Ќазаќстан республикасыныњ


Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиет (V-VІІІ ғ.ғ.)



Pdf көрінісі
бет148/416
Дата07.01.2022
өлшемі1,82 Mb.
#18345
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   416
 
Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиет (V-VІІІ ғ.ғ.). 
Бұмын  қағанның  (Елхан)  түрк  тайпаларының  басын  қосып,  Түрк 
қағанатын  құрғандығы.  Бұмынның  мұрагерлері  Мұқан  қаған  мен  Естемі. 


 
88 
Елтеріс қағанның түрктерді тауғаштардан азат етуі. Күлтегін мен Білге қаған, 
Тоңұқұқтың тұсындағы Түрк қағанаты.  
«Орхон  ескерткіштері»,  оның  жазылу  себебі.  Зерттелуі.  Ескерткіштің 
кілтін табудағы белгілі ғалымдар В. Томсен мен В.В. Радловтың еңбектері. 
Орхон  жазуларының  жанры.  И.В.  Стеблеваның,  Қ.  Өмірәлиевтің,  Ғ. 
Айдаровтың,  М.  Жолдасбековтің  пікірлері.  Жырдың  қазақтың  дәстүрлі 
эпосымен  ұқсас  екендігі.  Ортақ  ұқсастық-бірліктері:  тақырыбы,  көтерген 
мәселесі,  көркемдеу  тәсілдері,  сөз  қолданысы  тұрғысынан  қарастыру. 
Жырдың  туындыгері  кім?  Йоллық  тегін,  Тоңұқұқ  туындыгерлігі  жөніндегі 
пікірлер. «Тегін» және «құл» сөздерінің мағынасы (Қашқари сөздігінде). 
Орхон  жазуының  мазмұны  мен  айтар  ойы.  Білге  қағанның  ел-жұртқа 
үндеуі.  Жырдағы  айтылатын  негізгі  мәселе  елдің  тәуелсіздігі,  береке-бірлігі 
екендігі.  Ұрпақтарға  өсиеті.  Түріктердің  630-680  жылдары  тәуелсіздік 
тізгінінен  айырылып  қалу  себебін  түсіндіруі.  Бұмын,  Естемі  қағандардың 
орнына  отырған  хандардың  біліксіздігін  сынауы.  «Жаным  –  арымның 
садағасы» дейтін дәстүрлі жан-дүниесінің көрінісі. Көк Тәңірі мен түрктердің 
қасиетті  жер-суы,  Елбілге  анадан  Елтеріс  атты  ердің  тууы.  Қаһармандары: 
Білге қаған, Күлтегін, Тоңұқұқ. 
Жырдағы  оқиғаны  ұйыстырушы  негізгі  тұлғаның  Күлтегін  екендігі. 
Оның он жасында ер атанып, он алты жасқа келгенде ел-жұртын молайтқаны. 
Отыз  бір  жасқа  дейінгі  ерліктері,  елге  қорған  бола  білгендігі,  қырық  жеті 
жаста қаза табуы. 
Білге  қаған  халқының  қамын  ойлап,  күндіз  отырмаған,  түнде 
ұйықтамаған Елбасы екендігі. Көрші тайпалардың бағалауы. 
Тоңұқұқ  бейнесінің  «Оғыз  қаған  жырындағы»  ұлық  Түрік  және 
қазақтың Бұхар жырауымен ұқсастығы. Қара Ертісті жайлаған қарлықтардың 
Сәбек  тайпасынан  шыққандығы.  Тоңұқұқ  –  сол  кездегі  түрк  қағанатының 
саяси-әлеуметтік  және  әскери  ісінің  барлығын  өз  қолынан  өткерген  дана 
абыз. Тоңұқұқтың ұрпағы – Тәтетұнға туралы мәлімет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   416




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет