Қазақстан тарихы Сессия жауаптары(Админ-11) 1)Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


) Саяси сенімсіздік пен халықтарды Қазақстанға күштеп депортациялау



Pdf көрінісі
бет53/66
Дата14.09.2023
өлшемі1,02 Mb.
#107515
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   66
Байланысты:
Тарих ответы(Админ-11)

73) Саяси сенімсіздік пен халықтарды Қазақстанға күштеп депортациялау. 
Кеңес Одағын мекендеген халықтардың сталиндік зорлықзомбылықтан, геноцид пен этноцидтен, 
саяси қуғын-сүргіннен аман қалған жоқ. Кеңес үкіметі жылдарында жекелеген партия, кеңес, 
комсомол қызметкерлері ғана емес, тұтас бір халық сенімсіз де сатқын ұлт қатарына жатқызылып, 
тарихи атамекенінен күштеп жер аударылды.1920-1950 жылдары тұрғындарды күштеп көшіру 
сталиндік қуғын-сүргіннің негізгі құрамдас бір бөлігіне айналды. Жалпы КСРО-да депортацияға 
ұшырағандардың саны 1920 жылдан 1949 жылға дейін 3,2 миллион адамға жетті. КСРО-да күштеп 
қоныс аударту 3 белгі бойынша жүзеге асырылды: 1.этностық белгілері бойынша депортация 
(«жазаланган халықтар», «шегараларды тазалау»,«сенімсіз халықтар»); 2.әлеуметтік-таптық 
белгілері бойынша депортация (1934 жылға дейінгі кулақтарды жер аудару) кезінде келгендер, 
арнайы көшірілгендер (спецпереселенцы); 3.саяси мүдде негізіндегі 1934-1944 жылдары 
көшірілгендерді «еңбек қоныстарындағылар» деп атады. 1944 жылдан бастап «арнайы қоныс 
аударылғандар» деген атау қолданылды. Жоғарыда аталған күштеп жүргізілген депортациялардың 
ішінде мерзімі жағынан большевиктік әлеуметтік-таптық геноцид бірінші болып жүзеге асырылды. 
Кубань казактары, зиялылар, діни адамдар алғашқы большевиктік тәжірибенің құрбанына 
айналды. Одан кейін кулақтар мен байларды тап ретінде жою басталды. Қазақстандағы байларды 
тәркілеу барысында шамамен 5500 отбасы сыртқа көшірілсе, Қазақстанға Орта және Төменгі Еділ 
бойы, Мәскеу облыстары, Солтүстік Кавказ өңірінен 1932-1933 жылдары мыңдаған адам жер 
аударылды. Қазақстан «Сібір» сөзінің синониміне айналды. Кулак деп аталған миллиондаған 
шаруаның көзін құртқан этнодемографиялық дағдарыс КСРО халықтарына зор зиянын тигізді. Олар 
арнайы комендатураларда есепте тұрды. ГУЛАГ қызметі жүйесіне күшпен тартылып, көмір өндіру, 
металл өндірісі, темір жол мен электростанциялар, НКВД (Ішкі істер Халық Комиссариаты) құрылыс 
объектілерінде, мақта өсіру, қызылша, қант өндірістерінде және т.б. салаларда жұмыс күші ретінде 
пайдаланылды. 1936 жылы КСРО ХКК құпия қаулыларының негізінде Батыс Украинадан Қазақ АКСР-
не 15 мың поляк пен неміс шаруаларын көшіріп, қоныстандыру басталды. Олардың көп бөлігі 
Солтүстік Қазақстанға, қалғаны Оңтүстік Қазақстан облыстарына орналастырылды. Ресейдің ішкі 
аудандарынан, Украинадан, Белоруссия мен басқа республикалардан арнайы коныс 
аударылғандардың жалпы саны 1936 жылға қарай 360 мың адамға жетті. Соғыстың алдында 
Қазақстан аумағына тағы да поляк ұлты өкілдерінің екінші толқыны көшіріліп әкелінді. 1939-1940 
жылдары Гитлер армиясының Польшаға басып кіруіне байланысты Батыс Украина, Белоруссиядағы 
поляктар қосымша кашып келе бастады. 1940-1941 жылдары 200 мыңдай поляк Ақмола, Ақтөбе, 
Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Талдықорған, Жамбыл, Алматы облыстарына 


орналастырылды. Тоталитарлық тәртіптің құрсауына алғашқылардың бірі болып қиыршығыстық 
корейлер ілікті. Олардың кейбір бөлігін 1935-1936 жылдары күштеп әкімшілік қоныс аудару 
басталды. 1938 жылдың көктемінде корейлерді көшірудің екінші кезеңі басталды. Енді олар 
тұрақты мекендерге орналастырылды. 70 корей ұжымшары республиканың 8 облысында – 
Қызылорда, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Оңтүстік 
Қазақстанда орналасты. Олар балық және ауылшаруашылығымен айналысты. КСРО-ның ұлт 
саясатындағы 30 жылдардағы қуғын-сүргініне иран ұлты да ілікті. Түрікменстан, Әзірбайжан, Грузия 
және Армения аудандарында тұрып жатқан ирандықтар 1938 жылы қазан-қараша айларында 
Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарына көшірілді. Күрдтердің Қазақстанға депортациясы да 
соғыска дейінгі кезеңнен басталады. Кеңес үкіметі орнағаннан кейін Әзірбайжан құрамында 1923 
жылы Күрдістан автономиялы республикасы құрылғаны белгілі. Алайда 1936 жылы күрдтердің 
ғасырлар бойғы арманы аяқ асты етіліп, өздері «сенімсіз халықтар» қатарына жатқызылды. 1937 
жылдан бастап ешбір негізсіз 7,3 мың күрд Армения, Әзірбайжан аумағынан көшіріліп, Орталық 
Азия мен Қазақстанға қоныстандырылды. Дәл осындай «сценариймен» қарашай, қалмақ, шешен, 
ингуш, балқар және т.б. Солтүстік Кавказ, Грузия, Қырым өңірі халықтары «фашистік 
басқыншылармен жақындасты» деген желеумен көшіріліп, ұлттық автономиялар жойылды. 1943 
жылы Қарашай автономиялы республикасы жойылып, жалпы саны 45,5 мың адам Қазақстанның 
Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарына орналастырылды. Қалған отбасылар Қырғызстанға, 
Өзбекстанға аттандырылды. Жалпы саны 40 мыңдай балқардан Солтүстік Кавказ түгелдей 
«тазартылды», 46,6 мың балқар отбасы оңтүстік облыстарғақоныстандырылды. Қалғандары 
Қырғызстанға жөнелтілді. 1945 жылға карай Қазақстанға көшірілген шешендер мен ингуштардың 
жалпы саны 406,3 мың адамға жетті. 1944 жылы Орталық Азия мен Қазақстанға Грузиядағы 
күрдтердің екінші толқыны, 1948-1950 жылдары үшінші толқыны күштеп көшірілді. Екінші 
дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін майданнан қайтқан майдангер-күрдтер туғандарын таба 
алмай әуре-сарсаңға түсті. Олардың өздері 50 жылдардың соңына дейін арнайы қоныстардағы 
НКВД органдарына айына 2 рет барып белгіленіп тұруға міндетті болды. 1943 жылғы 28 қазандағы 
бұйрық негізінде Қалмақ АКСР-інен 2,2 мың адам Қызылорда облысына көшірілді. 1944 жылы 
Берияның бұйрығымен Қырымды «кеңестерге қарсы элементтерден» тазарту үшін 2000 жүк 
машинасы әзірленді. 1944 жылы мамырда 50 эшелонға тиелген татар ұлты өкілдері түгелдей 
Қырым АКСР-інен қуылды. Депортация барысында Қазақстанға 4501 татар, 7 мың болгар мен грек 
әкелінді. Депортацияға ілінген месхеттік түріктер Грузияның оңтүстік-батыс аудандарынан 1944 
жылы қарашада Қазақстанға әкелінді. Жалпы 1943-1944 жылдары Қазақ КСР-іне 109,3 мың отбасы 
арнайы қоныстандырылды. Жергілікті қазақ халқының үлес салмағы 1939 жылмен салыстырғанда 
38%-дан 30%-ға дейін кеміп кетті. Тіптен кейбір аймақтарда қазақтардың үлес салмағы 2 есеге 
азайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет