Қазақстан тарихы бойынша түсіндірме жазба


Қазақстан ЕҚЫҰ-на төрағалық етуінің тарихи маңызына талдау



бет60/93
Дата17.02.2022
өлшемі1,1 Mb.
#25739
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   93
2. Қазақстан ЕҚЫҰ-на төрағалық етуінің тарихи маңызына талдау жасаңыз.

Қазақстанның халықаралық ауқымда танылудың жаңа сапалық деңгейіне көтерілгенін көрсететін оқиға - Қазақстанның 2010 жылы Еуропа қауіпсіздігі және ынтымақтастығы ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалық етуі. Осыған байланысты экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, технология мен басқару тәжірибесін алып келуге, қазақстандық заңдарды жетілуге септігін тигізетін “Еуропаға жол” атты арнайы бағдарлама қабылданды.Қазақстанның Еуропа қауіпсіздігі және ынтымақтастығы ұйымына төрағалыққа ұсынылуы жөніндегі шешім аталған ұйымға мүше 56 мемлекеттің 100 пайыздық келісімімен қабылданды,Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алғанына 16 жыл толуына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінде Президент Н.Назарбаев былай деді:”Қазақстан- ЕҚЫҰ-ға төрағалық ететін бірінші ТМД елі,ол-бірінші түркі елі,ол-тарихи тұрғыдан өркениетті ислам кеңістігіне жаттын бірінші ел,соңында,ол-бірінші азиялық ел.Сондықтан бұл біздің ортақ жеңісіміз”.2010 жылдың желтоқсанында Астанада аса ауқымды халықаралық кеңес- Еуропа қауіпсіздігі және ынтымақтастығы ұйымының (ЕҚЫҰ) саммиті өтті. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде мұндай ауқымды шараны өткізіп отырған бірінші мемлекет болды. ЕҚЫҰ-ға төрағалық Қазақстанға дамыған саяси демократиясы бар, барлық елдермен тең және ізгі қатынастар жасайтын қоғам ретінде сеніп тапсырылды. Ұйымға қатысушы елдер Қазақстанның төрағалығын қолдап дауыс бергенде, біздегі ұлтаралық татулық пен келісімнің бірегей моделіне, жүргізіліп жатқан нарықтық жетілдіруге де көңіл аударды.Қазақстан өзге елдермен көп мәселелерді қамтыған сұрақтар бойынша белсенді диалогтер жүргізе отырып, өзіне ғаламдық деңгейде ұжымдық қауіпсіздікке ұмтылатын мемлекет мәртебесін бекітті.Астана – 2010 саммитіне сарапшылар ЕҚЫҰ-ның даму үрдісіндегі жаңа сапалық кезең деп баға берді. ЕҚЫҰ төрағалығында қазақ елінің ұраны ретінде төрт «Т» таңдап алынды: «Trust,Traditions Transparency, Toleranse» («Сенім», «Дәстүр», «Транспаренттік», «Төзімділік»). Бірінші –сенім. Екіншісі – ЕҚЫҰ-ға негіз болған принциптер мен құндылықтарды қатаң ұстау. Үшіншісі – екіұдай стандарттар мен шекаралық сызықтардан ада халықаралық қатынастарда барынша ашық және қауіп төнуі мүмкін шабуылдарды жою жолында ынтымақтастықта болу. Төртінші – жаңа заманда аса үлкен маңызға ие болып отырған мәдениетаралық және өркениетаралық диалогті нығайту жолында трендтерді бетке ұстау.Бүгінгі күні еуропалық қауіпсіздік ұғымына тек дәстүрлі Еуропа мен еуроатлантикалық байланыстар емес, сондай-ақ Еуразияның кең-байтақ кеңістігі де кіреді. Сондықтан, Қазақстан еуропалық қауіпсіздік мәселелерін талқылауда ортаазиялық мүддені ескеріп, Ауғанстан мәселесін кіріктіре отырып, осы аймаққа ЕҚЫҰ қызметінің аса қажеттігіне баса көңіл аударды. Ұлтаралық және конфессияаралық келісімдегі қоғамды құруда озық тәжірибеге ие болған Қазақстан мәдениетаралық диалог пен төзімділіктің ЕҚЫҰ кеңістігінде өзекті мәселе екендігін атап көрсетті. 2010 жылғы 1-2 желтоқсанда Астанадағы ЕҚЫҰ саммитінің қорытынды құжаты ретінде астана декларациясы қабылданды. Ел президентінің пікірінше, Астана декларациясының қабылдануы еуроатлантикалық және еуразиялық қауіпсіздіктің біртұтастықта болуына жаңа негіз салып берді. «Біз дүниеге Батыс пен Шығыс немесе түстік пен теріскей деген кереғар түсініктермен емес, ендіктер мен бойлықтар үйлескен тұтас әлем ретінде қарауымыз керек. Сондықтан, біз бүгін Астанада еуроатлантикалық және еуразиялық біртұтас қауіпсіздікті қалыптастыру жолына қадам бастық», - деді өз сөзінде Н.Ә.Назарбаев.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет