«Қазақстан тарихы», «ДҮниежүзі тарихы», «ҚҰҚЫҚ негіздері» ПӘндерін оқытудың ерекшеліктері, 5-11



бет17/17
Дата30.10.2022
өлшемі113,17 Kb.
#46275
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Жоба материалдары Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтында орналастырылған https://www.nao.kz).
Тәрбие бағытының бірі білім алушыларды құқықтық тәрбиелеу.
«Құқықтық сана – қауымға пана» жобасы білім алушылардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық санасын және құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған. Осы жоба шеңберінде білім беру ұйымдарында заманауи әдістемелер негізінде білім беру және тәжірибеге бағдарланған іс-шараларды өткізу жоспарлануда.
Білім алушылардың сана-сезімі мен құқықтық мәдениетінің қалыптасу критерийлері: негізгі заңдарды білу, түсіну және міндетті түрде орындау, құқықты, заңдылықты құрметтеу, алған білімдерін күнделікті өмірде өз бетінше және функционалдық сауатты түрде пайдалана білу; нормаларға қайшы келмейтін мінез-құлық, құқыққа қарсы құбылыстардың, әрекеттердің кез келген түрін қабылдамау, академиялық адалдық.
Жоғары сыныптарда білім алушыларды құқықтық-жауапкершілік нормаларымен таныстыру қажет. Білім алушылар бала құқығы туралы БҰҰ Конвенциясының негізгі ережелерін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексін, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» және «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» ҚР Заңдарын білулері тиіс. Жасөспірімдердің денсаулығы мен қауіпсіз мінез- құлқы мәселелерін зерттеуге назар аудару ұсынылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет