ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет95/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   153

Тазыңның ақыл артық, ойы жетік 

Көртышқан етік қылдым шоқайынан. 

Басына бәйтеректің тіктім орда, 

Көкорай шалғын екен қорда-қорда. 

Қос атпен күні-түні бірдей қуып, 

Қашаған бір битімді тұттым зорға. 

Мен өзім өтіріктен пайда еткенмін, 

Биялай, бит терісін қалта еткенмін. 

Етіне бір шіркейдің қазан толмай, 

Соймасқа қайтып шіркей ант еткенмін. 

Мыс егіп, көбік қарға алтын ордым, 

Ізіне ап жыланның қақпан құрдым. 

Шегірткем мініп жүрген тулап еді, 

Жалғыз тал, қыл қамшыммен өлгенше ұрдым. 

Түгестім саптыаяқпен Сырдың суын, 

Он нарға артып жүрмін қыздың буын. 

Еншіге әкем берген мың қоянның 

Соғымға қырып алдым барлық туын. 

Тілімнің келмейді ебі өтірікке, 

Тақсыр-ау! Осыным да өтірік пе? 

Қырық байтал қалың малға санап алып, 

Қыз бердім отау тігіп кекілікке. 

Биені қымыз іштім, мұзға байлап, 

Тышқанды жауыр қылдым үш жыл жайлап. 

Қырық тоғыз мүшелімде әкем туып, 

Жүгірдім қуанғаннан алақайлап. 

Отыным жазғы жаққан мұздан болды, 

Салымым сексендегі қыздан болды. 

Былтырғы жерошаққа жаққан отым, 

Тұтанып, зорға биыл қызған болды. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              680 bet 

*** 


Сауысқан алып ұшты бөлтірікті 

Айтпаймын қыз берсең де өтірікті. 

Шіркіннің тепкісінің қаттысын-ай, 

Бір қызды шыбын теуіп өлтіріпті. 

Шаянның шаңырақтай омыртқасы 

Көнектей көлбақаның жұмыртқасы 

Болмаған енді өтірік несі қалды? 

Түбінен жау қияқтың ердің қасы. 

Жонынан атжалманның айыл алдым 

Үш жөргем ішін жарып, майын алдым. 

Ізіне аттың басқан қақ тұрыпты, 

Қырық құлаш қармақ салып, жайын алдым. 

Қошқардың қағанақтан күйегі бар, 

Шідердің мұздан жонған тиегі бар. 

Тақсыр-ау, осыған да нанбаймысың? 

Қырық арба бір қаншырдың сүйегі бар. 

Шымшықтың шылым шектім қу басынан 

Атжалман арқан естім шудасынан 

Қырық қарға, отыз сона құда түсіп, 

Инелік киіт киді құдасынан. 

Серік болып құрқылтаймен қылдым сауда 

Айналды серіктіктің арты дауға. 

Борсыққа жарап жүрген міне шауып, 

Ұрандап бір бүйірден тидім жауға. 

Дарияға тоған бастым ебелектен 

Жаратып қасқыр қудым көбелекпен. 

Жығылып, жас кенеден мойны үзіліп 

Бір кемпір «а» дегенше өле кеткен. 

Аспанға алты жерден тіреу қойдым 

Бұрышына қатынымды кіреу қойдым. 

Жүрегін құрқылтайдың төрт бөліп жеп, 

Нансаңыз, өмірімде бір-ақ тойдым. 

Сауысқан әбден асты аққуды іліп, 

Елімді қызғыш шауып салды бүлік. 

Қақалып кеше кешке жеген етке 

Қолқамда бес жыл тұрды кәрі жілік. 

Күмістен ақ тышқанға таға қылдым 

Құйрығын көр тышқанның жаға қылдым. 

Терісін сар масаның теспей сорып, 

Жиынға он бес қарын саба қылдым. 

Жабылып, тоғыз жігіт көтере алмай, 

Қылмасқа ондай саба тәуба қылдым. 

83. ӨТІРІК ӨЛЕҢ АЙТТЫМ ДА, 

ЖҰРТҚА ЖАҚТЫМ 

Өтірік өлең айттым да, жұртқа жақтым, 

Құмырсқаны қайырып, қойдай бақтым. 

Ел қыдырған кешегі есер кезде 

Бөгелектің басына тана тақтым. 

Бір қоянды міндім де, аспанға ұштым, 

Екпініне шыдамай жерге түстім. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              681 bet 

Алты күндей ақ боран соғып еді, 

Жалғыз қурай ығына ас қылып іштім. 

Дүниенің ауыры үрген қарын, 

Жалғыз өзім көтердім соның бәрін. 

Атандарға үш төстен артып едім, 

Көтере алмай жығылды атандарым. 

Дүниенің ауыры үрген қуық 

Жалғыз өзім көтердім аузым буып. 

Үлкеніне сіркенің арба салдым 

Ондай мықты көрмедім өзім туып. 

Бес қарсақты күнінде баса міндім, 

Жүргізе алмай шіркінді азар міндім. 

Екі сымбал үстіне теңдеп алып, 

Қара жолдың үстінде борт-борт желдім. 

Үлкеніне сіркенің арба салдым, 

Басқа-көзге төпелеп, зорға салдым. 

Мені мықты дегенге жұрт нанбайды 

Қойдай битті көтеріп, отқа салдым. 

Өтірік өлең айтамын өр басынан 

Арқан естім бозторғай шудасынан. 

Алты инелік, бес торғай той қылыпты, 

Киіт кидік солардың құдасынан. 

Өтірік өлең айтамын өр басынан 

Шылым қылдым шыбыштың қу басынан 

Қара шіркей етіне қазан толып, 

Астау-астау ет жедік ер басынан. 

Маса деген бірталай бақыр екен, 

Сона деген имансыз кәпір екен. 

Бөгелектің үйіне еніп барсам, 

Әкесіне ас беріп жатыр екен. 

Бөгелектің терісі – ер-тұрманым, 

Қоян мініп, мен өзім жау қуамын. 

Шегірткенің айғырын ұстап, мініп, 

Тұра қашқан түлкіні бұлтартпаймын. 

Көлбақаның көнектей сүйегі бар 

Көртышқанның қырық құлаш үйегі бар. 

Өзім барып, жерінен алып келдім, 

Бір түлкінің қырық арба сүйегі бар. 

Өтірік өлең айтайын өрдің басы 

Жау қияқтың түбінен ердің қасы. 

Өзім барып, жұлмалап алып келдім, 

Бір түлкінің қырық арба омыртқасы. 

84. ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕР 

Айттым да, өтірік өлең жұртқа жақтым, 

Қой қылып құмырсқаны жаздай бақтым. 

Айғырын шегірткенің ұстап мініп, 

Қой тастан адыр-адыр түлкі қақтым. 

Мен өзім жас күнімде тырна бақтым, 

Тырнамды семірсін деп қырға бақтым. 

Балықтың бас-аяғын түгендеуге, 

Іледе итке мініп, үш жыл ақтым. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              682 bet 

Мен өзім жас күнімде қарға бақтым, 

Қарғаны семірсін деп жарға бақтым. 

Мешін жылы ақсүйек үлкен жұт боп, 

Арығына қарғаның жабу жаптым. 

Мен өзім жас күнімде қарға бақтым, 

Арықтап әр қарғама жабу жаптым. 

Желді күні жетеуі желдеп кетіп, 

Бақанастың түбінен әрең таптым. 

Қарға жеріп, ішпеді суын қақтың, 

Суы қылды қашықтық Белбұлақтың. 

Ақ өзектен инемен құдық қазып, 

Күнде үш уақ қарғамды суға жаптым. 

Шымшықтың шылым қылдым қу басынан, 

Бозторғай шылбыр қылдым шудасынан. 

Көбелектің қанатын көпір қылып, 

Теңіздің өте шықтым турасынан. 

Көбелек тумай жатып, үйін көрдім, 

Балықтың соймай жатып миын көрдім. 

Өзгем өтірік болса да, осыным шын, 

Астыма тышқан мініп, түйе өңгердім. 

Келемін өзен құлдап, масаны айдап, 

Үркіттім инелікті «Адағайлап». 

Болғанда Құрбан айты қыз қуамын, 

Асауын бөгелектің жемге байлап. 

Айттым да, өтірік өлең желдей естім, 

Ұстап ап, қос құланның мұрнын тестім. 

Болса да, өзгем өтірік, осыным шын, 

Жүк артып, бес қоңызға түнде көштім. 

Айттым да, өтірік өлең желдеп кеттім, 

Соңымнан: – Көбелекті кел, – деп кеттім. 

Асауын бөгелектің ұстап мініп, 

Астыма бес қап бидай теңдеп кеттім. 

Бөгелек ертең ерте пысқырып жүр, 

Тақымға таман тауды қыстырып жүр. 

Өзгем өтірік болса да, осыным шын, 

Мойнында бөгелектің бес құрық жүр. 

Үлкені бұ дүниенің маса батыр, 

Маса батыр бір тауды қашап жатыр. 

Бір масаның семізін сонда көрдік, 

Алпыс екі табаққа жасап жатыр. 

Ауыры бұ дүниенің үрген қарын, 

Жалғыз өзім көтердім соның бәрін. 

Көтеріп, түстеп барып қойғанымда, 

Көтере алмай жығылды атандарым. 

Жыланды жолда жатқан таяқ қылдым, 

Тасбақаның сүйегін аяқ қылдым. 

Шегірткенің айғырын шертіп мініп, 

Қоспастан үйіріне саяқ қылдым. 

Айттым да, өтірік өлең елге жақтым, 

Қайырып көбелекті көлге жаптым. 

Инелік пен масаны құда қылып, 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              683 bet 

Үстіне инеліктің шекпен жаптым. 

Айыл қылдым жыланның жонын илеп, 

Көбелекке жүр екен сона күйлеп. 

Сол сонаның айғырын іздеп жүрсем, 

Бір тоғайда жүр екен түйе сүйреп. 

Инелікке міндім де, сона қудым, 

Үш күн түнеп, сонаны қона қудым. 

Енді жеттім дегенде ине сынып, 

Енді инелік мінбеске тоба қылдым. 

Төскі тартпам жыланның үйегінен, 

Тіс шұқышым шіркейдің сүйегінен. 

Ар жақтағы араны алты-ай қуып, 

Жаңа қайтып келемін түнеу күннен. 

Әр тышқанның тісінен балта еткенмін, 

Бас терісін басбақша қалта еткенмін. 

Көбелектің қанатын көпір қылып, 

Адам өтпес дариядан алты өткенмін. 

Әтейі сона деген кәпір екен, 

Құмырсқа бір талай жан батыр екен. 

Үйіне көбелектің кіріп келсем, 

Ас беріп, әкесіне жатыр екен. 

Асына тамам сона тойған екен, 

Қырық өгіз, алпыс бие сойған екен. 

Асынан кеше барып, бүгін келдім, 

Бейіт қып Алатауды ойған екен. 

Келеді мына жақтан топты маса, 

Біреуінің тұмсығы темір аса. 

Жегенге ептеп-септеп тамақ жоқ ба? 

Ет шықты елу табақ бір тоңаша. 

Кенеге кежім жауып, бесті ат қылдым, 

Бетегені бес жарып, келсап қылдым. 

Бозторғайдың шудасын күзеп алып, 

Күндіз-түні иіріп, бес қап қылдым. 

Көбелектің көнектей майын алдым, 

Төрт елі үйегінен айыл алдым. 

Атым сиген жерінен көл тұрғызып, 

Көлденеңі қырық кез жайын алдым. 

Жібердім бес сауысқан Үріжарға, 

Жануар бірі – жүйрік, бірі – жорға. 

Өзгем өтірік болса да, осыным шын, 

Жүк қылдым кекілікті бес жүз нарға. 

Бөденемен қайтардым бөлтірікті, 

Басына қарағайдың көл тұрыпты. 

Өзгем өтірік болса да, осыным шын, 

Бір шалды шіркей теуіп өлтіріпті. 

Айдадым жылқы қылып отыз түлкі, 

Борсықты ұстап мінсең, аттың мүлкі, 

Ішінде топ кісінің жығып кетіп, 

Қылдың ғой, ойбай, қарсақ, мені күлкі. 

Күмістен ақ тышқанға таға қылдым, 

Терісін көртышқанның жаға қылдым. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              684 bet 

Терісін сармасаның жыртпай сойып, 

Жиындық он бес қарыс саба қылдым. 

Жиылып тоғыз жігіт көтере алмай, 

Қылмасқа енді саба тоба қылдым. 

Жоғартыннан келемін құлан атып, 

Құла шолақ тышқанды бұлаңдатып. 

Құла айғырмен әкелген құланыма, 

Ауыл-аймақ – барлығы қалды батып. 

Арамен Алатауды алты ай шаптым, 

Көртышқанның жүнінен айыл тақтым. 

Күзгі қарда Көбеңдей жемдеп «мініп», 

Жеті өзеннің бойынан түлкі қақтым. 

Айттым да, өтірік өлең қызық қылдым, 

Алты құлаш жыланнан шұжық қылдым. 

Шаңыраққа шаңқита іліп тастап, 

Қыздың көзін шұжыққа қызықтырдым. 

Маса қызын беріп көбелекке, 

Күйеу жолдас болыпты бөгелек те. 

Шаранадан қарық қылып жыртыс жыртып, 

Той қылып, ат шаптырды төңірекке. 

Маса қызын беріпті көбелекке, 

Қара шыбын жүріпті жеңгелікке. 

Тоғыз сона той малға айдап сойып, 

Ақ киізін артыпты инелікке. 

Төментіннен келемін жоғары өрлей, 

Төрт қап өлең теңдедім аузын түйрей. 

Төрт қабының бірінің аузын ашсам, 

Анау-мынау қашады тонын сүйрей. 

Шымшықтың шылым қылдым қу басынан, 

Бозторғай шідер түйдім шудасынан. 

Бір өзіме қарайтын мың торғай бар, 

Ешкім менің бай емес, бір басымнан. 

Бозторғайдың жүзі жүр жұлмасынан, 

Тоқитұғын қап, шекпен шудасынан. 

Торғай тұрып, қатыным түйе іздейді, 

Болады екен олағы ұрғашыдан. 

Бит айтады: – Сіркені қатыным, – деп, 

Сірке айтады жейдені шатырым деп. 

Бит өлгенде, бұл сірке не деп жоқтар, 

Ақ тырнақпен алысқан батырым деп. 

Алтыннан ақ қоянға қақтым таға, 

Бір тышқаннан үш тонға піштім жаға. 

Суық сайын кигенде күйдіреді, 

Кешке оранып жатады бала-шаға. 

85. ЖОЛБАРЫСПЕН ОЙНАҒАН БӨЛТІРІК-ТІ 

Жолбарыспен ойнаған бөлтірік-ті 

Аттың басқан артынан бұл тұрыпты. 

Қиыстырып айтқанға өлең жоқ па, 

Сен айтсаң, мен де айтайын өтірікті. 

Шылым қылдым шымшықтың қу басынан. 

Шылбыр естім тышқанның шудасынан. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              685 bet 

Шегірткенің айғырын ұстап мініп, 

Өте шықса, өлеңің турасынан. 

Көбелектің көнектей майын алдым, 

Көртышқаннан қырық құлаш айыл алдым. 

Аттың басқан жеріне көл тұрыпты, 

Қармақ салып, қырық құлаш жайын алдым. 

Өтірік өлең айттым да, елге жақтым. 

Құмырсқаны қой қылып, құмға бақтым. 

Көбелектің айғырын ұстап мініп, 

Матай тауын қырқалап, түлкі қақтым. 

Өтірік өлең айттым да, бесті ат қылдым. 

Бетегенің түбінен келсап қылдым. 

Ұрығымды ап кетті қу құмырсқа 

Он арқанды ширатып, ұстап міндім. 

Сонда Алматыға барып, келдім. 

Мың қоян, бес жүз түлкі алып келдім. 

Көзім көрген айтамын расымды 

Мен бекер жалған айтар кәріп пе едім? 

Көбелекке он арба салып тарттым 

Жүз тері, жүз пұт түбіт үстіне арттым. 

Бір сапар көбелекпен барған жүкке 

Он лапкесін тауысты ғой сартың 

Кірекеш келді биыл қоянға артқан 

Тұз салып тағарына он бес батпан 

Сол тұзды көтеріп ап он бес батпан 

Қоянның жүрісі артық шапқан аттан 

Міндім де, бір қоянға шықтым жұлып, 

Он құлан атып алдым, он бес елік. 

Шығармай шып-шырғасын артып алып, 

Қоянды таң асырдым үйге келіп, 

Бастырып сол қоянға арттым майын 

Шарбысын былай алдым, шажырқайын. 

Қарынын қатпар жағын тегіс алдым 

Бүйенін тастап кеттім, не қылайын, 

Бұл сөзге нанбағандар қылады өсек. 

Май құйдым үйге келіп неше кесек. 

Мінсе де, жан жабылып шаршамайды 

Май апты он бес қарын келін-кепшек. 

Бір кісіге миллион пайда бопты, 

Жүз сомнан майдың пұтын есептесең, 

Қояндар жүк астында түрленеді 

Көрмеген бір аң тағы бірге келді, 

Дүбірі жер жарады секіргенде, 

Мұның не деп сұрап ем, «бүрге», – деді. 

– Агар тисе сүйегің талқан болар, 

Жақындап сен бүргеге жүрме, – деді, 

Шіркіннің дыбысының қаттысын-ай, 

Жақын келе береді екен жат кісіні 

Бауырынан жүгіріп өтіп кетті. 

Үйренгеннен өнерінің ептісін-ай 

Бара алмай маңайына біз қашамыз 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              686 bet 

Қайтелік, шыбын жанның тәттісін-ай! 

Үшеуін үш бүргеге жектім арба 

Біз-дағы қуанамыз қолда барға 

Бүргенің қайраты бұл емес пе, 

Қызғанда бөгелмейді пілден қарға. 

86. ӘДЕЙІ САРЫ ШЫМШЫҚТЫ МІНДІМ ҰСТАП 

Әдейі сары шымшықты міндім ұстап, 

Қолыма ұзын шыбық мықтап ұстап, 

Сайланып ауыл жақтан аң аулауға, 

Қусырып, екі жақты қайшы ұстап. 

Алдымнан қызыл түлкі қыран қашты 

Шырылдап, сары шымшығым сырын шашты. 

Білді де аңға түлкі қуғанымды, 

Құйрығын бұлаңдатып, жалт-жалт қашты. 

Жетем деп сары шымшықты санға ұрдым, 

Қызығып, түлкі, қызыл қанға қыздым. 

Тепкілеп екі бүйір, шана толып 

Жорта алмай жол шаңынан қалған едім. 

Шымшығым астымдағы қорқау болды. 

Жұлынып мойын омыртқа жалқау болды. 

Көтеріп ел жағыма жеткізе алмай, 

Соғымға бір қыстыққа толған болды. 

Бір күні Андижанға бармақ болдым, 

Киініп, ат-тонымды жимақ болдым. 

Алдырып құмырсқа мен жолбарысты 

Шақырып қарға, құзғын бұзбақ болдым. 

Келемін ыңырсытып жердің жүзін, 

Алуға өз қолыма үрдің қызын. 

Ұрысып бір мың бес күн Андижанмен 

Көре алмай, ақырында, ханның қызын. 

87. БІР ТОРҒАЙДЫ ҰСТАП МІНДІМ ЖҮГЕНДЕП 

Бір торғайды ұстап міндім жүгендеп 

Бір бұтын мен қыстап шықтым үнемдеп. 

Торғайыма тамақ бермей жүруші ем, 

Ашуланып, «Қарным ашты, кетемін», – деп. 

Торғайыммен алып қаштым көкбарды, 

Тақымыма басып алдым шоқпарды. 

Мұқтар келіп жармасады көкбарға 

Шоқпарыммен ұрып жықтым Мұқтарды. 

Шынтағыммен алып ұрдым түйені, 

Бармағыммен ұрып жықтым биені. 

Күшті екенмін сонда білдім мен өзім 

Таба алмадым түйемен аңға сені. 

88. ӘЛІМЖАННЫҢ ӨТІРІГІ 

Әлімжан бір үйге келіп отырып: 

– Астымдағы ала айғырды жаңа келе жатып өлшеп едім, ұзындығы сүйемменен отыз екі сүйем болды. 

Және бүгінгі күннің суықтығы керемет болды, бір бозторғай жалғыз шыбық басына қонып отыр екен, 

мұрнынан шыққан демнен тұрған сүңгі мұз үш сүйем екен, – депті. 

Және  Әлімжан  Қоянды  жәрмеңкесіне  барып,  Сәрсембай  деген  қу  жігітке  жолығады.  Әлімжан  базарға 

барып келейін [деп], кетіп қалып, қайтып келеді. 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              687 bet 

– Ал, Сәрсембай, бір қызық айтайын дейді. Бір қойдың піскен басын сатып алып, жеп едім, екі құлағы, 

Алла әмір–ай, үш тарақ болды, – депті. Сонда Сәрсембай: 

–  Әттеген-ай,  еркін  үшін  ала  кескен  екенсің,  түбін  ала  кессең,  бес  тарақ  та  шығатын  екен,  –  дегенде 

Әлімжан жеңіліпті. 

89. СҰРАУБАЙДЫҢ ӨТІРІГІ 

Сұраубай деген адам Жайлаубай байдың үйіне сасып, кіріп келіп: 

– Ойбай, малдарыңа сақ болыңдар, жаңа жолда отыз қасқыр кетіп барады, – депті. Бай абыржып, малға 

кісі жіберіпті. 

– Ей, Сұраубай, жаным, анық айтшы қорқытпай, тіпті, отыз қасқыр сұмдық қой, мал түгіл адамды да жер, 

– деген. Сұраубай: 

– Бай-еке, шынымды айтайын, көргенім – оны артық айтып едім, анығы, жиырма қасқыр еді, – депті. 

Бай: 

– Мұның да артықтау, тағы кесші, – деген сайын оннан, бестен кеміте келіп, «Атан түйедей бір қасқыр 



еді», – депті. 

Бай:  –  Тіпті,  қасқыр  көргенің  өтірік,  –  дегенде,  «Енді  бар  шыным  –  тайлақ  түйенің  табанындай  бір 

қасқырды көзіммен көрдім, – депті. 

90. ӨТІРІК ЕРТЕГІ 

Өз әкемнен тумай тұрып, тумаған ту  атамның жылқысын бақтым. Бір  күні  жылқымның соңынан келе 

жатсам,  шықпаған  шидің  түбінде,  тумаған  ту  қоянның  көжегі  жатыр  екен.  Өзегі  өрілмеген,  сабы 

қиылмаған, тоғыз орайлы тобылғы сапты қамшым бар еді, үзеңгіге шіреніп, керіле беріп, тигізбей, салып-

салып жібергенімде, миы жындай бұрқырап, шашырап, жерге түсті. 

Одан өтіп келе жатсам,  тумаған ту түлкінің көрінбеген күшігі  шықпаған шығанақта жүр екен. Сабағы 

салынбаған, қорғасыны құйылмаған, дәрісі дарымайтын мыртық-мерген мылтығым бар еді. Жылғамен 

зытып бара жатқанда, қарсы алдынан отыра қалып, қақ тұмсықтың тұсы деп атқанымда, оқ мұрнынан 

тиіп, жұлынмен жүріп отырып, құйрығының ұшына барып тоқтаған екен. 

91. БҰҚАБАЙ МЕРГЕННІҢ ӨТІРІГІ 

Лепсі уезіне қарайтын Матайдың аталығы Шоқпар Бұқабай деген кісі де өтірікке келгенде, ешкімге есесін 

жібермейтін желдіртпе кісі екен. Елді аузына қаратып, сол соғады дейді. 

– Қаңтар туысымен қарсақ тонымды бастыра киіп, қара шолақ өгізіме мініп, тобылғыдан түлкі түртіп, 

қасқыр қағып келе жатып, арыстанның алты жұмыртқасын омбы қардан ұрып алдым да, ойдан қашқан 

отыз  түлкіні  алты  жұмыртқамен  жіберіп  ұрып,  жіберіп  ұрып,  түлкінің  бәрін  жау  жапырақтай  түсіріп, 

сайды әкеме ас бергендей қан сасыттым. 

Шыбық  садағым,  ши  оғыммен  құралайды  көзге  атамын.  Сеңгірде  селтиіп  тұрған  кер  құланды  тартып 

қалғанымда,  оғым  атқан  құланның  оң  танауынан  кіріп,  сол  құлағынан  шығып,  алдыңғы  оң  аяқтың 

турасын жұлып, артқы сол аяқтың түяғын түсіріп, сан етті аралап, өрлей шығып, құйрықты қуып отырып, 

үстінен шығып кетіпті. 

Аңғал сайдың алшасына салып тастаған қақпаныма күнде отыз арлан, тоқсан түлкі түсетін болды. Күнде 

бір қақпаннан бір ауыр көген аң аламын. Біреуінің кірпігінен, біреуінің мұртынан, біреуінің мүйізінен, 

бірінің құлағынан, көбі аяғынан, азы тұяғынан түседі де жатады, түседі де жатады дейіт дейді. 

92. ЫҒАЙ МЕН СЫҒАЙДЫҢ ӨТІРІК САЛЫСТЫРҒАНЫ 

Ығай, Сығай деген екі ағайынды туысқан суайт, өтірікші болыпты. Осы екеуін өтірік айтыстыруға ел екі 

ен-жар болып, жиында өтірік бәсекесіне түсіпті. 

Сөзді Ығайға беріпті. Ығай: 

– Қой жылы қостап, жылқымен отарға шықтық. Айына алты саптыаяқ тары, алпыс мысқал талқан азық, 

көже қатыққа екі сүбе қабырға, бір миқы омыртқа, бір құрт, екі малта беруші еді. Бұл азықты ай сайын 

алты атан түйемен түсіріп тұрушы еді. Бір күні ауылдан келген азығымды түсіріп алып жатсам, айғыр 

шаппай, шығып кеткен алты бием желіндеп жүруші еді, бәрі де бошалап кетісіпті. 

Тоқпақ жалды торы айғырды жайдақ күйінде жүгенсіз, қақпалап мініп, жүгіртіп келе жатсам, шықпаған 

шыларжында қорықпайтын қоян жатыр екен. Торы айғырдың үзеңгісіне шіреніп тұрып, тұмағымды алып 

жіберіп, ұрып ем, күл-топырақ болып, аспанға ұшып кетті. Ұрған жеріме келсем, тұмағымның милығынан 

келіп,  отыз  үйрек  балапандап,  қырық  қаз  жұмыртқалап  қалыпты.  Сол  күйі  басыма  кие  салдым  да, 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              688 bet 

биелерімнің ізімен соғып келе жатсам, тумаған ту серкенің терісінен істеген местегі қымыз көштен түсіп 

қалыпты. Биелерім аман-түгел табылады екен деп ырым қылдым да, торы айғыр үзеңгі баулап алып, тағы 

соғып, келе жатырмын. Бір айдын шалқар дарияның жағасына келсем, үрлей, от жанып, сор май шығып, 

топырақ жанып жатыр екен. Торы айғырды суытып, қаңтара байлап тастап, тұмағымдағы толып жатқан 

құсты үстіне су құйып, асып отырсам, қырдан қызыл түлкі мені бас бағыпты да тұрыпты. Мақтадан оғы 

бар, балдырдан дәрісі бар, әкемнен қалған ақшолақ мылтығым бар еді. Тұмсықты тұстай, мұрынды нұсқай 

атып  едім,  тұмсықтан  тиген  оқ  құйрығының  үстінен  шығып  кетті.  Тұмақтағы  түстікке  тояттап  алып, 

қымызыма қанып алып, қанжығамды қаз толтырып, түлкімді бөктеріп, алты дарияның ар жағында, жеті 

дарияның жел жағында, Барсакелмес аралда алты бием құлындап, құлындарын аймалап тұр екен. Дария 

торы айғырдың тобығынан да келген жоқ. Бір айғыр үйір жылқы айдап, қайтып келемін. 

Жолда келе жатып, кеш батқан соң бір жерге түнейін деп, қамшымның бүлдіргесімен барлық жылқымды 

матастырдым да, ыстық қылып ішейін деп айнала – төңіректен бір етек жапа теріп әкелсем, бәрі шіл екен, 

пырылдап ұшты [да] кетті, ұшты [да] кетті, – депті. 

Сөзді Сығайға беріпті. Сығай: 

– Мен кішкене күнімде бір сарттың сиырын бақтым. Сарттың бір күні бір сиыры ауырды. Есек пен ауру 

сиырды  бір  қораға  қамадым  да,  арам  өлмесін  деп,  мені  күзеттіріп  қойды.  Қолыма  бір  өткір  қожаныт 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет