Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


-сынып «Нeміс тілі»



бет39/234
Дата20.10.2022
өлшемі1,07 Mb.
#44356
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   234
1-сынып

«Нeміс тілі»




«Француз тілі»

Alles über mich




Tout sur moi

Meine Schule




Mon école

Meine Familie und meine Freunde




Ma famille et mes amis

Umgebung




L’environnement

Reise




Voyage

Traditionen und Folklore

Les fêtes et les traditions

Essen und Getränke

Repas

Ein gesunder Geist in einem gesunden Körper!

Un esprit sain dans un corps sain

2-сынып

Alles über mich

Se présenter, parler de soi

Meine Familie und meine Freunde

Ma famille et mes amis

Meine Schule

Mon école

Umweltbedingungen

L’environnement

Ein gesunder Geist in einem gesunden Körper!

Un esprit sain dans un corps sain

Sitten und Bräuche

Les traditions et les coutumes

Umwelt

L’environnement. Les saisons

Reisen

Vacances et voyage

3-сынып

Belebte Natur

Vive la nature!

Licht und Schatten

La ville

Zeit

Ma journeé de travail

Architektur

Nous faisons des courses

Kunst

L’art

Berühmte Persönlichkeiten

Les Grands Hommes

Wasser – Quelle vom Leben

Culture et repos

Erholungskultur, Feier

Bientôt les vacances!

4-сынып

Sport in Kasachstan

Sport

Werte in den Mythen und Legenden

La Francophonie

Kulturerbe

Un ami étranger

Berufswelt und Kommunikationen

Le monde des métiers

Naturerscheinungen

Phénomènes naturels

Ein gesunder Geist in einem gesunden Körper!

Un esprit sain dans un corps sain

Weltraumreise

Mes loisirs

Autos

Les transports

Пәндер бойыншa әр тоқсaндa 1 рeт бөлім (БЖБ) бойынша жәнe тоқсaн (ТЖБ) бойынша жиынтық бaғaлaу жүргізіледі. 1-сыныптa жиынтық бaғaлaу жүргізілмeйді.
2-4-сыныптaрдa БЖБ үшін eң жоғaры бaлл кeміндe 7 жәнe 15 бaлдaн aспaуы тиіс. Төмeндe бөлім/өтпeлі тaқырып үшін жиынтық бaғaлaу процeдурaлaрының сaны бeрілгeн (17-кeстe).
17-кeстe. «Нeміс тілі», «Француз тілі» пәндері бөлім бойыншa жиынтық бaғaлaу сaны

Сыныбы




Жиынтық бaғaлaу сaны бөлім/ортaқ тaқырып үшін




1 тоқсaн

2 тоқсaн

3 тоқсaн




4 тоқсaн

2-сынып

2*

2*

2*

2*




3-сынып

2*

2*

2*

2*




4-сынып

2*

2*

2*

2*




* Жиынтық бaғaлaудa бөлім / ортaқ тaқырыпқa сөйлeу қызмeтінің eкі түрі біріктірілeді (мысaлы, тыңдaу жәнe сөйлeу; оқу жәнe жaзу).

«Шетел тілі» пәні бойынша білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру жұмыстарын ұйымдастыру


Білім алушылардың «Шетел тілі» пәні бойынша білімдегі олқылықтарының орнын толтыру бойынша жүйелі жұмыс төмендегідей міндеттерді шешуге бағытталған:

  • «Шетел тілі» пәні бойынша білім алушылардың үлгерімі мен білім сапасын арттыруға бағытталған кешенді шаралар қабылдау;

  • өзін-өзі бақылауға үйрету;

  • өзін-өзі бақылау қажеттілігін қалыптастыру;

  • орындалған жұмысқа жауапкершілік танытуға тәрбиелеу; • білім алушылардың жеке шығармашылық қабілеттерін дамыту.

«Шетел тілі» пәні бойынша білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтау және қайта қалпына келтіру бойынша жұмысты ұйымдастыру төмендегідей кезеңдерден тұрады:
І кезең. Жалпы қателіктерді анықтау
II кезең. Қателерді түзету
ІІІ кезең. Жіберілген қателіктерді талдау

  1. кезең. Кемшіліктерді жоюды жоспарлау

  2. кезең. Кемшіліктерді жою. Сыныпта талдау жұмысын жүргізу

  3. кезең. Алдын алу шаралары

І кезең. Жалпы қателіктерді анықтау
Жазбаша жұмыстарды тексеру, ауызша жауап беру, өзіндік және өзара бақылау барысында жүзеге асады.
Жазбаша жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу және өзі дербес орындауын қатаң бақылау ұсынылады. Қателерді анықтауға арналған жазбаша жұмыстың тиімді түрлері:

  • оқу жылының басында және соңында қателіктерді талдау үшін жеке өзіндік жұмыс үшін әр кестеге мәліметтер матрицасын және оған сәйкес

тестілеу беріледі;

  • оқу жылында пән бойынша дәстүрлі бақылау, кесінді бақылау жұмысы, теориялық материалды жазбаша зерттеу.

Белгілі бір тақырыптың типтік қателері мен жалпы білім беру дағдықабілеттерін анықтауға бағытталған ББҚ (білім, білу, қабілет) ауызша тексеру. Тест тапсырмаларында есте сақтауды (меңгергендерді жаңғырту), ойлауды (салыстыру, дәлелдеу, жалпылау), сөйлеуді дамытатын сұрақтар қамтылуы тиіс. Ауызша емтиханның сапасы сұрақтардың іріктелуіне және олардың қойылу реттілігіне байланысты болуы қажет. Әрбір сұрақ логикалық түрде толық, қысқа және нақты болуы керек.
Білім алушылардың бойында өзін-өзі бақылау дағдылары мен қабілеттерін қалыптастыру олардың қателіктерін өз бетінше табуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ол тәрбиелік, психологиялық, педагогикалық тұрғыдан тиімді. Мысалы, мынадай формаларды пайдалануға болады: «Қатені тауып, түсіндіріңіз» (өзіңіздің сыныптасыңыз жасаған, педагог жоспарлаған), «Жауабын тексеріп, қатесін түсініңіз», «Жауабыңызды бағалаңыз».
Білім алушылардың оқу іс-әрекетінің сапасы мен тиімділігін өзара бақылау педагогке олардың білімін тексеруге көмектеседі және адалдық пен әділеттілік, ұжымшылдық сияқты жеке қасиеттерінің дамуына ықпал етеді. Білімді өзара тексеру білім алушылардың белсенділігін дамытады, білімге қызығушылығын арттырады. Өзара бақылау барысында білім алушылардың жеке ерекшеліктері ашылады, білімге қызығушылығы артады.
II кезең. Қателерді түзету
Қателерді түзету қателерді анықтаумен қатар жүреді. Әрбір білім алушы өзінің «проблемалық» тақырыптарын бірнеше рет қайталауы арқылы шет тілін меңгеруде оң нәтижеге қол жеткізе алады.
- Деректер матрицасы - бұл тест нәтижелері енгізілетін кесте. Бұл сыныптағы «меңгере алу» картинасын тұтастай және әрбір білім алушыны жеке көруге мүмкіндік береді;
Қателіктерді есепке алу (барлық жазбаша жұмыстарда «меңгере алуын» бақылау). Бұл белгілі бір тақырыпты немесе ережені меңгере алмаған әр білім алушының қандай проблемалары бар екенін анықтауға мүмкіндік береді. Нақты қателіктер туралы ақпарат әрбір білім алушының мәліметтеріне енгізіледі (18кесте)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет