Қазақстан тарихшыларының Ұлттық конгресі қазақстан тарихы: инновациялық ТҰжырымдамалар мен дәуірлеу



Pdf көрінісі
бет13/39
Дата03.03.2017
өлшемі3,02 Mb.
#6455
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   39

Әдебиеттер
1. Қазақстан Републикасыныңы Ұлттық ғылым академиясы Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этология 
институты, Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты. Қазақстан тарихы. – Алматы: Атамұра. – 2002. - 96-
97 бб.
2.Зиманов С.З. Общественный строй казахов первой половины ХІХ века. –Алма-Ата. – 1958. - 21 б.
3.  Артықбаев  ж.О.  Қоғам  және  этнос  (ХҮІІІ  ғасырдағы  қазақ  қоғамының  этноәлеуметтік  құрылымы).-
Павлодар. -2004, 282 б.
4.  Қобладин  Қ.И.,  Меңдікұлова  Г.М.  Өзбекстандағы  қазақтардың  тарихы  және  бүгінгі  дамуы.  –Алматы: 
«Атажұрт». – 2009. - 74 б.
5. Чиң (Цин) патшалығы Чэнзун патшаның орда естелігі. Қолжазба. -183 т., 54 б.
6. Мендикулова Гурнара. Казахская диаспора: история и современность. – Алматы: Атажурт. -2006. - С. 94.
7. Жолдасов Сәбит. Бірліктің басы болған – Ордабасы. –Шымкент: «Жібек жолы». -1996. -35 б.
8. Қоғам және этнос (ХҮІІІ ғасырдағы қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымы). 82 б.
9. Казахско-русские отношения в ХҮІ-ХҮІІ веках (Сборник-докуметов и материалов). -1961. - № 79. - С. 186; 
Абылай хан (өмірі мен қызметіне қажетті құжаттар мен матиалдар).-Астана: Астана баспасы. -2005. -81 б.
10.  Мұқаметханұлы  Нәбижан.  Дипломатиялық  қатынастар  және  қытайтану    мәселелері.  –Алматы:  Тарих 
тағылымы. -2010. -95 б.
11. Златкин И.Я. История джунгарского ханства (1635-1758). –М., 1964. - С.438.
12. Бұл да сонда.
13. Бұл да сонда. - С.400.
14. Фу Хың. Жоңғарды тыныштандырудың жалпы жобасы (Қолжазба). 1777, 9 т., 29 б.
15. Цин (Чиң) Гаозун патшаның орда естелігі (қолжазба бойынша). - 481 т., 15-16 б.
16. Бұл да сонда. 7-8 б.
17. Бұл да сонда. 512 т, 22-23 б.
18. Сейдін Н.Б. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы: қалыптасуы, мәселелері және айқындау 
барысы. –Алматы: Школа ХХІ века. -2006, 10 б. 

87
19. Зардыхан Қинаятұлы «Кенесары ханды екінші рет өлтіруге болмайды//Жас Алаш. -2012 ж. - 20 қыркүйек. 
- № 75 (15741). - 5 б.
20. Бекмаханов Е.Б.Присоединение Казахстана к России. –М.: АН ССР. -1957. - С. 342.
21. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы: қалыптасуы, мәселелері және айқындау барысы. 10 б.
22.  Цин (Чиң ) Гаозун патшаның орда естелігі (қолжазба бойынша). - 543 т. 11 б.
23. Чиң (Цин) Гаозун патшаның орда естелігі (қолжазба бойынша). - 606 т. - 17-18 бб.
24. Бұлда сонда. - 548 т., 9-10 бб.
25. Бұл да сонда.
26. Бұл да сонда. - 543 т. - 17 б.
27. Ш.Ш.Уәлиханов.Ұлы жүз туралы. Шоқан Уәлиханов таңдамалы.-Алматы: Жалын.-1985. 92 б.
28. Чиң (Цин) Гаозун патшаның орда естелігі (қолжазба бойынша). -.550 т. - 10 б.
29. Мұқаметханұлы Нәбижан. Қытай қазақтарының қоғамдық тарихы (1860-1920).- Алматы: ҚАЗақпарат. - 
2000, 54 б.
30. Цин (Чиң ) Гаозун патшаның орда естелігі (қолжазба бойынша). -609 - 18 б..
31. Бұл да сонда. - 793 т. - 20 б.
32. Бұл да сонда. - 777 т. - 8 б.
33. Шоқан Уәлиханов таңдамалы. - 92-93 бб.          
34.Международные отношения в центральной Азии. События и документы. - М.,2011.- 378 б; 382 б.
35.Воскресенский А.Д. Дипломатическая история русско-китайского Санкт-Петербургского договора 1881 
года. - М.,1981. - С.260.
 36.Дипломатическая история русско-китайского Санкт-Петербургского договора 1881 года. 152 б.
37. Терентьев М.А. История завоевания Средней Азии. 1906//Қытайша аудармасы. - Пекин. 1986. 
38. Қытай-ресей шекара келісімдер жинағы. - Пеккин.-1973// Қытай қазақтарының қоғамдық тарихы (1860-
1920). - 99 б.
39. Дипломатическая история русско-китайского Санкт-Петербургского договора 1881 года. - С.127.
40. Бұл да сонда.
41.Баранова Ю.Г. К вопросу о переселении мусльманского населенния Из Илийского  края в Семиречье в 
1881-1883 гг. (1881-1883 жылдары мұсылман тұрғындарының Іледен жетісуға көшу проблемасы)//Қаақ ССР ҒА 
шығыстану бөлімінің еңбектер жинағы. – Алма-Ата. 1959. Бірінші кітап.
42. Зардыхан Қинаятұлы. Моңголия қазақтары //Қазақ диаспорасы: Бүгіні мен ертеңі. - Астана: «Елорда». 
-2005. -92-93 б. 
43. Грумм-Гржимайло Г.Е. Западная Монголия и Урианхайский край.  -Л., т.3. – 1930; Зардыхан Қинаятұлы. 
Моңголия қазақтары, 2- кітап. - Алматы. -2007. - 12 б.
44. Потанин Г.Н. Щчерики Северно-Запалной Монголии (Путечествие по Монголии). – М.; 1948. - С 38-39. 
-  Моңголиялық қазақтар. 3 кітап, Қобдалық қазақтар. –Алматы: Тарихи тағылым. -2012. - 50 б.
45.  Абақ керей. –Күйтүн: Іле халық баспасы. -1994. - 92 б.
46.  Зардыхан  Қинаятұлы,  Шілдебай  Қылаңбайұлы.  Моңғолдағы  қазақтар  3-  кітап  Қобдалық  қазақтар.  –
Алматы: Тарихи тағылымы.-2012. - 53-54 бб.
47. Зардыхан Қинаятұлы Моңголия қазақтары //Қазақ диаспорасы: Бүгіні мен ертеңі. –Астана: Елорда. - 2005. 
-97 б. 
48. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. –Алматы: Мектеп. -2008. - 458 б.
49. Покровский С.Н. Образавание Казахской АССР: Сборник докуметов и материалов. - Алма-ата: Изд.АН 
КазССР. - С. 385.
50. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы: қалыптасуы, мәселелері және айқындау барысы. 24-
25 б.
51. Айталы.А. Ресей қазақтары//Қазақ диаспорасы: Бүгіні мен ертеңі. - Астана: «Елорда». -2005. -77 б. 
52.  Қалшабаева  Бибизия.  Орта  Азия  қазақтары  (тарихи-этнографиялық  зерттеу)  докторлық  ғылыми 
диссертаицның Авторефераты. –Алматы. 2010. - 14 б.
53. Құдайбергенова Айжамал. Қазақстандағы көші-қон үдерісінің тарихи демографиялық қыры (1917-1991 
жж.). –Алматы: Елтанм баспасы. -2011. - 107 б.
54. Мұқаметханұлы. Нәбижан Қаңлы мемлекет – Қазақ тарихының  өзекті мәселелері. – Павлодар: «Brand 
Print». -2010.53 б.
55. Шаниязов К. К этнической истории узбекского народа. – Ташкент: Фан.-1972. - С.92.
56. Әбдуәли Қайдар. Қаңлы. –Алматы: Дайк-Пресс. -2004. -100 б.
57. Орта Азия қазақтары (тарихи-этнографиялық зерттеу): Автореферат ... т.ғ.д. - 15 б.
 58. ӨРОМА.P-1- тізбе, 721 іс, 314-315, 349-пп.
 60. Әділ Бек қаба. Қазақ Өзбек шекарасын айқындауда қай жылғы құжаттар негізге алынады // Жас Алаш. 
-200. -28 науырыз. № 38.
61. ҚырРОМА. 847-қор, 1- тізбе, 27 іс, 135-136 –пп.
62. Қытай қазақтарының қоғамдық тарихы (1860-1920 жж.). –Алматы: ҚАЗақпарат. – 2000. – 225 б.

88
ОМАРОВА Б.Қ.
ДҮКЕНБАЕВА З.О.
ТАЛҒАТБЕК М.
т.ғ.к., проф., ЕҰУ
т.ғ.д., проф. МТИ
студент
ӘЛ-МАШАНИ – ХХ ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛЫ ТҰЛҒА
«... Бұл кісіден бұрын да, кейін де даналар болды. Бірақ олардың ішінде... дәл Фарабидей геомет-
рия, музыка, астрономия сияқты үш ғылым саласына бірдей ұлы үлес қосқан... аса ірі жаңалық ашқан 
ғалымдарды табу қиын... Платон, Аристотель, Птоломей сияқты ғұламалар музыканы жөнді меңгере 
алмағанын өздері жазып кеткен...» Бұл жарты ғасырдай уақыт бойы үзбей әл-Фараби мұрасын зертте-
умен шұғылданып келе жатқан ғұлама ғалым Ақжан Жақсыбекұлы Машановтың тұжырымы [1].
Қазақстан республикасының дамуы ұлттық, жалпыадамзаттық және демократиялық құндылықтар 
мен  ұстанымдар  негізінде  биік  мұраттарға  бағыт  түзеп  келеді.  Тәуелсіздік  жағдайында  әлеуметтік-
экономикалық, саяси-құқықтық реформалардың іске асырылуы еліміздің мәдени-рухани өміріне жаңа 
сипат,  тың  мазмұн  беруде.  Осындай  реформалық  өзгерістер  отандық  тарих  ғылымының  мазмұны 
және құрылымымен бірге оның әлеуметтік қызметіне де жаңартушылық ықпал жасады. Осыған бай-
ланысты  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  «Тарих  дегеніміз 
өткеннің ғана сабағы емес, ол едәуір дәрежеде болашақтың да көрінісі», «қазақ тарихы фактілердің 
өлі қоймасы емес, бұл өзі орасан зор дәйектеуші және дәлелдеуші күш»деп атап көрсеткен болатын 
[2]. Республиканың тәуелсіздік тізгінін өз қолына алып, егемен ел болуы төл тарихымызды жаңаша 
зерделеуге  мүмкіндік  берді.  Осыған  орай,  бүгінде  еліміздің  тарихында  өзіндік  терең  із  қалдырған 
тарихи тұлғаларға ұлттық мүдде тұрғысынан лайықты баға беру жолында көптеген ғылыми-зерттеу 
жұмыстары жүргізіліп, тарихымыздың ақтаңдақ беттері ашыла түсуде. Себебі кез-келген өркениетті 
елде тарих ғылымы сол елдік жолындағы халықтың жүріп өткен жолын, әсіресе күрделі тарихи сүреңдер 
кезеңінде еліне тағлымы мен танымдығы мол парасат иелерінің қоғамдық-ғылыми қызметімен қатар 
тарихта терең із қалдырған жеке тарихи тұлғалардың өмір жолын зерттеу арқылы өзінің гуманистік 
міндетін  орындап  отырған.  Оның  үстіне  әр  кезеңде  тарихи  тағдырлары  бұрмаланып  келген  жеке 
тұлғалар туралы тарихи шындықты қалпына келтіру бүгінгі ұлттық тарихымыздың қалпына келуі үшін 
де аса қажет. Өйткені, тарихи тұлғаларға ұлттық көзқарас ұстану жас ұрпақтың бойында отаншылдық 
сезімді қалыптастыратыны белгілі. Кез-келген дәуірдің ерекшелігі де, мәні де жеке тұлғалар арқылы 
анықталады. Тарихи тұлғаны заманы тудырып, халық құрметіне бөлейді. «Ер сын сағатта танылады» 
деген халық даналығының ақиқатын ұлтымыздың тарихы талай рет дәлелдеген. Елдің елдігі, ердің ер-
лігі сыналар кезде өмір сынағынан сүрінбей өткен тұлғаның есімін халқы ұмытпайды. Құбыла соққан 
саясат  желі  қаншалықты  құйтырқы  мінез  танытқанымен,  тұлғалар  тағдырын  талқыға  салып,  ұрпақ 
жадына салмақ салғанымен, бәрібір халық сүйікті перзентінің есімін жадында сақтап, түптің түбінде 
тиісті бағасын беріп, құрмет төріне шығарады [3].
Кәрі  тарихтың  еншісіне  айналған  өткен  XX  ғасыр,  дәлірек  айтсақ,  20  ғасырдың  бас  кезінен  90-
жылдарға  дейінгі  бөлігі  Қазақ  елінің  тарихында  қайғылы  да,  қиыншылығы  мол,  әлеуметтік-рухани 
салада елеулі жетістіктерге қол жеткізген кезең болды. Дәл сол қоғамда өмір сүріп, қызмет еткен, оның 
жағымды және келеңсіз тұстарын көрген, сезінген және жүрек сүзгісінен өткізген, оның адамгершілік-
ке жат, алаш ұлтына қауіпті тұстарына терең ойлы ұлылығымен танылған тұлғалары болды. Кемел ой-
мен түбегейлі ұлы істің пайдасы, жегізер жемісі, ұрпақ парасаты тек ғана ұлы ұстаз тағлымына байла-
нысты. Мақтаныш сезіммен айтылатын, Ұлан-ғайыр еңбегі көрсетілген, Орта Азия мен Қазақстандағы 
Фарабитанудың  көшбастаушысы,  бас  ұйтқысы,  мәшһүр  ғалым,  есімі  әлемге  әйгілі,  Ғылым  Акаде- 
миясының  негізін  қалаушылардың  бірі  емес,  бірегейі,  ғұлама  ғалым  Ақжан  Жақсыбекұлы  әл-Ма- 
шанидың есімі, сөз жоқ, ерекше. Әл-Машанидың халқына қалдырып кеткен мұраларына ғажап сезім-
мен толғана отырып, мәңгі өшпес ұлы істеріне үлкен сезіммен қарайсын. Көзінің тірісінде аты аңызға 
айналған тұлғалар тарихта көп кездесе бермейді. Олар ғылым саласында мейлінше аз. Бұл түсінікті 
де. Ғалымдар әр заманда болған, ал, ғұламалар қатарына кіру – қоғамда сирек кездесетін құбылыстың 
бірі.  Ғұламаның  жарқ  ете  қалуы  –  замана  сұранысынан.  Қоғамның    тұрмыс-тіршілігі  күрделенген 
сайын еңбектің жаңа салалары пайда болып, оның әрқайсына басие боларлық тұлғаларға қажеттілік 
туындайды. Тарих шығыршығын айналдыруға екпін беретін тұлғалар әрекетінің болмысын дөп басып 
ұғыну оңай емес. Әсіресе рухани саладағы ізашарлық миссияның жөні мүлде өзгеше. Оқу-білімнің, 

89
ғылымның табыстары қандай қиыншылықпен келетінін дана халқымыз ежелден білген ғой. Әйтпесе 
«Білекті бірді жеңеді, білімді мыңды жеңеді», «Оқу инемен құдық қазғандай» деген ұлағатты сөздері 
бүгінгі күнге дейін жетер ме еді. Қазақ менталитетінде оқу-білімнің қаншалықты жоғары бағаланғанын 
Абай, Шәкәрім, Шоқан, Ыбырай, Ахмет, Әлихан, Міржақып мұраларынан айқын көруге болады. Олар 
отарланған, әлемдік бәсекелен шет қала бастаған қазақ қоғамының тағдыры, болашағы, өркендеуі не-
месе өшуі ендігі жерде тек білімге, ғылымға, өнерге тіреліп тұрғанын айтудан еш жалықпаған ойшыл-
дар. Тұтастай алар болсақ, XX ғасырды қазақ баласының білім-ғылым үшін жанталасқан ғасыры деп 
пайымдауға толық негіз бар. Қалай болғанда да, социалистік қоғам ұлт республикаларының мәдени 
дамуына соны серпін бере алды. Жаппай сауатсыздықты жоюмен, алғашқы университет пен техникум-
дарды ұйымдастырумен басталған жорық Қазақстанда тарих сахнасына Мұхтар мен Қанышты, Әміре 
мен Күләшті, Кенен мен Исаны шығарды. Алыптар шоғырында 100 жылдық мерейтойын ЮНЕСКО 
деңгейінде тойланған ғұлама ғалым Ақжан Жақсыбекұлы әл-Машани тұр. 
Мәңгі тарихта қалатын оқиға – Юнесконың шешімімен 2006 жылдың әл-Машани жылы деп жари-
ялануы. Осылайша дүниежүзіне аты әйгілі фарабитанудың Көшбастаушысы, біртуар ғұлама ғалымның 
өз отанына, халқына, әлемге және білім мен ғылымды дамытуға сіңірген зор еңбегі бағаланып отыр. 
Артына асыл мұра қалдырған абзал жан Ақжан Жақсыбекұлы әл-Машанидің жарқын да сүйкімді бей-
несі оның жаратылысына тән табиғи нәрсе. Уақыт өткен сайын Республика ғылым Академиясының 
іргетасын қалаушылардың бірі емес бірегей құрылтайшысы атанған, қазақстандағы ғылым дәрежесін 
дүниежүзілік деңгейге көтерген батыр тұлға – әл-Машанидің қадірлі есімі шоқ жұлдыздай жарқырап 
ел есінде мәңгі қалады. Әр нәрсенің қайнар бұлағы бар. Сол бұлақ өрістейді, қанат жаяды, кеңейеді. 
Алайда, сол нәрсенің түу басындағысы – алтын бастауы ұмытылмайды. «Тұңғыш» деген анықтауышпен 
тарих беттеріне таңбалана береді. Мәселен, адамзаттың бастауы – Адам ата мен Хауа ана. Олардың есімі 
заманалар санасынан жоғалмақ емес. Айтпағымыз бүкіл мағыналы өмірін халқының ұлы мақсатты жо-
лына, өресі биік жас ұландарына ұлтжандылықтың ұшқыр үлгісін танытқан абыз ғалым - азаматтың 
тоқсанның сеңгірінен асса да, соңғы демі біткенше сол мақсат жолында жасаған қызметі сан қилы. Сол 
сан қилы тағдырды Алла тағала әл-Машанидің пешенесіне жазыпты. Негізгі мамандығы тау-кен инже-
нері, атақты геолог-ғалым жер қойнауындағы үнсіз тұнба болып жатқан сан алуан қазба байлықтарды 
әр жақты зерттеп-игеру, оларды халықтың игілігіне толық пайдалану, асыл қазыналардың ғаламат бай 
кен көздерін табу, әсіресе болашағы зор мұнай, алтын, түсті және сирек кездесетін металдардың кен 
орындарын ашу сияқты күрделі проблемаларды шешу үшін еңбектенді.
1971 жылы Мәскеуде өткен халықаралық конгрестің мәжілісінде әл-Фарабидің ЮНЕСКО ауқымында 
1100 жылдық мерейтойын өткізу мәселесі қозғалған кезде бүкіл әлем ғалымдарын таңдандырған оқиға 
болды. Батыс пен Шығыс ғалымдарының бәрі араб ғалымы деп білетін әйгілі Әбу Насыр әл-Фараби 
арабтың да, түріктің де ғалымы емес, қазақтың тікелей бабасы болғаны бұлтартпастай дәлелденген еді. 
Бұл оқиға тек ұлы ғұламаның өмірі мен еңбегін тереңдеп білумен қатар, дүниежүзі зерттеушілері әлемде 
қазақ деген ұлт бар екенін, тіпті бүкіл адамзат өркениетінің бір бастауы көне қазақ жерінен таралғанын 
мойындап, таңғалысты. Сонда әл-Фарабидің қазақ бабасы екенін әлем ғалымдарына мойындатқан кім 
болды? Қазақ жұрты ғана емес, сол кезеңдегі Кеңес Одағы ғалымдары мұндай ірі зерттеуді жүргізген 
тарихшы да, рухани саланың ғалымдары емес, құжат бойынша геолог ғалым Ақжан Машани екеніне 
қанығып таңырқасумен болды. Ал осы айтулы тұлға Ақжан Машани деген кім? Бұл жөніндегі сауалға 
қазіргі кезде қазақтың көптеген жастары тұрмақ ғылыми ортаның өзі де сараңшылдық танытатындығы 
байқалады. «Су түбінен асыл тас су толқыса шығады, ой түбінен асыл сөз ой толқыса шығады,» - дейді 
халықтың даналық мақалы. Сол шындық әл-Фарабидің ізіне түсуге себеп болды. Ел басына күн туған 
кезде өткен заманның ерлері еріксіз еске түседі екен. Ұлы Отан соғысының қызған кезі болатын. Соғыс 
жабдығын жасайтын Алтайдағы өндіріс орындарының бірінде болып қайтқан кезім еді... Батыс ел-
дерінен соғыстан ығысып келген ғалымдар Алматыда ол жылдары көп болатын. Әсіресе олар Ғылым 
академиясының қазақстандық филиалы маңында шоғырланды. Сол кезде филиалдың бастығы болып 
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев келген-ді. Батыс жақтан келуші ғалымдардың бәрі де сол Қанышпен бай-
ланысты жұмыстар атқаратын. Чехословакиядан келген Э.Я. Кольман деген математика ғылымының 
тарихын жақсы білетін ірі ғалым, профессор филиалда біздерге баяндама жасады. Сол баяндама маған 
зор әсер етті. Ол 1943 жылдың басы болатын Баяндаманың негізгі мазмұны Орта Азия мен Қазақстан 
ғалымдарының орта ғасырлардығы ғылымға қосқан үлесі туралы еді. Ақжан әл-Машанидің тұлғасын 
толыққанды тану үшін, әуелі ғұлама ғалымның әлемдік деңгейдегі ғылыми танымдық зерттеу мәйегі 
болған  әл-Фараби  туралы  тарихи  құжаттар  дерегіне  тоқталайық:Ислам  діні  тарамай  тұрған  кезде 
Отырар өңірінің, Тұранның-Сарматтың көне мәдениеті жоғары болған. Ертедегі мәліметтерде Отырар 
жоғары  мәдениетті,  оның  кітапханасы  дүние  жүзіндегі  кітапқа  бай  орын  болған.  Осы  жағынан  ол 

90
Александриядан кейінгі екінші орын алады деп жазған Александрия ғалымы Птоломей. Әл-Фараби 
бала кезінде Отырарда туған. Оның әкесі атақты, ауқатты, қолында билігі болған. Әл-Фараби сауатын 
балалық шағында өзінің елінде, өзінің ана тілінде алған. Ол 16 жасында (кейбір мәлімет бойынша 12 
жасында) керуенге ілесіп Бағдатқа оқуға келген. Ол кезде Бағдат халифасының сенімді сарбаздарының 
көбі түркістандықтар-мамлюктер, яғни әл-Фараби елінен болған. Сол себепті әл-Фарабидің бұл жерден 
ғылым үйренуіне жағдай болды деп білеміз. Оның үстіне Бағдат Арун Рашид кезінен бастап ғылым, 
өнер қуған адамдарға қақпасын кең ашқан. Алғашқы кезде әл-Фараби өзін ақын, әнші, күйші, музы-
кант ретінде танытқан. Кейін ол ірі ғалымдардан дәріс тыңдап, сабақ алған. Оның алғашқы ұстаздары 
Александриядан, Византиядан ығысып келген ғалымдар болған. Грек, араб тілдерін меңгерген соң, 
басқа шаһарларда тұратын ғалымдардан дәріс алады. Содан ол араб елдеріне келіп, еңбектерін араб 
тілдерінде жазып мәшһүр болды. Әл-Фараби ғұмырының соңын Сирия-Шам елінде өткізген. Өйткені, 
сол  кезде  Сирияның  мәдени  өркендеу  деңгейі  басқа  араб  елдеріне  қарағанда  жоғары  болған.  Әл-
Фарабидай ұлы дананы атақты әмір Сайф ад-Даула Хамдани құрмет тұтқан. Мұның бір себебі, қыпшақ 
батырлары  Бағдат  әмірлері  болған.  Олармен  жақсы  қарым-қатынаста  болу  үшін,  олардың  ағалары 
қыпшақ ғұламасына ерекше қасиет көрсетуді мақсат етеді. Сөйтіп, әл-Фарабиді арнайы шақыртады. 
Салтанатты кешке келген ғалымның сәлемін ерекше ілтипатпен қабылдаған әмірге әл-Фараби: «Тақсыр 
сіздің көрсеткен жеріңізге отырайын ба, әлде өзімнің қалаған жеріме барып отырайын ба?» дейді. Оны 
сынамақ болып: «Қалауыңыз білсін» дейді әмір. Әл-Фараби жұртты айналып өтіп, тақтың қасынан 
әмірмен тізерлей келіп жайғасады. Мұндайды ұната қоймаған әмір, тақ күзетшісіне тек қана өздері 
түсінетін тілде: «Мына қарт әдепсіздік көрсетті. Егер мәжілісті гүлдендіре алмаса оны қалай жазалау-
ды ұмытпаңдар» дейді. «Әлбетте тақсыр» дейді олар. Әл-Фараби сол тілде: «Сабыр түбі сары алтын, 
істің ақырын күткен дұрыс» дейді. Патша сасып қалады: «Бұл тілді сіз де білетін бе едіңіз?» дейді. 
«Таңданбаңыз, мен жетпіс тіл білемін» дейді баба. Отырғандар ғұламаға бірінен соң бірі сұрақ қойып, 
көп  жайттан  қанығады.  Араларынан  қыңыр  сұрақ  қойып,  ғалымды  сүріндірмекшілер  де  табылады. 
Бірақ ғұлама бәріне дұрыс жауабын беріп, жөнін айтып отырады. Сол кездегі әдет бойынша, яғни қазіргі 
кезде келелі кеңесте жүргізілетін стенограмма тәрізді сол әмір мәжілісінде әл-Фарабиға қойылған 46 
сұрақ пен оған берілген жауаптары сақталғанын әл-Машани нақты білген[4]. Әл-Машани 1970 жылы 
«Жазушы» баспасынан шыққан «әл-Фараби» тарихи романында сол әмір өткізген мәжілістегі оқиғаны 
нанымды  түрде  көркем  тілмен  жазып  қалдырған.  Әл-Фарабидің  қыпшақ  перзенті  екендігін  заман-
дастар арасында алғаш әйгілеген құжат А. Машанидың Қазақ ҚСР ҒА президенті Қаныш Сәтбаевқа 
жазған хат, бұл күндері мәшһүр ғалымның жеке отбасылық мұрағат қорында сақталынған. Әл-Машани 
сөзімен  айтсақ,  бұл  FA-да  әл-Фараби  еңбегін  кеңінен  баяндаған  құжат.  Сонан  соң  Ақаңның  1961 
жылы Академияның №5 хабаршысында жарияланған «әл-Фараби еңбектері туралы» мақаласы болды. 
Мақалада әл-Фарабидің 1100 жылдығын атап өту жөнінде мәселе қозғағанда, оның қолында сол кезде-
ақ көптеген деректер жинақталғанын көрсетеді. Сол мәліметтерге қарағанда әл-Фараби еңбектерінің 
жалпы  саны  жүзден  асқан.  Зерттеушілердің  айтуынша  әл-Машани  өзінің  әл-Фараби  еңбектерін 
бөлек-бөлек  қағаздарға  жазып,  көрінген  шәкірттеріне  бере  салады  екен.  Соның  салдарынан  оның 
еңбектерінің арабша көп нұсқасы жоғалып кеткен. Бірақ арабша нұсқасы жоғалып кеткен еңбектерінің 
біразы латынша, еврейше аудармаларда сақталған. Оның бұл еңбектерін Еуропа ғалымдары кең түрде 
пайдаланған. Ал араб ғалымдары әл-Фараби тірі кезінде де, өлгеннен кейін де оны өздерінің ұстазы 
деп білген. Әсіресе, оның еңбектерін Орта Азия ғалымдары жоғары бағалаған. Әл-Фараби еңбектерінің 
кейбіреулері  неміс,  ағылшын,  француз  тілдеріне  аударылған.  Шығыс  елдерінде  әл-Фараби  туралы 
жазылған еңбектер көп. Солармен бірге «Айқап», «Шора» журналдарында әл-Фараби жөнінде аздаған 
мәліметтерге дейін әл-Машани жинастырып зерттеу нысаны ретінде пайдаланған. Әл-Фараби мұрасын 
іздестіру әл-Машани ұстанған ұлы жол болды. Ізденістің бастауы – кітапхана аралық абоненттік бай-
ланыс арқылы әлемнің ірі-ірі қалаларындағы кітапханаларға хат жолдау. Екіншісі – шетелге шығу. 
Үшіншісі – өз елінен табылар-ау деген қалаларға бару. Лондон, Каир, Париж, Берлин, Лиссабон, Бейрут 
тәрізді, қалалардағы ірі деген кітапханаларға жолданған хаттар сол 1958 жылдары басталып, үзіліссіз 
жалғасып жатты. Осындай қажырлылықтың арқасында, хаттар жазудың нәтижесінде әл-Машанидың 
қолына әл-Фарабидің «Музыканың үлкен кітабы» («Китаб эл-мусихи аль-Кабир») тиеді. Кітап 1930 
жылы үлкен том болып, француз тіліне аударылып Парижде басылған. Шет жұрттарға баруға қаражат 
та, уақыт та көтермейтіндігі белгілі. Мұның алдында Мәскеу, Ленинград кітапханаларынан табылған 
баба жайлы аздаған деректердің ішінде неміс тіліндегі екі, ағылшын және түрік тілдеріндегі бір-бірден 
табылған әл-Фараби еңбектерінің библиографиялық тізімі шетел кітапханаларынан баба мұрасының 
көшірмесін  сұратып  алуға  түрткі  болады.  Сөйтіп,  әл-Машанидың  қолында  1958-1960  жылдары  әл-
Фарабидің  оншақты  шығармасы  және  оның  еңбегін  зерттеушілердің  дүниелері  жинақталады.  Осы 

91
жинақталған құжаттарды мына деректерден көруге болады: «СССР – Қазақстан, Алматы. Профессор 
Машанов А.Ж. 14 ноябрь, 1962 ж.»
 
Мырза (Мсье) !
Сіздің хат жазып сұраған музыка кітабының микрофильмін жібердім, сол үшін өзімді бақытты санай-
мын. Ол еңбек біздің Шығыс қолжазбалар жинағының ішінен 1423 нөмірден табылды. Сіз хатыңызда 
ол еңбек 1427 нөмірде деген екенсіз. (II/Х-62 жазылған хат). Оңда басқа шығырма жатыр.
Өзі тарапымнан сіздің назарыңызды біздің Лейден университет кітапханасындағы «Араб қол жазба-
ларына» және барлық Нидерландағы сол сияқты қол жазбаларға да аударсам деген ниетім бар, өйткені 
солардың ішінен де сізге жарарлық нәрселер табылуы мүмкін.
Қазақ халқының әдебиеті мен өнеріне арналған бізге сыйлыққа жіберген үш кітап бәлки, кейін ке-
летін шығар.
Біз жіберіп отырған микрофильм сізге пайдалы болар деп сенемін, және сіздің әл-Фараби жөніндегі 
табыстарыңыздың тез жарық көруін күтемін.
Менің сізге ең жақсы таза сезіммен тілектес екеніме сеніңіз, Мырза (Мсье).
Лейден университетінің директоры
Шығыс қорының сақтаушысы          Т.Г. Пигеауд.
Голландия, г. Лейден, Рапенбург, 70-74 
 
 
 
14. ХІ. 1972. (01710) 21465 немесе 20741[5].
Осы сияқты олжалы хаттармен қатар, «Сіздің сұраған кітабыңыз бізде жоқ болды, немесе бұрын 
болған еді қазір жоқ», деп келген хаттар да баршалық болатын. Мысалы, Миланнан, Бейруттан сондай 
хаттар  алынған.  Сол  жылдары  әл-Фарабиді  өзбек  ғалымдары  өздерінің  бабасы  етуге  тырысып,  әл-
Машанимен айтысып-тартысқандығы сол кезеңдер тарихында айғақталынады.Оны мәшһүр ғалымның 
зерттеу  еңбектерінен  білуге  болады.  Түркі  тарихын  өзіне  меншіктеп  алуда  алдына  жан  салмайтын 
өзбек  ағайындарының  әдеті  әл-Машаниге  өте  таныс  болған.  Абыз  ғалым  әл-Фарабиді  қазақ  етер 
қазықты қағып алғаннан кейін де ташкенттік әріптестерінің әрекетінен қорғану да оңайға түскен жоқ. 
Әл-Машани Ташкентте Бируни атындағы Шығыстану институтына әдейі барып, әл-Фараби туралы 
ешқандай деректің жоқ екендігіне көзін жеткізеді. Өзбек ағайындары әл-Фараби есімін мүлде естіме-
ген болып шықты. Институт директорының орынбасары Мұзафар Хайруллаевтың әл-Машани жинаған 
әл-Фараби  тұрғысындағы  азды-көпті  мәліметтеріне  таңырқауында  шек  болмаған.  Оның  болашақ 
докторлық диссертация тақырыбының тағдырын да сол жолы анықтауға әл-Машани себепкер болады. 
Баба хақындағы қолындағы материалмен бөлісе отыра, «әл-Фарабиге көз алартпаңдар» дегендей өзінің 
мақаласы жарияланған «Академия хабаршысы» мен «Білім және еңбек» журналдарын сыйға тартады. 
Әйтсе де, әл-Машанидың бұлтартпас дәлелді құжаттарын көре тұрса да, өткен ғасырдың алпысыншы 
жыдарының басында: «Мына сәлде киген молда кім өзі, қазақ болса руы кім екен, еңбегін неге арабша 
жазған?» деп казақ ғалымдары жаппай қарсы шығып мойындамай жүргенде ит-тартыспен 3-4 жылы 
өтеді.  Әл-Фарабидің  өзбек  тілінде  бірнеше  мұрасы  жарық  көріп,  бұл  кезде  Хайруллаев  әл-Машани 
ақыл берген тақырыпты игеріп, әл-Фараби философиясынан докторлық диссертация қорғап алып, енді 
ұлы  бабаны  өздеріне  еншілей  бастағандығын  әл-Машани  әл-Бирунидің  1000  жылдық  мерейтойына 
барған жолы естиді: «Ақжан-ака, әл-Фараби заманында қазақ-өзбек еншісі бөлінбеген ел еді ғой, оны 
қазақ тумасы деп бөле тартпай, өзбек халқына да ортақтастыра бермейміз бе?» –дегенде, әл-Машани: 
«Түрік тумаларын бөліп-жару қазақтан басталған жоқ еді ғой, ағайын. Науаи, әл-Бируни, әл-Хорезми 
туған кездерде де қазақ пен өзбек еншісі ортақ емес пе еді? Қазақ жері Отырарда туған әл-Фарабиді 
ортақ еткілеріңіз келсе, онда өздеріңіз жеріне қарай еншілеп алған өзге даналарды да ортақтастырайық» 
деген-ді… Сол кезде Қазақстандағы фарабитану жөнінде Машани бастамасынан хабардар Мұзафар: 
«Хуп, әл-Фараби қазақ болсын, Ақжан-ака. Бірақ сіз Ташкентке келіңіз, бабаңды тануға сізге барлық 
мүмкіншілік  тудырылады»  деп  қазақ  ғалымдарының  арасыңдағы  баба  мұрасына  қарсы  көзқарастан 
хабардар Мұзафар әл-Фарабиді өзбек етудің енді басқа бір айласын ұсынған болатын. М.Хайруллаевтың 
әл-Фарабиді ташкенттік еткісі келген пиғылы 1971 жылы Мәскеуде өткен халықаралық конгрестің 13-
ші  мәжілісінде,  ұлы  бабаның  ЮНЕСКО  тарапынан  1100  жылдық  мерейтойын  өткізу  мәселесі  сөз 
болғанда  айқындалған  болатын.  Осының  кесірінен  ұлы  бабаның  мерейтойын  өткізу  мәселесі  қыл 
үстінде қалып тұрғанын да шешкен патриот ғалым әл-Машани еді. Оқиға былай болды: М. Хайруллаев 
сөз  алып:  «әл-Фарабидің  мерейтойына  арналған  халықаралық  ғылыми  конференция  тек  Ташкентте 
өткізілуге тиісті, әрі баба мұрасы марксизм тұрғысынан әділ бағаланды» дегенде, мәжілісті басқарушы 
Египет ғалымы үстелді қойып қалып, орнынан атып тұрған-ды: «Ислам ғылымының алыбы әл-Фарабиді 
марксизмге жүндетуге бере алмаймыз. Ғұламаның мерейтойы өзі ғұмыр кешкен араб елінде өтеді» 
дейді. Осындай сәтте Алланың құдіретін мойындатар сөзді араб тілінде айтып, әл-Машани төрағадан 

92
сөз сұрайды. Өз тілінде тілек еткендігінен бе, төраға сабасына түскендей болып, ғұлама ғалымға сөз 
береді. Әл-Фарабидің туған қаласы Фараб-Отырар, елі Қазақстан екенін терең ғылыми дәлелдермен 
дәлелдеп, қазақ ғалымдарының баба мұрасын игерудегі жұмыстарын баян етеді. Сөйтіп, ұлы ғұламаның 
отаны Қазақстан екені нақты айқындалады. Көне заманда әйгілі ғұлама Птоломей мұны нақты жазып, 
карта жасап, Отырарды әл-Фарабидің туған жері деп бұлтартпай кеңінен дәлелдегені мәлім болады.[6] 
«Әл-Фараби ұлы ғалымдар қатарында халықаралық тізімге кіргізілсін, оның 1100 жылдық мерейтойы 
КСРО-да,  отаны  Қазақстанда  тойлансын»  деген  қаулы  қабылданады. Сөйтіп,  әл-Фарабиге  арналған 
халықаралық форум 1975 жылы 8-13 қыркүйекте Мәскеуде басталып, Алматыда аяқталды. Бұл қазақ 
ғылымындағы ұлы жеңіс, бүкіл әлем жұрты қазақ өркениеті, ғылымы мың жылдан ары басталғанын 
мойындады.  Әл-Машани  әл-Фараби  еңбектерімен  таныса  отыра  Абаймен  екі  ұлының  ортасындағы 
дүниетанымдық байланысты аңғарады. Кезінде қазақ зиялылары білім алған Ғалия медресесінің кіта-
пханасы Уфа мешітінің қарамағында сақталған, әл-Машани сол медреседен әл-Фарабидің үш кітабын 
бірден  тапқан.  Оның  бірі  неміс  аудармасы  болған.  Ал  1907  жылы  Каирде  шыққан  екі  кітапта  ұлы 
бабаның  он  екі  еңбегі  және  өмірбаяны  жинақталынған.  Мешіттің  имамы  Камал  Башари  қази  әл-
Фарабидің қазақ-қыпшақ тумасы екендігін естіп қуанып, сол кітаптың бірін әл-Машаниға сыйға тар-
тып,  Қазандағы  Маржани  медресесінде,  кезінде  әл-Фараби  логикасы  (мантих)  жеке  дәріс  ретінде 
оқытылғандығы туралы айтады. Шынында да Шоқанның замандасы әрі досы Шағабутдин әл-Маржани 
әл-Фараби  еңбегін  жоғары  бағалап,  медреседе  оның  мұрасынан  арнаулы  дәріс  оқытқан-ды.  Соның 
арқасында әл-Фараби есімі Қазан-Уфа ғалымдарына мәлім болған. Ендеше Ш.Маржани арқылы Абай 
мен  Шәкәрім  әл-Фарабиді  білгені  анық.  Сол  жолы  Қазаннан  іздегенін  тауып,  ең  бастысы  кезінде 
Құнанбай салдырған Қарқаралы мен Семейдегі мешіттерде Қазан-Уфа медресесін бітірген имамдар 
ұстаздық еткендігін білетін әл-Машани сол молдалардан тәлім алған Абайдың әл-Фараби есіміне де, 
еңбегіне де қанық болғанына көзі жетеді. Бұған Шәкәрім қажының ұлы Ахаттың әл-Машаниға арнаған 
мынандай хаты да нақты дәлел. «Ақжан! әл-Фарабиді еңбек етіп, ол діншіл еді деп, оның ғалымдығы 
күшті деп ақтап түріктің, оның ішінде қазақтың әл-Фарабиін тірілттің. Әл-Фарабиді оқыған, тағлым 
алған  Абай  мен  Шәкәрім  туралы  үн  қатпай  кеттің.  Бұл  қалай?  8/УІ-1976»[7].  Ахат  Шәкәрімұлы 
Құдайбердиев ақсақал бұл тілдей хатты Ақжан ағаға Алматыда өткен «Мәдени мұраларды қорғау» 
мәжілісі кезінде берген. Бұл кезде ол кісі Абай музейінің директоры болатын. Әл-Фараби есімін ол кісі 
шамасы әкесінен естіген болу керек. Әл-Фараби есімін ұлы ақын Мағжан Жұмабайұлы «Түркістан» 
поэмасында былай келтірген: «Тұранның кім кеміткен музыкасын, Фараби тоғыз шекті домбырасын, 
Күңірентіп тоқсан тоғыз күй тартқанда, Тебіреніп кім төкпеген көздің жасын». Мағжанның Уфадағы 
медресе Ғалияда оқығаны мәлім. Онда әл-Фараби еңбектері және баба туралы Ш.Mapжани еңбектері 
де  болған.  Әл-Машанидың  пайымдауынша,  Абайдың  даналық  бастауы  –  қазақ  халқының  және 
Шығыстың  көне  мәдениеті  мен  өнерінде.  Бұған  әл-Машани  күмән  келтірмейді.  Себебі,  Абайдың 
даналық дариясы Еуропа мәдениетінен бастау алады деген пікірге әл-Машани үзілді-кесілді қарсы бо-
лып келген. Абайды орыс мәдениетіне қарыздар ететін пікірді қалыптастырған Мұхтар Әуезов деген 
пікірін әл-Машани М.Әуезовқа жасырмай айтқандығына көз жүгіртейік. Мұхтар Әуезов: «Ақжан, сен 
осы менің «Абай жолымды» оқыдың ба?» деп сұраған бірде. «Мұқа, «Абайдың» бірінші томын оқып 
шықтым, ал екінші кітапты бастадым да, жауып тастадым» дейді әл-Машани. «Неге?» деген жазушы 
сауалына: «Мұқа, сіз Абайға қазақ даласына айдалып келген орыстарды ұстаз етіпсіз, сондықтан әрі 
қарай оқуға зауқым соқпады» дегенде, — «Абайды мен бір тұстан қарастырдым, кейінгі ұрпақ басқа 
қырынан келер», — деп Мұқаң ойланып қалып еді» деп әңгімелеген абыз ғалым[8]. Батыс ғылымының, 
әсіресе мәдениетінің бастауы орта ғасырдағы араб елдерінде жатқандығын, ал Шығыстың даму ерек-
шелігін қарастырғанда араб елдерін айналып өтуге болмайтындығын зерттеп, көз жеткізген әл-.Машани 
араб  мәдениетін  екі  данаға  да  ортақтастыра  отырып,  Абай  дүниетанымындағы  араб  ғылымының 
ықпалына үңіледі. Сол көне ғасыр ғұламаларының көшін бастаушылардың бірі де, бірегейі де Әбу 
Насыр  әл-Фараби  болғандығын  білетін  әл-Машани,  екі  дана  арасын  жалғастырар  желіні  де  тауып 
дәлелдейді. Әл-Фарабидің ұлылығын тек ғалымдығымен ғана емес, көп қырлы ғұлама, ерен өнершіл, 
әрі ақындығымен ұштастыра зерттеген Ақаң: «…Бұл кісіден бұрын да, кейін де даналар болған. Бірақ 
олардың ішінде дәл әл-Фарабидей геометрия, музыка, астрономия сияқты үш салаға бірдей ұлы үлес 
қосқан, аса ірі жаңалық ашқан ғалымдарды табу қиын. Платон, Аристотель, Птоломей музыканы жөнді 
меңгере алмағандығын өздері жазып кеткен» деп тұжырымдап Ақжан қазақ топырағында ұлы бабаға 
жақын, рухани сабақтас адамды іздестіргенде Абайды айналып өте алмаған. Әл-Машани тоқсанның 
сеңгіріне  аяқ  басқан  шағында  Абай  тақырыбына  қалам  тартып  осындай  ой-толғаммен  «Әл-Фараби 
және Абай» зерттеу еңбегін туындатқан. 1994 жылы Абайдың 150 жылдық мерейтойы қарсаңына тарту 
еткен. Сөйтіп, әл-Машани әл-Фараби мұрасын зерттеуде теңдесі жоқ мұра қалдырды және әл-Фараби 

93
қағидаларының бүгінгі ғылымдағы көріністері мен казақтың дүниетанымдық пайымдауларын зерделе-
уде фарабитану методологиясының ғылыми-ислами негізінің концепциясын жасаған ұлы ғұлама ғалым 
десек артық айтпаған болар едік. Ұлы ғұлама әл-Машани − Ілияс Есенберлиннің «Қаһар» романында 
есімі Масанби деп ілтипатпен аталатын Машан бидің ұрпағы. Осы Машан би Құнанбай қажымен та-
ныс, біліс, сыйлас, құдандал адам болған. Қарқарлы өңірінің игі жақсылары болған аға сұлтан Құспек 
пен Жамантай төреге дейін Машан биді құрмет тұтыпты. Машан би қайтыс болғанда қалың ел «Машан, 
Машандай  ұл  туғанша  қашан?»  деп  күйзелгені  жұрттың  аузында  жүретін  сөзге  айналған.  Ал  осы 
Машанбидің  кенже  ұлы  Жақсыбектің  баласы  Ақжан  Машан  бидің  немересі.  Ақжан  1906  жылы  2 
қарашада Қарағанды облысы, Қарқаралы өңірінде дүниеге келген. 1939 жылы қазақтың тау-кен инсти-
тутын бітірген. 1960 жылдан бастап осында кафедра меңгерушісі болған. Геология саласында 200-ден 
астам ғылыми еңбек жазып жариялаған. Қазақстанда геомеханика мектебінің негізін қалаған. Абастау-
Құсмұрын, Жосалы кен көздерін ашқан. Геология саласында қазақ тілінде алғашқы оқулықтар жазған. 
Геология  тақырыбында  жазған  еңбектері  Кеңес  Одағы  көлемінде  жоғары  бағаланған.  Қаныш 
Имантайұлы Сәтбаевпен бірге Қазақ КСР Ғылымдар академиясының іргетасын қаласып, оның тұңғыш 
мүше-корреспонденті болған. әл-.Машанидің «Жерастына саяхат» (1957) романы қазақ әдебиетіндегі 
ғылыми-фантастика жанрының тұңғыш туындысын жасаған мәшһүр ғалым болды. Сөйтіп, әл-Машани 
қазақ әдебиетіндегі ғылыми-көпшілік, фантастика жанрларын дамытты, оның тұңғыш қазығын қаққан 
классигі болып төл тарихымызға енді. әл-.Машани алпыс жылдай үзіліссіз ұстаздық етіп, мыңдаған 
кен инженерлерін даярлады. Тұңғыш рет қазақ тілінде жазылған «Кристаллография, минералогия және 
петрография» (1969), «Геомеханика» (1995) оқулықтары бүгінгі күнге дейін құнын жоя қойған жоқ. 
Ендеше,  әл-Машаниды  марапаттаған  Ленин,  Еңбек  Қызыл  Ту  ордендері  тындырған  ұланғайыр 
азаматтық ісінің, толық бағасы дей алмаймыз. А.Машаниді өзі құрылтайшы болған ҰҒА-ның толық 
мүшесіне өткізбей «Ғылым мен техникаға еңбек сіңірген қайраткер» атағымен шектеуі оған жасаған 
моральдық  репрессия  деп  қарау  керек  және  1946  жылы  қорғаған  докторлық  диссертациясының 
Мәскеуде хабар-ошарсыз кетуі де ұлтжанды азаматтың тартқан жазасы деп білеміз. Басқаша айтқанда, 
оның қазақтың ғылымы мен мәдениетін көтеріп, ұлылығын танытқаны отаршыл империяға ұнамағанын 
аңғартса керек. Әйтпесе оның ұланғайыр еңбегі Кеңес Одағының ең жоғары атақтары мен марапатта-
рына  лайық  екенін  түсіну  қиын  болмас.  Бір  өкініштісі,  ғұлама  ғалымның  еңбегіне  деген  селқос 
қараушылық әлі күнге дейін жойылмай келеді. Бүгінгі күннің марқасқа ғалым ағаларының есіне сала 
кетуді  жөн  көріп  отырмыз...  Әл-Машанидай  ғұламаның  көзін  көріп,  ұлағатын  өз  құлағыңызбен 
тыңдағаныңыздың өзі бір мектеп екені даусыз. Абыз ғалымның шәкірті, бүгінгі күні Машанитанудың 
ілімін жалғастырып жүрген үлкен ғалым Шәмшиден ағамыздың сөзіне келсек: «Мен Сәтбаев атындағы 
ҚазҰТУ-да оқып жүргенде Ақжанның дәрісін тыңдап, кейін «Білім және еңбек» журналында бөлім 
меңгерушісі болып мақалаларын бастырып, әңгімелерін тыңдай жүріп оның әл-Фараби секілді сегіз 
қырлы ғалым, ойы мен білімі терең ғұлама екеніне көзім жеткендей болды. Одан алған тәлім-тәрбием 
мен  білімімді  күнделікті  еңбегімде  пайдаланып-ақ  келемін  Сонымен  қатар,  Қ.И.Сәтбаев  атындағы 
ҚазҰТУ жанынан А.Машани Орталығын құрып, 2003 жылдан бастап, ғалымның 16 томдық фарабита-
ну еңбектерін жинақтадым. 100 жылдық мерейтойын ЮНЕСКО аясында атап өтуге атсалыстым. Әл-
Фарабидің де еңбектерін жұрттың игілігіне айналдыру үшін «Әл-Машани» Халықаралық қоғамдық 
қорын ұйымдастырып, оған баскөз болып келе жатырмын. 2007 жылы «Ғибратты ғұмыр» сериясы ая-
сында «Ақжан Машани» деген роман жазып, жарыққа шығардым. Ал, түрлі жиындарда, халықаралық 
ғылыми конференцияларда баяндамалар жасау, мұндай шараларға ұйытқы болу да міндетіме айналды. 
2009 жылы шыққан «Машанинама» зерттеуім осының бір парасы. 2006жылы «Қазақ әдебиеті» газетін-
де «Ғұлама А.Машанидің 100 жылдық мерейтойын қалай өткіземіз?» деген тақырыпта дөңгелек үстелді 
ұйымдастыруға мұрындық болдым. Сөйтіп Х.Алтай, Р.Бердібай, М.Мағауин, С.Қирабаев, С.Зиманов, 
К.Смайлов,  Қ.Қайсенов  тәрізді  ғалымдар  мен  қоғам  қайраткерлері  дөңгелек  үстелге  қатысып, 
қорытындысында сол кездегі Үкімет басшысы И.Тасмағамбетовке А.Машани мерейтойы ЮНЕСКО 
деңгейіне лайық деген ұсыныс жасады. Ғалым А.Машанидің 100 жылдық тойы ЮНЕСКО-ның айтулы 
күнтізбесіне  енгені  туралы  және  сол  мерейтойдың  2007  жылға  белгіленген  тұрғысындағы  алғашқы 
ақпарат маған жолданды. Алайда бұл жөнінен Қазақстанда ауқымды шаралар жасала қоймады. Соның 
салдарынан Ақжан Машаниді жұртшылық жете танымайтындай болып ұғылатынын байқадым. Ақжан 
Машанидің еңбектері тек әл-Фараби емес, тек рухани тақырып емес, ғылыми-техникалық салада да 
ашқан жаңалықтары, зерттеулері қаншама десеңізші! Тіпті бүкіл Қазақстанда Ақжан Машани тұлғасына 
теңесерліктей ұлы ғалымдар кем де кем» деуінің өзі ащы шындықты топшылағандай болады[9]. әл-
Машани еңбектері бүгінгі заманда дінтанудың, ғылымтанудың өзегі деп білуге болады. Солай болса 
да, абайтану, фарабитану, секілді машанитану пәндері оқу орындарына енгізілінсе нұр үстіне нұр бо-

94
лары даусыз. Кез - келген өркениетті елде тарих ғылымы сол елдік жолындағы халықтың жүріп өткен 
жолын, әсіресе күрделі тарихи сүреңдер кезеңінде еліне тағлымы мен танымдығы мол парасат иелерінің 
қоғамдық-ғылыми қызметімен қатар тарихта терең із қалдырған жеке тарихи тұлғалардың өмір жолын 
зерттеу арқылы өзінің гуманистік міндетін орындап отырған. Оның үстіне әр кезеңде тарихи тағдырлары 
бұрмаланып  келген  жеке  тұлғалар  туралы  тарихи    шындықты  қалпына  келтіру  бүгінгі  ұлттық 
тарихымыздың қалпына келуі үшін де аса қажет. Өйткені, тарихи тұлғаларға ұлттық көзқарас ұстану 
жас  ұрпақтың  бойында  отаншылдық  сезімді  қалыптастыратыны  белгілі.  Айтылған  ойымыздың 
дәлелдігіне Қазақстан ҰҒА-ның академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор Досмұхамед 
Кішібеков ағамыздың: «Патриот - ғалым» деген еңбегінде: «Ақжан Жақсыбекұлы Машани (Машанов) 
Қазақ ұлттық техникалық университетінің көрнекті ұстаздарының бірегейі еді. Және ол осы оқу орнын 
бітірген алғашқы студенттерінің бірі. Кейін қалған өмірін осы университетте жұмыс істеуге арнады. 
Мен  1964жылдан  бастап,  ол  кісінің  өмірінің  соңғы  күндеріне  дейін  бір  ғимаратта–Қазақ  ҰТУ-
де(бұрынғы Қазақ политехникалық институтында) бірге жұмыс істедім. Ол кісі де, мен де кафедра 
меңгердік,  ғылыми  кеңестерде,  түрлі  жиындарда,  студенттермен  кездесулерде  бірге  болып  жүрдік. 
Сонымен қатар 17 жылдай бір үйде көрші болып тұрдық. Ақжан ағамыз атқарған ісіне риза болса: 
«Бабамыз әл-Фараби аруағы қолдасын» деп бата беруші еді. Ақаң нағыз ғалым еді. Әлі есімде, инсти-
тут ұжымы қызметкерлері ішінен 4-5 қызметкерлерді орденмен марапаттайтын болыпты. Ішінде бір 
Ленин ордені болған. Институт сол орденді А.Ж.Машановқа беру керек деп ұйғарды. Бірақ жоғары 
орындағылар, ол кісіге «Еңбек Қызыл ту» ордені лайықты деген болар, шешім солай болып шықты. 
Марапатталғандардың  омырауына  орден  тағылып  жатты.  Рәсімді  Қазақстан  Жоғарғы  кеңесінің 
төрағасы  С.Н.Имашев  атқарып  тұрды.  Ақаңның  аты  аталғанда,  ол  кісі  де  орнынан  тұрып  төрағаға 
жақындады. Орденді тағып жатқанда, төраға мен Ақаң арасында жылы әңгіме болғанын байқадым. 
Кейін Ақаңа не жайында сөйлестіңдер дегенімізде Ақаңның айтқаны: С.Н.Имашев орденді омырауыма 
тағып жатып, «Құдайдың үйіне барып тұрасыз ба?» деп сұрады, сонда мен «Барып тұрамын, бармағанда 
ше! Міндет қылып тұрғаның мынауың ба, алмаймын теміріңді» дедім. Сонда С.Н.Имашев өздерің есті-
ген «Қалжың ғой» деген сөзді айтты деген бар-тын. Солай бола тұрса да,1953 жылдың сәуірі ме, әлде 
мамыр айының бір жұлдызында шыққан «Правда» газетінде Қазақстан Ғылым академиясында Сәтбаев 
қолдайтын  Машанов  деген  «шарлатан»  жүр  деп  жазды.  Бірақ,  артынша  елдегі  саяси  жағдай  күрт 
өзгеріп,  Қаныш  президенттік  өз  орнына  қайта  барып,  Машанов  мәселесі  де  ұмытылғандай  болды. 
Әйтпесе «Правда» газеті сынынан Сәтбаев үшін де, Машанов үшін де немен бітерін кім білсін?! Сонда, 
А.Ж.Машановтың «шарлатандығы»неде еді? Айыбы елінің руханияттығын өрбіту, дүниетанымдығын 
кеңейту емес пе еді?. Оның үстіне сын ұлы ғұламаның мамандығына қатысты емес, әз ағаның сол кез-
дегі  үстемдік  алған  ұлтсыздану  идеологиясына  томпақтау  келетін  әрекетіне  тиым  салса  керек. 
Аристотельден кейінгі әлемдегі екінші ұстаз аталған әл-Фарабиді өз Отанына қайтару үшін радиодан 
сөйлеген сөздері мен көпшілікке арналған ғылыми еңбектері үшін екен-ау! Ол кезде әл-Фарабиді ара-
бтар  -  араб  деп,  ирандықтар  -  иран  деп,  түркімендер  -  түркімен  деп,  өзбектер  -  өзбек  деп  таласып 
жатқан кезде А.Ж.Машанов әл- Фараби қыпшақ милатының перзенті, дүниеге келген, өскен жері - Сыр 
бойындағы, кейін Фараб аталған - Отырар қаласы екендігін дәлелдеуге жан- тәнін салды. Сөйтіп, А.Ж. 
Машановтың  патриоттық  еңбегі  жанды,  қанша  қиындықтардан  соң  бабамыз  рухы  өз  еліне,  туған 
топырағына оралды. Әл-Фараби дана бабамыз болғаны белгілі, оны танып, тауып, рухын елге жеткіз-
ген әл-Машанидың қандай зиялы адам екендігін айтпасақ та түсінікті. Егер бәрімізде Ақжан атадай 
ұлтжанды болсақ, қазақ халқының жұлдызы әлдеқашан жарқырап кетер ме еді?![10].
Қазіргі кезде елімізде әр кезеңде тарихта орын алған оқиғалар мен құбылыстарға жан-жақты, обьек-
тивті баға беретін жаңа зерттеулер жазуына мол мүмкіншіліктер жасалуда. Бұрын ақтаңдақтар болып 
келген тақырыптардың беті ашылып, құпия мұрағат қорларының материалдарын қолдануға қойылған 
шектеулердің алынып тасталуы тың тұрпаттағы, соңғы ғылыми еңбектердің жариялануына жол ашты. 
Сол себептен соңғы зерттеулерде: «Тарих жеке тұлғада, жеке тұлға тарихта» деген тұжырым басымдығы 
байқалады[11]. Қазіргі таңда тәуелсіз Қазақстан бәсекеге қабілетті мемлекет ретінде жарқын болашаққа 
бет алған уақытта өзінің төл тарихын қастерлеп те ардақтап, еліміздің болашақ ұрпағын тәрбиелеуде 
басты құрал ретінде сақтап қалуы қажет. Оған барар жол халық даналығыныңнегізінде жатыр. Нақыл 
сөздің ұстасы халқымыз «Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ел жетесіз» 
демекші әрбір саналы азамат, ең алдымен өзінің туған жерінің төл тарихын, оны жасауда белгілі із 
қалдырған кемеңгер тұлғалардың өмірбаянын, атқарған қызметін жақсы білуі қажет. Өйткені тек тари-
хи білім ғана қарапайым адамның санасын шыңдап, оның бойында азаматтық қасиеттерді тәрбиелеп 
қалыптастырады. Өткенді жеке тұлғалардың, кемеңгер қайраткерлердің өмірбаяны арқылы қарастыра 
отырып,  тарихты  жасаушы  халық  екенін  ұмытпаған  жөн.  Өйткені,  жеке  тұлғаны  елі-жұрты,  халқы 

95
қолдамаса, оның аты аталып, тарих сахнасына шығар-шықпасы екі талай. Атақты философ Гегельдің 
айтуынша ұлы істі атқару үшін ұлы тұлға қажет [12]. Қазақ тарихында дәл осындай талаптарға сай 
кемеңгер ғұлама ғалымдарының бірі де, бірегейі де әл-Машани десек артық айтқандық болмас. Әл-
Машанидың  халқына  жасаған  ұлы  еңбегінің  нәтижесінде  әл-Фарабидің  көшбастаушысы  мәшһүр 
ғалым  әл-Машани  деп  танылуының  өзі  кейінгі  ұрпақтарына  патриоттық  сезім  ұялатары  даусыз. 
Заманымыздың заңғар жазушысы М.О. Әуезовтың: «Тұлғаны ақ алмастай заманда шыңдайды, ақ ал-
мас, қаттыны жарады, жұмсақты тіледі, замана талабы туған кезде оттан шығып, жалын құшқан ақ 
алмас қынабынан жарқ етіп қадір-қасиетімен халқына танылады, «тарих» деген дарияны еркін мал-
тып өтіп, өз тұғырына, ұлылық тұғырына қонады» деген сөзінің жандылығын, барлығын айта отырып, 
тұлғалар тарихта күнде тумайтындығын, табиғат адам баласына тұлғаны анда –санда сыйлайтындығын 
айтады[13]. Бұл түсінікті де. Ғалымдар әр заманда болған, ал ғұламалар қатарына кіру – қоғамда сирек 
кездесетін құбылыстың бірі. Ғұламаның жарқ ете қалуы – замана сұранысынан. Айтылған ойымызды 
ұтымды тарқату үшін белгілі тарихшы ғалым Х.М. Әбжанов пен Г. Назарбаеваның: «Қазақстан: та-
рих  тұлға  теория»деген  бірлескен  ғылыми  еңбектерінде  Қазақстан  тарихы  мен  мәдениетінің  өзекті 
мәселелері,  ұлт  зиялыларының  қалыптасу  үрдісін  ашатын  теориялық  пайымдауларында:  «Көзінің 
тірісінде аты аңызға айналған тұлғалар тарихта өте көп кездесе бермейді. Олар ғылым саласында мей-
лінше аз. Қоғамның тұрмыс-тіршілігі күрделенген сайын еңбектің жаңа салалары пайда болып, оның 
әрқайсысына басие боларлық тұлғаларға қажеттілік туындайды... деген ғылыми ойларын алға тарта-
ды[14]. Тарихшы әріптестерімнің пікірлерін құптай отыра, рухани саладағы білім мен ғылымның та-
быстары қандай қиыншылықпен келетіндігін әл-Машани ғұламаның: «...Бұл кісіден бұрын да, кейін 
де даналар болған. Бірақ, олардың ішінде дәл Фарабидей геометрия, музыка, астрономия сияқты үш 
салаға бірдей ұлы үлес қосқан... аса ірі жаңалық ашқан ғалымдарды табу қиын... Платон, Аристотель, 
Птоломей... музыканы жөнді меңгере алмағандықтарын өздері жазып кеткен»[15].Ал, «әр халықтың 
музыкасы сол ұлттың болмысын аңғартады» деген баба қағидасына қанық ұлы ғалым әл-Машани қазақ 
топырағында ұлы бабаға жақын, рухани сабақтас адамды іздестіргенде ұлы Абайды айналып өте ал-
мады. Ұлы адамды ұлы ғана таниды деген қағиданың қаншалықты терең екендігін зердемізге тоқиды. 
Осы қағиданың түп тамырына терең бойласақ,қазақменталитетінде оқу-білімнің қаншалықты жоғары 
бағаланғанын  Абай,  Шоқан,  Ыбырай,  Ахмет,  Әлихан,  Мыржақып,  Шәкәрім,  Ақжан  мұраларынан 
айқын  көруге  болатындығын  «Білекті  бірді  жығады,  білімді  мыңды  жеңеді»,  «Оқу  инемен  құдық 
қазғандай»  деген  ұлағатты  сөздері  бүгінгі  күнге  дейін  жетер  ме  еді?.  Қазақ  қоғамының  тағдыры, 
болашағы, өркендеуі немесе өшуі ендігі жерде тек білімге, ғылымға, өнерге тіреліп тұрғанын айтудан 
еш жалықпаған ойшылдар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет