығы үлестi  сатудың кез келген 
әдiсi жағдайында, оның iшiнде сауда-саттықта жүзеге асырылады.  
6. Үлестi сатып алудың басым құқығын басқаға беруге жол берiлмейдi.  
7.  Иелiктен  алынатын  үлестi  немесе  оның  бiр  бөлiгiн  тұтыну  кооперативiнiң  мүшесi 
(мүшелерi) сатып алған жағдайда оның кооператив мүлкіндегі үлесi көбейедi.  
8.  Осы  баптың  ережелерi  үлестi  айырбас  шарты  бойынша  иелiктен  алу  кезiнде  де 
қолданылады.  
9. Үлестi немесе оның бiр бөлiгiн үшiншi тұлғаға сату кезiнде тұтыну кооперативiнiң 
мүшелерi  оны  сатып  алудың  басым  құқығын  пайдаланғысы  келмеген  жағдайда  сатып 
алудың басым құқығын тұтыну кооперативiнiң өзi пайдалана алады. 
31-бап. Басқа мүшелердiң үлестi сатып алудан бас тартқан кезiнде тұтыну кооперативi 
мүшесiнiң үлесiн сату  
1.  Тұтыну  кооперативiнiң  жарғысында  тұтыну  кооперативi  мүшесiнiң  өз  үлесін 
үшінші тұлғаларға сатуына тыйым салу немесе оны шектеу көзделуі мүмкiн.  
2.  Yлестi  сатуды  сатушыға  байланысты  емес  мән-жайлар  бойынша  осы  баптың  1-
тармағында  көзделген  тыйым  салу  немесе  шектеулер  сақтала  отырып  жүргiзу  мүмкiн 
болмаған  жағдайда  тұтыну  кооперативiнiң  үлесiн  сатқысы  келетiн  мүшесi  осы  үлестi 
сатып  алуды  немесе  оны  үшiншi  тұлғаға  сатуға  рұқсат  берудi  талап  етiп,  тұтыну 
кооперативiне жүгiнуге құқылы.  
Осы нұсқалардың бiрiн таңдауды тұтыну кооперативi мүшелерiнiң жалпы жиналысы 
жүргiзедi.  
3.  Тұтыну  кооперативi  үлестi  сатып  алған  кезде  үлестiң  бағасы  тараптардың 
келісімiмен, ал келісімге келе алмаған жағдайда сот арқылы белгiленедi.  
4.  Тұтыну  кооперативi  үлестi  үшiншi  тұлғаға  сатуға  келiскен  жағдайда  тұтыну 
кооперативiнiң мүшелерi үлестi сатып алуға басым құқығын сақтап қалады. 
32-бап.  Тұтыну  кооперативi  мүшесiнiң  үлесiн  тұтыну  кооперативi  сатып  алуының 
салдары  
1. Тұтыну кооперативi мүшелерiнiң үлесiн тұтыну кооперативi сатып алғаннан кейiн 
тұтыну  кооперативi  тұтыну  кооперативiнiң  басқа  мүшелерiне  осы  үлестi  жалпы 
жиналыстың шешiмiмен белгiленген баға бойынша сатып алуды ұсынуға мiндеттi.  
2. Yлестi сатып алуға тұтыну кооперативiнiң бiрнеше мүшесi ниет бiлдiрген жағдайда 
үлес олардың арасында тұтыну кооперативiнiң мүлкіндегі үлестерiне бара-бар мөлшерде 
бөлiнедi.  
Тұтыну кооперативiнiң мүшесi  сатып алған үлес мөлшерi  осы мүшеге сатып алғанға 
дейiнгi тиесiлi үлес мөлшерiне қосылады. Бұл орайда тұтыну кооперативiнiң бiр мүшесiне 
тиесiлi болуы ықтимал үлес мөлшерiнiң шектелу мүмкiндiгi сақталады.  
3.  Тұтыну  кооперативi  жалпы  жиналыстың  шешiмiмен  тұтыну  кооперативі  атынан 
сатып алынған үлесті үшінші тұлғаға сатуға құқылы. 
33-бап.  Тұтыну  кооперативiнен  шығарылуға  тиiстi  тұтыну  кооперативi  мүшесiнiң 
үлесiн бөлiп беру  


1.  Тұтыну  кооперативінен  шығарылуға  тиісті  тұтыну  кооперативі  мүшесiнiң  үлесiн 
бөлiп беру жалпы жиналыстың шешiмi бойынша жүргiзiледi.  
2.  Тұтыну  кооперативiнiң  мүшесi  тұтыну  кооперативiне  немесе  оның  мүшелерiне 
қасақана  зиян  келтiрген  жағдайда  олар  зиян  келтiрушiден  бөлiнген  үлесi  есебiнен 
келтiрiлген зиянның толтыруды талап етуге құқылы.  
3.  Егер  тараптар  орны  толтырылатын  зиянның  және  тұтыну  кооперативiнiң 
шығарылуға тиiстi мүшесiне бөлiнетiн үлестiң мөлшерi туралы келісімге келе алмаса, дау 
сот тәртібімен шешiледi. 
34-бап. Тұтыну кооперативi мен оның мүшелерiнiң мүліктiк жауапкершiлiгi  
1.  Тұтыну  кооперативi  өз  мiндеттемелерi  бойынша  өзiне  тиесiлi  барлық  мүлкiмен 
жауап бередi және тұтыну кооперативi мүшелерiнiң басқа мiндеттемелерi бойынша жауап 
бермейдi.  
2. Тұтыну кооперативiнiң мүшелерi қордаланып қалған залалды жыл сайынғы баланс 
бекітілгеннен кейiн қосымша жарналар арқылы үш ай iшiнде жабуға мiндеттi.  
3.  Тұтыну  кооперативi  мүшелерiнiң  тұтыну  кооперативiнiң  мiндеттемелерi  бойынша 
субсидиарлық  жауапкершiлiгi  Қазақстан  Республикасының  азаматтық  заңдарында 
көзделген тәртiппен белгiленедi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет