Бұқаралық партиялар – үнемі жақтап дауыс беретін сайлаушылары, сүшелері, белсенділері көп партиялар. Олардың ресми мүшелері болмайды. Партиялық билет алып, мүшелік жарна төлемейді.
Бұрмалаушылық– өз мақсатына жету үшін шындықты бұрмалау, жасандылық, жалғандық.
Бүлік – бір топ адамның мемлекеттік төңкеріс жасау мақсатымен жасаған іс-әрекет.
Бюрократ −1) азаматтардың мүддесіне нұқсан келтіріп, өз міндеттерді формальды түрде атқаратын қызмет қадамы; 2) басқарудың бюрократиялық жүйесіне жататын ресми қызметтегі адам.
Бюрократизм – істің мәніне немқұрайлы, формальды қарау, істі көпке созу..
Вето – тыйым салу; вето құқығы – заң шығаратын адамдардың қарақына тыйым салу немесе заңның күшін тоқтату
Визит – халықаралық байланыстарды дамытуға ондағы күрделі мәселелерді шешуге бағытталған түрі. Мысалы, оған мемлекет тарапынан үкімет басшылары, ресми делегациялардың кездесулері жатады
Волютаризм –саяси серкелердің қоғамдық өмір жағдайларымен санаспай, өз бетімен күштеу әдістеріне сүйеніп жүргізілген саясаты
Вотум – өкіметке я оның кейбір мүшелеріне сенім білдіру (вотум доверия) немесе сенім білдірмеу (ветум недоверия) мақсатында сайлау арқылы қабылданған шешім
Геноцид - адамдарды шығу тегіне, бір ұлттың, діннің өкілі болуына байланысты әдейі қыру немесе қудалау
Геосаясат - сыртқы саясатты географиялық факторларға байланысты жүргізетін саясат
Геронтократия – ақсақалдық билік жүргізу принципі. Басқарудың бұл түрі алғашқы қауымдық қоғамға тән. Сонымен қатар үкімет билігі жасы келген адамдардың қолында тұрған мемлекеттерге де байланысты айтылады
Глобальдылық - бүкіл жер шарын қамтитын, әлемдік мәселелерді шешуге арналған ғылыми бағыт
Гуманизм - адамзаттың еркін жетілуне негізделген мақсатты әлеуметтік қозғалыс.
Дәуір – қоғамның, табиғаттың, саясаттын, ғылымның, жалпы өзіндік ерекшеліктері бар ұзақ кезең
Деидеологизация – идеологиялық әсерінсіз, таза ғылымды жасауға, қоғамдық прогресті идеологиядан аластатуға тырысушылық