Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың



Pdf көрінісі
бет121/262
Дата03.09.2022
өлшемі6,24 Mb.
#38391
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   262
Байланысты:
Финал-ӘНХ-2021-2022

53-кесте. «Биология» пәні бойынша жиынтық бағалау саны 
Сынып 
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны 
1-тоқсан 
2-тоқсан 
3-тоқсан 
4-тоқсан 
7-сынып 




8-сынып 




9-сынып 




Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарына сәйкес
7-9-сыныптарда «Биология» пәнінің апталық жүктемесі 1 сағатты құрайды. 
Сондықтан осы оқу жоспарымен оқытылатын «Биология» пәні бойынша 
тоқсандық жиынтық бағалау өткізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа 
қойылады.
«Биология» 
пәні 
бойынша 
білім 
алушылардың 
біліміндегі 
олқылықтарды толықтыру жөнінде ұсынымдар:
2021-2022 оқу жылында «Биология» пәні бойынша шектеу шаралары 
кезіндегі оқу жылдарында жіберілген білім алушылардың біліміндегі 
олқылықтардың орнын толықтыру және жаңа оқу жылының оқу бағдарламасын 
меңгерту бағытында мақсатты шараларды жыл бойы жүргізу ұсынылады. 
Аталған шараларды келесі кезеңдер бойынша жүргізу ұсынылады:
Диагностикалық жұмыс: 
- пәннің оқу бағдарламасы мазмұны бойынша диагностикалық бақылау 
жұмысын жүргізу (өткен оқу жылындағы күрделі тақырыптар, оқу мақсаттары); 
- тақырыптар бойынша білімдегі олқылығы бар оқушылардың санына 
байланысты өткен тақырыптардың және оқу мақсаттарының қиындық ретін 
анықтау; 


159 
Жоспарлау жұмысы: 
- пәннің оқу бағдарламасы бойынша өткен оқу жылдарының оқу 
мақсаттарына жаңа оқу жылындағы сәйкесті оқу мақсаттарын анықтау;
- сәйкесті оқу мақсаттары анықталған сабақтардың қысқа мерзімді 
жоспарларын мақсаттарды үйлестіре, кіріктіре отырып дайындау; 
- пәннің оқу бағдарламасының оқу мақсаттары бойынша олқылықтары 
анықталған оқушылардың топтарымен өткізілетін кеңестер кестесін жасау. 
Жүзеге асыру және талдау жұмысы: 
- пән бағдарламасы бойынша оқу мақсаттары кіріктірілген қысқа 
мерзімді жоспар негізіндегі сабақты ұйымдастыру арқылы оқушылардың 
біліміндегі олқылықтарын толықтыра отырып жаңа оқу мақсаттарын меңгерту; 
- меңгерілмеген және қиындық тудыратын оқу мақсаттары, пән 
тақырыптары бойынша білім алушылар үшін қосымша оқу материалдарын 
дайындау; 
- білім алушылардың қажеттілігіне қарай және ата-аналардың келісімімен
білімдегі 
олқылықтардың 
орнын 
толықтыру 
мақсатында, 
жеке 
консультациялар, қосымша сабақтар («демалыс мектептері», «каникулдық 
мектептер», «жазғы мектептер» ұйымдастыру) өткізуде пән бойынша күрделі 
тақырыптарды меңгерту; 
- білім алушылардың білім сапасына жүргізілген жүйелі мониторинг 
жұмысының нәтижесін талдау және әдістемелік бірлестікте талқылау 
ұсынылады. 
«Биология» пәндері бойынша шектеу шаралары кезіндегі оқу 
жылдарында жіберілген білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды 
анықтауды ауызша сұрақ қою, өзара бақылау, жазбаша жұмыстар, тестілеу 
арқылы жүргізу ұсынылады.
Пән бойынша анықталған қателер мен олқылықтарды 4 блокқа 
топтастыру ұсынылады: 
- тірі организмдердің көп түрлілігі, құрылымы мен қызметтері; 
- көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік, эволюциялық даму; 
- ағза мен қоршаған орта; 
- қолданбалы кіріктірілген ғылымдар.
Осылайша пән мазмұнының жүйесіне қарай топтастыру олқылықтың 
орнын толықтыруда реттілікті қамтамасыз етеді, зерттелетін тақырыптарды 
анықтау және қосымша білім беруді жоспарлау кезінде оқу мақсаттары 
арасындағы жүйелілікті сақтаған дұрыс. 
7-сыныпта оқу жылының алғашқы апталарында 6-сыныптағы «Жаратылыстану» 
пәнінен алған білімін ескеріп, сабақтастықты сақтау ұсынылады. 
7-сыныпта 1-тоқсанда «Экожүйелер» бөлімін бастағанда 6-сыныптың 
«Жаратылыстану» пәнінен 4-тоқсанда өткен «Экология және тұрақты даму» 
бөлімін естеріне түсіріп, ондағы олқылықтарды жоюға болады.


160 
Білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру үшін біріктіруге болатын оқу 
мақсаттары мысал ретінде ұсынылады: 
«Экожүйелер» бөлімінде: 
7-сыныптағы:
7.3.1.1 жергілікті жер экожүйесі қоршаған орта факторларының тірі 
ағзалардың тіршілік әрекеті мен таралуына әсерін зерттеу; 7.3.2.1 адам мен 
экожүйе арасындағы қарым-қатынастарды сипаттау; 7.3.2.2 экожүйеге 
жағымсыз әсер ететін адам тіршілігінің салаларына мысалдар келтіру оқу 
мақсаттарын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   262




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет