ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет92/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   153

                                              662 bet 

(ЕКІНШІ НҰСҚА) 

Асан қайғы желмая мініп, желдіртіп, Сарыарқаны аралап жүргендегі жерге айтқан сындары. 

Ұзын Ертісті көргенде: 

– Мына шіркіннің баласы тойдым деп қарап отырмас, қарным ашты деп жылап отырмас, сиырдың мүйізі, 

кеуірдің құлағы шығып тұрған жер екен. Күнінде баласы кеуірден жылайды-ау!- депті. 

Шыңғыс тауын, Семей тауларын көргенде: 

–  Мына  шіркіннің  топырағы  құтырған  екен.Оған  шыққан  шөп  құтырады,  оны  жеп  семірген  мал 

құтырады,оның  етін  жеп,  сүтін  ішкен  адам  құтырады.  Қан  үзілмейтін,  кісі  өлтіру,  ұрыс-төбелес  көп 

болатұғын жер екен!- депті. 

Түндік өзенін көргенде: 

– Он екі қазылық ой, Түндік; маңырап жатқан қой, Түндік. Қойдың құлағы тұтам шығып тұрған жер екен!- 

деп, тастап кетуге қимай, үш қараған екен. Сонан «Үшқара» атанған. 

Қызылтау деген жерге келгенде: 

– Тауы-тасы кеш болғанда, қой болып, ыңыранып жатады екен, тоқтысы қысыр қалмайтұғын жер екен! - 

депті. 


Баянаула тауын көргенде: 

–  Ат  ерін  алуға  жарамайтұғын  жер  екен,  шіркінді  жұрт  қалай  қоныс  қылып  отырған?  Бір  көрген  кісі: 

«Кәпір-ай, сені желкемнің шұқыры көрсін!»- дейді екен.Бауырында бір қара тиген тұзы бар екен, тұзы 

ауыр екен. Бір күн түнеп кетемін деген бір жұма тоқтап қалады екен, тұзы жібермейді екен! 

Ащы бойына келгенде, артына қарап: 

– А, Баянаула,  сенің қоныс болып тұрғаның мынау  Ащының арқасы екен! Мал жазғытұрым бір жұма 

ащылайды екен,күзге таман бір жұма ащылайды екен, сонысы бір жылға татиды екен. Олай болмағанда, 

Баянаула қоныс болуға жарамайтұғын жер екен дейді,- депті. 

Бөкенбай деген төбені көргенде: 

–  Ана  Баянаула  тауынан  мына  Бөкенбайдың  қырық  кез  биіктігі  бар  екен!  -  депті.  Осы  күні  жұрт 

Бөкенбайдың  басына  аң  қуалап,  атпен  шығып  жүреді.  «Аспанмен  тілдескен  Баянауладан  қалай  биік 

болады?»- деп, таңданып, жер өлшеп жүрген землемерлерден сұрағанда: 

– Рас айтқан екен! - десті. 

Шідерті деген өзенді көргенде: 

– Мына шіркіннің топырағы асыл екен. Алты ай арықтатып мінген ат бір айда майға бітетін жер екен! - 

деп. - Бос жылқы шідерлеп қойғандай тоқтайтұғын жылқының қонысы екен!- депті. 

Өлеңті өзенін көргенде, тоқтап ешнәрсе айтпай, өлеңдете берген екен. 

– Неге үндемейсіз? - дегенде, аз тұрып: 

–  Мына  шіркіннің  шөбі  көп,  қоныс  қылған  елдің  уайымы  жоқ.  Малы  семіз,  тайыншасы  қысыр 

қалмайтұғын, ақ айраны ерте шығып, туған бала кеутамақ болып, тамақтан басқаны ойламайтұғын, тоқты-

торым ұрлығы үзілмейтұғын, өтірік-өсегі көп болатұғын жер екен! Өлеңтінің суы - май, Шідертінің шөбі 

- май!- де[пті]. 

Ереймен тауын көргенде: 

– Желдің жеті есігі бар екен. Қыс болса, жылқы тұрмас, жылқы тұрса, ішінде құлын тұрмас. Ораздының 

жайлауы, Шиырлының қыстауы екен. Екі жағындағы ел бай болар да, тап ортасында - мұны қоныс қылған 

ел кедей болар. Бітісі жаман екен. Бірімен-бірі едірейісіп-төбелесетұғын кісідей едіреюін, панасы жоқ, 

дала сықылды тау екен! - депті. 

Сілетіден өтіп, Жалаңаштың тұзына барғанда: 

– Аттың төбеліндей, Жалаңаш, сені алдыма өңгерейін бе, артыма бөктерейін бе, қай жарама тартайын? - 

деген екен. - Айналаң аз, онан басқа табылмайтұғын жер екенсің дейді, - депті. 

Есіл деген өзенді көргенде: 

– Жары менен суының, жарлысы мен байы тең болатұғын жер екен,- депті. 

Нұраның бойын көргенде: 

– Алты күнде ат семіртіп мінетұғын жер екен,- депті. 

Қарақұйын, Қашырлыны көргенде: 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              663 bet 

– Жылқының жалы менен құйрығы төгіліп тұрған жер екен. Бауырында бір жұтқыш айдаһары бар екен! 

Онан басқа жылқы үзілмейтұғын жер екен!- депті. - Бір зор теңізі бар: боран болса, оған киліккен жылқы 

қайда кеткенін жан білмейді. 

Торғай өзенін: 

– Ағар суы бал татыған, ақ шабағы май татыған жер екен!- депті. 

Терісаққан деген өзенді көргенде: 

– Сарыарқаның тұздығы екен!- депті. 

Жетіқоңырды көргенде: 

– Сарыарқаның мәуіті екен!- депті. 

Шу деген өзенді көргенде: 

– Мына шіркіннің екі жағы бор бас екен, өне бойы нар қамыс екен, іші толған жолбарыс екен. Баланың 

іші қуырылмайтұғын, пышағы суырылмайтұғын, еркегі ат болатұғын, ұрғашысы жат болатұғын жер екен! 

- депті. 

Қаратауды көргенде: 

–  Көкектен  басқа  кұсы  жоқ,  көк  шөпті  жұлғаннан  басқа  ісі  жоқ,  аты  бестісінде  қартаятұғын,  жігіті 

жиырмасында қартаятұғын жер азғыны да мұнда екен. Ел азғыны да мұнда екен!- деген. 

Шымкент,Сайрамды көргенде: 

– Екі басса, бір базар: малында береке болмайтұғын; екі басса, бір мазар: басында береке болмайтұғын, 

«Базары жақын байымас, мазары жақын көбеймес!»- деген екен. 

Ұзын аққан Сыр бойын көргенде: 

– Басы байпақ, аяғы қайқақ: екі-ақ ауылға қоныс екен, он бойы кедейлікке біткен жер екен! Қаратауды 

жайласа, Сырдың бойын қыстаса, қоныс болуға сонда дұрыс екен!- депті. 

Сулы Келес, Құры Келесті көргенде: 

– Мөңіреуін, сиыр болып мөңіреуін! Сиыр тұқымы үзілмейтұғын жер екен,- депті. 

Одан әрі Жиделібайсынға шейін жүре берген екен деседі. «Сарыарқаны орыс алады, күндердің күнінде 

молам орыстың атының аяғының астында қалады! - деп, орыс бармайтұғын жерге барамын», - деп, қойға 

қошқар қоймай, жылқыға айғыр салмай түйеге бура шөгермей, сиырды бұқасыз сақтап, малды үш жыл ту 

қылып алып, ауған екен. 

 

362 - Бөлім: АСАН ҚАЙҒЫНЫҢ ЖЕР ТУРАЛЫ АЙТҚАНДАРЫ 1 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2059 

 

 



АСАН ҚАЙҒЫНЫҢ ЖЕР ТУРАЛЫ АЙТҚАНДАРЫ 

(БІРІНШІ НҰСҚА) 

Құйрығы жоқ, жалы жоқ, 

Құлан қайтіп күн көреді?! 

Аяғы жоқ, қолы жоқ, 

Жылан қайтіп күн көреді?! 

Жалаң аяқ байпаңдап, 

Қаздар қайтіп күн көреді?! 

Шыбын шықса, жаз болып

Таздар қайтіп күн көреді?! 

Сонда ұлы Ертіске қойған аты: 

– Мына шіркіннің баласы тойдым деп қарап отырмас, қарным ашты деп жылап отырмас, сиырдың мүйізі 

шығып, кәпірдің құлағы шығып тұрған жер екен. Күнінде баласы кәпірден жылайды-ау!- депті. 

Шыңғыс тауын, Семей тауларын көріп: 

– Мына шіркіннің топырағы құтырған екен.Оған шыққан шөп құтырады екен. Оны жеген мал құтырады 

екен. Оның етін жеп, сүтін ішкен адам құтырады екен. Қан үзілмейтұғын, ұрыс-төбелес көп болатұғын 

жер екен!- дейді. 

Түндік деген өзенге келгенде: 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              664 bet 

– Он екі қазылық ой, Түндік; маңырап жатқан қой, Түндік. Қойдың құлағы тұтам шығып тұрған жер екен!- 

деп  қимай  үш  қарапты.  Сонан  сол  жер  «Үшқара»  атаныпты.Қаз  дауысты  Қазыбек  бидің  балалары, 

Алшынбай ауылы қыстайды. 

Қызылтау деген жерге келгенде: 

– Тау-тасы кеш болғанда, қой болып ыңыранып жатады екен. Өмірінде тоқты қысыр қалмайтұғын жер 

екен! - депті. 

Баянаула тауын көргенде: 

– Ат ерін алуға жарамайтұғын жер екен. Мына шіркінді жұрт қалайша қоныс қылып отырған? Өзін бір 

көрген кісі: «Кәпір-ай, сені желкемнің шұқыры көрсін!» - дейді екен. Өйткенмен бауырында бір тұзы бар 

екен. Сол тұзы ауыр екен. Бір күн түнеп кетемін деген кісі бір жұма айналып (айланып) қалады екен,тұзы 

жібермейді екен!- дейді, - дейді. 

Ащы деген жерге келгенде, артына бір қарап: 

–  Баянаула,  сенің  қоныс  болып  тұрғандығың  мына  Ащының  арқасы  екен.  Мал  жазғытұрым  бір  жұма 

ащылайды  екен,  күзге таман  бір  жұма  ащылайды  екен,  сонысы  жылға  татиды  екен.  Олай  болмағанда, 

Баянаула қоныс болуға жарамайтұғын жер екен дейді,- дейді. 

Бөкенбай деген төбені көріп: 

– Ана Баянауладан мына Бөкенбайдың қырық кез биіктігі бар екен дейді,- дейді. 

Ереймен тауын көргенде: 

– Желдің жеті есігі бар екен. Қыс болса, жылқы тұрмас, жылқы тұрса, ішінде құлын тұрмас. Ораздының 

жайлауы,  Шиырлының  қыстауы  екен.  Бір-бірімен  едірейісіп-төбелесетұғын  кісі  сықылданып  тұрған, 

панасы жоқ, шіркін екен!- дейді. 

Сілетіден өтіп, Жалаңаштың тұзын көргенде: 

– Аттың төбеліндей, Жалаңаш, сені алдыма өңгерейін бе, артыма бөктерейін бе, қай жарама тартайын?- 

деген екен.- Айналаң аз, онан басқа таптырмайтын жер екенсің дейді,-дейді. 

Есіл деген жерді көргенде: 

– Жары менен суы тең, жарлысы мен байы тең болатұғын жер екен дейді,- дейді. 

Нұраның Есенқарт деген жерін көргенде: 

– Алты күнде ат семіртіп мінетұғын жер екен дейді,- дейді. 

Қарақұйын-Қашырлыны көргенде: 

– Жылқының жалы менен құйрығы төгіліп тұрған жер екен! Бауырында бір жұтқыш айдаһары бар екен! 

Онан басқа жылқы кетпейтұғын жер екен!- дейді. - Бір үлкен зор теңізі бар: боран болғанда, жылқы түсіп 

қырыла береді. Айналасында жылқы өсімі өзге жерден артығырақ бола береді. 

Терісаққанды көргенде: 

– Сарыарқаның тұздығы екен, анда-санда: «Әуп!» деп қоятұғын жұты бар екен. Артынан мал өсімі тезінен 

өсетұғын жер екен!- дейді. 

Торғай деген өзенді көргенде: 

– Ақ шабағы май татыған,ағар суы бал татыған жер екен дейді,- дейді. 

Жетіқоңырды көргенде: 

– Сарыарқаның мәуіті екен дейді,- дейді. 

Шудың бойын көргенде: 

–  Мына  шіркіннің  екі  жағы  бор  бас  екен,  өне  бойы  нар  қамыс,  іші  толы  жолбарыс  екен.  Баланың  іші 

қурылмайтұғын,  өмірінде  қыннан  пышағы  суырылмайтұғын,  еркегі  ат  болатұғын,  ұрғашысы  жат 

болатұғын жер екен! - дейді. 

Қаратауды көргенде: 

– Көкектен басқа құсы жоқ, көк шөптен басқа исі жоқ,- жер азғыны мұнда екен; қатыны семіз, ері арық, 

ел азғыны мұнда екен. Аты бестісінде қартаятұғын, жігіті жиырма бесте қартаятұғын жер екен. Қаратауды 

жайласа, Сырдың бойын қыстаса, сонда жарайды екен, әйтпесе, жеке өзі қоныстыққа жарамайтұғын жер 

екен дейді, - дейді. 

Шымкент, Сайрамды көргенде: 

– Екі басса, бір базар: малда береке болмайтұғын жер екен. Екі басса, бір мазар:баста береке болмайтұғын 

жер екен. «Базары жақын байымас, мазары жақын көбеймес дейді»,-дейді. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              665 bet 

Сырдың бойын көргенде: 

– Басы байпақ, аяғы қайқақ: екі-ақ ауылға қоныстық жері бар екен. Өзге ұзын аққан өн бойы анық кедейдің 

қонысы екен дейді,- дейді. 

Сулы Келес, Құрлы Келесті көргенде: 

– Мөңіреуін, сиыр болып мөңіреуін! Сиыр тұқымы үзілмейтұғын жер екен дейді,- дейді. 

Сонан  арман  Жиделібайсынға  шейін  жүре  берген  екен.«Сарыарқаны  орыс  алады!»  -  деп,  «Орыс 

бармайтұғын жерге барамын!»- деп, қойға қошқар қоймай, жылқыға айғыр салмай, түйеге бура шөгермей, 

сиырды  бұқасыз  сақтап,  малды  үш  жыл  ту  қылып,  сөйтіп  ауған  екен.  Сол  ауып  бара  жатқан  бетінде 

Ноғайлының ханы Әз Жәнібекке кез болды дейді. Бұрын үш тойына шақырғанда, Асан қайғы бармаған 

екен. Ауып бара жатып кез болған соң, Әз Жәнібек: 

- Асан қайғым, 

Шақырса келмес ханымды 

Бура қуып келтірді. 

Қалжы-бұлжы қылмастан, 

Тура қуып келтірді,- деген осы ма?!- дейді. 

Бұл сөздің себебі - бір хан болған екен. Ханның қасында бір қарашы кедей үй қоңсысы болған екен, төмен 

тартар  сауыны  жоқ  екен.  Ханның  малының  сүмесінен  қозы  қарын май,  құлақтан  қап  құрт  алған  екен. 

Күздігүні  ел  тауға  қонар  мезгілде  қарашысы  хандыкінен  айрылып  кететұғын  болған  соң,  қатынына 

айтыпты: 

– Осы құрт-майды ханымды шақырып алып, алдын татырып кетейік, сонда бізге қалғаны жұғымды болар. 

Ханымға татырмай кеткен соң, берекеміз болмас,- деп, ханымды үйіне шақырса, ханым қарашаның үйіне 

кіріп шығуға намыс қылып, арланып: «Әне, барайын, міне, барайын»,- деп, кірмепті. «Құрт-майдың алдын 

ханымға  таттырмай,  кетпейміз!»  -деп,  ол  бейшара:  «Ханым  қашан  біздікіне  басын  сұғады?!»  -  деп, 

сарғайып тосып отырып қалыпты. Күндерде бір күн ханым бүркеніп шығып, қазыханаға барып, қайтып 

келе жатса, (Мәшһүр - Жүсіп ескертпесі: «қазыхана» - деп адамның далаға барып жұмыстайтын зәрүрі 

үлкен (өлген) жұмысын айтады) ханның кісі алатұғын қара бурасы бар екен, ханымды қуыпты. Ханым 

сасқанынан, киімінің бауын байлауға шамасы келмей, қолымен ұстаған бойымен қарашаның үйіне келіп, 

жоқ болып кетіпті. Сонда шал бейшара айтқан екен: 

- Шақырса келмес ханымды 

Бура қуып келтірді. 

Қалжи-бұлжи қылмастан, 

Тура қуып келтірді. 

Бастай гөр, қатын, құртыңды, 

Сала гөр майыңды!- 

деген  екен.  Сол  айтқандай,  үш  тойыма  шақырдым,  бірде-біріне  келмедің,  қадірсіз,  аяқсыз  келдің-ау!  - 

депті. 

– Рас айтасың, Жәнібегім, ойың ұрғашыға ауған, өз бойындағы ақыл-еске өзің ие бола алмаған жан едің. 



Сондығыңмен  айтып  отырсың-ау,  сен  өзің.  Неге  той  қылдың,  білесің  бе?  Әуелі  той  қылғанда,  қара 

қалмақтың қызы Қарашаш сұлуды алдым деп той қылдың. Сен ақсүйек төре едің, ол қара еді, тұқымыңды 

аздырдың. Сұңқарды қарғаға айырбастадың, оның несіне келейін?!- дейді. - Екінші той қылғанда, Жайық 

суының бойына дауыл өтпейтұғын, жауын өтпейтұғын үй салдырдым деп, той қылдың. Ол үйіңді  кім 

салды:  кәуір  салды.  Күнінде  өзі  салған  үйді  өзі  алады.  Сен  Жайықтың  бойына  кәуір  жиып,  қала 

салдырмасаң, есіл осындай жерді орыс алар ма еді?! Мұсылманның қанша күн көріп, жан сақтайтұғын 

жерін  кәуірге  қалдырдың,  оның  несіне  келейін?!  Үшінші  той  қылғанда,  неге  қылдың?  Құладынға  қу 

ілдірдім деп, той қылдың. Құладын құстың құлы еді де, қу құстың төресі еді. Оның кесірі: өзіңнің басыңды 

есігіндегі  құл  алады,  өзіңмен  кетпейді,  тұқым-тұқымыңа  кетеді.  Заманның  ақыры  кезінде  сенің 

тұқымыңды қара қазақ биеші, түйеші қылады, оның несіне келейін?!- дейді. 

Айтқанындай, Әз Жәнібектің сұлу тоқалымен бір байдың баласы үйір-шүйір болып, ханның бір құлына 

көп алтын сыйлап, сол құлы өлтірді. Тоғыз ұлдан тоқал ханды азғырып,балаларымен жау қылып, оңаша 

алып шығып кеткен күнде Әз Жәнібек Асан қайғының не айтқанына басын шұлғығаннан басқа дәнеме 

демеді. Екеуі дос болысып, жалғыз жетім Жаналыны сұрап алып қалды дейді. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              666 bet 

 

363 - Бөлім: АСАН ҚАЙҒЫ ЖӘНЕ ПЕРІ ҚЫЗЫ 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2060 

 

 



АСАН ҚАЙҒЫ ЖӘНЕ ПЕРІ ҚЫЗЫ 

Бір балдама ашып, талай нама көтеретұғын балгер айтқан екен: 

– Сенің бақ талайыңа су перісінің төресі, су сұлтанының қызы несіп болайын деп тұр!-деп. Ол: 

– Қайдан маған душар болады?- дегенде: 

– Еділ, Жайыққа қармақ сал, Сырдарияға қармақ сал, ұзын аққан Ертіске қармақ сал,- осы төрт үлкен 

өзеннің бірі болмаса, бірінен қармағыңа ілінеді,- деп. 

Сонан желмаямен жүріп, бәріне де қармақ салып, ең ақырында Ертіс суының басынан қармағына ілінген 

екен. Адамзаттан бөлек жері жоқ, сұлулықтан басқа міні жоқ, жалғыз-ақ айыбы - сөйлесерге тілі жоқ. Қыз 

қалыбында жатып тұруға, қылық қызметке, бір сөйлеуден басқа ойын-күлкіге титтей мүлтік кемі жоқ. 

Бірнеше күн қатын қылып алып жүрді, бірақ сөйлеспегеніне қапа болып, базар аралатты.  «Бір нәрсені 

тамаша қылып, иә ұнатып, иә ерсі көріп, бір нәрсе деп сөйлер ме екен?»- деп, ләм-мим деп, бір кәлима сөз 

сөйлемеді. Бірақ үш орында мырс етіп күліп жіберді. Неменеге күлгенін білмеді. 

Базар тарқап, аулақ оңашаға шыққан соң: 

–  Сөйле!-  дейді.  Сөйлемеді.  -  Біреудің  не  айтқанын  білесің,  білген  үшін  екі-үш  жерде  күлдің,  енді 

неменеге сөйлемейсің? Мені адамзат деп менсінбей жүрсің ғой, - деп, ашындырып ұрды, - сөйле!- деп. 

Тұщы етіне ащы таяқ тиген соң, сөйледі: 

– Мен сөйлемейін деп жүргенім: сөйлейтін күніме жеткен жоқ едім. Сенен жүкті болып, жерге шыр етіп 

бойымнан бала түссе, сонан соң сөйлемекші едім. Онан бұрын сөйлесем, сен маған жоқ, мен саған жоқ 

болып айрылып кетпек әзел күнде жазуда бар іс еді. Оған шыдамадың, екіқабат едім, табуыма төрт ай 

қалып еді. Қой, қош, аман-есен бол! Төрт айдан соң, жардың астынан келіп, құндақпен жатқан балаңды 

ал! - деп, жөнеле берді. 

– Тоқта!- деп еді. 

– Жоқ, тоқтауға бұйрық жоқ, енді тоқтап болмайды!- дейді. 

Тұрмасын, тоқтамайтұғынын білген соң: 

– Күлгеніңнің мәнісін айтып кет!- дейді. 

– Оны айтайын,- дейді,- Бір күлген себебім: базарда біреу той қыламын деп, мың теңге шығарып: күріш, 

май, өрік, мейіз және түрлі тамақ алып жатыр екен. Тұзға келгенде, қымбатсынып, бір теңгені қимай, тұз 

алмай  кетті.  Соның  ақымақлығына  күлдім.  Мың  теңгенің  тамағы  бір  теңгенің  тұзынсыз  тамақ  болып 

ләззат бермейді. Екінші күлгенім: біреу өріктің дәнін тісімен сындырып түр екен. Тістің құны мың теңге, 

мың теңгелік тісті бір пұлға тұрмайтұғын нәрсеге жойып тұрған соның ақымақлығына күлдім.Үшінші 

күлгенім: біреу бір етікке саудаласып, бағасына келісіпті. «Бірақ осы етігің жеті жылға шын шыдай ма? - 

деп, - Соған шыдаса аламын», - деп, соның неше жылға шыдауына серттесіп тұр екен. Етік аламын деп 

тұрғанның  үш-ақ  күндік  өмірі  қалған  еді.  Өзінің  өмірінің  қанша  күнге  жетуімен  жұмысы  жоқ,  етіктің 

қанша күнге жетуіне, соған таласып тұрғанға, соның ақымақлығына күлдім,- деп, қош айтысып жүре берді. 

Төрт ай тосып жатып, жар астынан барып, құндаққа орап тастаған баланы тауып алып, атын «Жалғыз 

жетім Жаналы» қойды. «Сол қатыннан жоқ жерде асығыстық қыламын деп айрылып қалдым-ау!»- деп, 

соның қайғысынан: «Асан қайғы» атанған екен. Және өзі көзіне көрінген нәрсені уайым қыла береді екен. 

 

364 - Бөлім: АСАН ҚАЙҒЫ ЖӘНЕ ЕЖЕН ХАН 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2061 

 

 



АСАН ҚАЙҒЫ ЖӘНЕ ЕЖЕН ХАН 

Асан қайғының шын аты - Хасенхан екен. Өзі нәзіркерде әулие деп айтуға жарарлық екен. Мұның он екі 

жасар бала күнінде қазақ шүршітке қарайды екен. Шүршітке хан болғанда, Ежен хан деп сөйлейді екен. 

Ежен хан көшпелі қазақ байдың баласына: 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              667 bet 

– Айғырын кісінетпесін! - деп, жарлық қылды дейді. - Егер қазақтың далада жүріп айғыры кісінесе, менің 

қорада тұрған тазы бедеулерім құлын тастайды. Айғырын кісінеткен жанның басы айдауда, малы талауда 

болсын!- депті. 

Қазақ жұрты мұны естіп, уайымға түсіп жылады дейді: 

– Хайуан малды қалай кісінетпей тұрамыз?!- деп.Сонда Хасен бала: 

–  Ол  үшін  уайым  жемеңдер.  Маған  отыз-қырық  мерген  ертіп  беріңдер,  отыз-қырық  желмая  тауып 

беріңдер. Мен Ежен ханға барып, бұл жарлығын қойдырып, қазаққа бір бостандық алып келейін!- дейді. 

Сонан соң жұрт отыз-қырық мерген ертіп берді, отыз-қырық желмая жиып берді. Хасен бала мергендерді 

жолдас қылып, шүршіттің ханына жөнелді. Шаһардың шетінен кіргеннен «әу» деп, үріп шыққан итті ата 

берді дейді. Ит иелері келіп: 

– Мұның қалай, жазықсыз итімізді неге қырып келесің? - десе: 

– Біз Елібайдан келе жатқан елшіміз. Не арызың болса, хандарыңа айтыңдар. Жауабын хандарыңа берейік. 

«Елшіге өлім жоқ!» дегенді білмейсіңдер ме?- деп, жүре жауап беріпті. 

Ит иелері хандарына ғарыз қылыпты. Хандары: 

– Келсін, себебін сұрап тексереміз,- депті. 

Елшілер келіп ханға жолыққан соң: 

– Елші болғандарың қалай? Еліміздің итін қырып, жұртты шулатып келе жатқандарың қалай?- депті. 

Сонда Хасен бала: 

– Тақсыр, оның мәнісі бар. Кішкене күнімде әкем маған қой бақтырды. Далада қой бағып жүргенімде, көп 

қасқыр  келіп  қамады.  Сонда  мен  ойдың  да  итін  шақырдым,  қырдың  да  итін  шақырдым,  елдің  де  итін 

шақырдым, шаһардың да итін шақырдым, бір ит келіп ара түспеді. Сонда ант ішіп едім: «Ойдың иті, сені 

де атармын! Қырдың иті, сені де атармын! Елдің иті, сені де атармын Шаһардың иті, сені де атармын!»- 

деп. Сол сертіме жетейін деп, ит біткенді қиратып, атып келе жатқан мән-жайым сол!- дейді. 

Онда хан айтты: 

– Тентек шіркін, сенің қазақтың мидай сары даласында жүріп айқайлаған даусыңды біздің шаһардың иті 

қайдан естісін?- дейді. 

Хасен бала жауап қайырды: 

– Айғыр даусын бие естіген жерден кісі дауысын ит естімей қоймайды,- дейді. 

– Қап, бала мені ұрдың! Мен ұтылдым да, сен ұттың! Қалағаныңды ал!- дейді. 

– Қалағанымды берсең,қазағымды өзіме берсең болады,- дейді. 

– Бар, бердім, Қазақ деген жұртқа өзіңді хан сайладым,- дейді. 

Сонан соң: « Хасен хан» атанып қайтты. 

 

365 - Бөлім: ҚҰДАЙДЫ ҚОЛДАН ЖАСАУШЫЛАР ӘЛЕГІ 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2062 

 

 



ҚҰДАЙДЫ ҚОЛДАН ЖАСАУШЫЛАР ӘЛЕГІ 

Баяғы заманда Хыбыш деген жұрт болыпты, Йемен уәлаяты делінеді. Ныжаш деген сұлтаны болыпты. 

Оның қол астында Абыраһа деген патшасы болыпты. Жалғанды жалпағынан басып, дүниені өз қолымен 

аударып, төңкеріп, асты-үстіне келтіріп жүрген күндерде Абыраһа көп жігіт-желеңмен аң аулап жүріп, 

коп жүріп бара жатқан жүргіншіні көріп: 

– Қайда бара жатқан жансыңдар?- десе, 

– Мекке деген шаһар бар, онда «Құдай үйі»- деген үй бар. Соған зиаратқа барамыз?-десіпті. 

Абыраһа: 

– Текке қаңғып бармаңдар. «Құдай үйі»- сондай жаман ескі тас үй болушы ма еді?- десе, бұлар болмапты: 

– Бізді барғызбай бөгегеніңмен, дүниенің төрт бұрышына тор жаямысың? Жалаң біз емес, дүниенің төрт 

бұрышынан ол үйді іздеп келуші бихисап! - деген соң, Абыраһа ашуланып, долданып: 

– Тоқта, мен ол үйге жан бармайтұғын қылайын!Өзіміздің құдайға арнап бір шіркеу жасатайын. Сонан 

соң «Құдай үйі мұнда!»- деп, жұртқа жар шақыртайын! - деп, инженерлерді жиып, өз жерінен лайықты 

жер іздеп, атқа мініпті. Сахара майдан елсіз даладан Йемен уәлаятының Зыға деген шаһарынан үш сағатта 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              668 bet 

баратұғын бір жерді ұнатып, шіркеу салдырыпты. Ол үйден аяп қалған алтын, күміс, асыл тас болмаса 

керек. «Жалғанның бейіші қыламын!»- деп, жасатып, не керектің бәрі өзінен табылатұғын қылып, үйдің 

атын:  «Қылиса (қалса)» деп атандырыпты. Өзіне көп монах (манах) мінәстірлер тұрғызыпты.  «Келген, 

кеткен жандарға тамаша қылдырып, есін шығарып тойғызып, есінен қалғысыз қылып, айта жүргендей 

қылыңдар!»-  деп  тапсырып,  қолдан  жасаған  алтын  құдайды  төріне  орнаттырып:  «Міне,  құдайға 

жарастықты үй - осы!»-дегізіпті. Бұл хабар дүниеге жайылыпты. Сөйткенмен қолдан жасаған шіркеу мен 

қолдан жасаған: тас құдай, ағаш құдай екінің бірінде,егіздің сыңарында бар. «Әркімдікі өзіне  Ай көрінер 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет