Тақырып 10. Азаматтық қарсыласу кезіндегі Қазақстан. – 2 сағ. Жоспар.
Қазақстан 1917 жылғы Ақпан төнкерісінің кезіне.
Қазақстанда Кеңес өкіметі орнауының ерекшеліктері.
1917-1920 жж. Қазақстандағы ұлттық автономияларының тарихы.
Қазақстан аумағындағы азаматтық соғысы.
Дәріс тезистері.
1917 ж. Қазан төңкерісі, оның алғышарттары. Қоғамның түрлі әлеуметтік топтарының революцияға қатынасы. Қазан революциясының әлеуметтік базасы және қозғаушы күштері.
Қазақстанда Кеңес өкіметі орнауының ерекшеліктері. II жалпы қазақ съеэі және оның ұлттық автономия туралы шешімі. “Алаш” партиясы саяси күрес факторы. “Қоқан автономиясын” талқандау. Кеңестердің алғашқы қадамдары және оны қоғамның қабылдауы. Азамат соғысы (1918-1920 жж) халық трагедиясы. Ақ” және “Қызыл” террор. Соғыс жылдарындағы саяси партиялар мен қозғалыстардың ролі мен орны. Қазақ Кеңестік мемлекеттілігінің құрылуы. Қазақ өлкесін басқару жөніндегі Революциялық комитеттің құрылуы. Ревкомнан Кеңеске көшу. РСФСР БОАК мен ХКК-нің Түркістан ісі жөніндегі Комиссияның қызметі. Кеңес Үкіметінің 1920ж. 26 тамыздағы “Автономиялы Қырғыз (Қазақ) Социалистік Кеңестік республикасын құру туралы” Декреті. ҚАКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі. “Қазақ АКСР еңбекшілері праволарының Декларациясы” және оның мазмұны. Республиканың Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар Кеңесінің құрылуы. Қазақстандағы “Соғыс коммунизм” саясаты (1918-1921 жж. наурыз). Өнеркәсіпті национализациялау. Экономиканы басқаруды орталықтандыру. Азық-түлік диктатурасын өндіру. “Таптық террордың” күшеюі. Экономикалық дағдарыс. Өнеркәсіптің құлдырауы. Ауыл шаруашылығы өнімінің кері кетуі. 1921-1922 жж. Аштықтың қайыршылық масштабы. Шаруалардың қарсылық қозғалыстары: өлкедегі кеңеске қарсы көтерілістер.
Тақырып 11. Тоталитарлық тәртіптің нығаю кезіндегі Қазақстан. – 2 сағ. Жоспар.
Қазақстанның мемлекеттік құрылысы.
Жаңа экономикалық саясаттың негізгі мазмұны.
Қазақстанның индустриалдық дамуы.
Ауыл шаруашылығының ұжымдастыру және оның салдары.
Ф.И. Голощекиннің “Кіші Октябрь” бағыты. Жаппай құғын-сүргіндер.
Дәріс тезистері.
Қазақстандағы ЖЭС. ЖЭС-ке әлеуметтік – экономикалық және саяси алғышарттары. Орта және ұсақ өнеркәсіпорындарын денационализациялау. Социалистік, капиталистікке дейінгі және стихиялық-рыноктық тенденциялардың күресі: “кім-кімді” мәселесі. Экономикада көп укладты құрылымның қалыптасуы. Қазақстанның оңтүстігіндегі жер-су реформасы және оның нәтижесі. ЖЭС-тің әлеуметтік-экономикалық қорытындылары.
Өлкедегі Кеңестік мемлекет құрылысы. Территориялық-әкімшілік орналасу. Қазақ жерін ҚКАСР құрамына біріктіру. Демографиялық ситуация:1926 ж. Халық санағы.
Өлкедегі қоғамдық-саяси және идеялық күрес. “Кіші Октябрь” және қазақ ауылын күштеп кеңестендіру саясаты: Ф.И.Голощекин және оның креатурасы. Оппозиция. 1927-1928 жж ауылшаруашылық өнімдерін дайындаудағы дағдарыс. Салық режимінің күшеюі. Шаруаларға қарсы жаппай репрессияның өрістей бастауы. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру – Қазақстан шаруаларының трагедиясы. “Сталиндік аграрлық революция”: мақсаттары мен мәні. “Отырықшыландыру” саясатының экологиялық, рационалдылық, әлеуметтік тиімділік мәселелері туралы. Кулактар мен байлардың шаруашылығын жоюға бағыт алу. “Кулактарды жою” 1932-1933 жж. аштық. Халықтың жаппай қоныс аударуы. Индустриализациялау: сипаты, қарқыны, масштабы. Жұмысшы табы кадрлары қалыптасуының ерекшеліктері. Урбанизациялау процесі.
Өлкедегі мәдени өмір. Ұлттық интеллигенцияның идеялық көзқарастары. Жаңа кеңестік қазақ интеллигенциясының қалыптасуы. Ұлттық интеллигенцияның трагедиялық тағдыры. Халыққа білім беру. Ересек адамдардың сауатсыздығын жою. Қазақ кеңес әдебиетінің қалыптасуы. Қазақ кеңес өнерінің қалыптасуы. Халық театрының пайда болуы. Бейнелеу өнері. Кітап басып шығару және баспасөз.