секілді. Бұған ұқсаған көп ед і» '— деп ислам дінін араб-
тар Орта Азияға әскер күшімен таратқанын, сондықтан
да қазақтар ислам дінін тез үйреніп кете алмағанды-
ғын, ал шаманизмнің қалдығы кейінгі кезге дейін созы-
лып келгендігін айтады.
Ислам дінінің Орта Азия мен Қазақстан халықта-
рына таратылуының бірінші себебі — араб басқыншы-
ларының әскери күші болса, екіншіден, ол дінді халық-
тың қабылдауы — оның қараңғылығынан, білімі жоқты-
ғынан болған деп түсіндіреді Абай. «Ислам діні бұрынғы
ата-бабаларды ұмыттырып, діндестерді жақып көрсет-
кендіктен, әрі артқы жағы хабарсыз қарақғылыкта қал-
ғандықтан болған іс»2
Бұл айтқандардан ислам дінінің қазақ даласында
қалай тарағандығы туралы және жалпы діннің бәрі де
адам «не нәрсенің есебіне (мәніне, маңызына) көзі жет-
песе, сол нәрсені құдай қылып тұр» деген қате түсінік-
тен туғандығы туралы бірталай ғылыми болжау айт-
қанына қарамастан, Абай діннің, оның ішінде ислам ді-
нінің де үстем таптың идеологиялық құралы екендігін
айқын түсіне алмаған.
Діннің қазақ даласында қалай тарағандығын ғана
айтып қоймай, ойшыл ақын ислам дінінің — бұл дүние
өмірдің тек болымсыз көлеңкесі, шын мәніндегі рахат
өмір о дүниеде, ақіретте басталады,— деген діни догма
та ешбір сенбейді және осындай діни догмаларды тара-
тып, халықтың миын ашытып, басын қатырушы дін ие-
лерін — имамдар мен ишандарды, молдалар мен фана-
тиктерді, діни әдет-ғұрыпты аяусыз шенейді.
Ақын пікірінше, адамның ең үлкен парызы, міндеті
қажыға бару емес, адамгершілігі мол адам болу. Сон-
дықтан да ол кезде көгі тараған, еріккен банлардың
серуені — қажыға бару дәстүрін сөгеді. Қажыға бару-
дың бірінен-бірі кем түспейтін екі түрлі зымиян мақса-
ты бар. Біріншіден, кажыға барушы халық алдында
асқан кұдайшыл, «дүние жолындағы адам емес, кұдай
жолындағы адам» болып көрінуді көздейді. Екіншіден,
қайтып келген соң еңбекші халыққа бұрынғы «байекең»
деген атымен емес, «әулие қажекең» деген атымен ма-
сыл болу. Оның үстіне қажыға бару көп қаражат керек
етеді. «Дүние жолын тастап, кұдай жолына түскелі
Достарыңызбен бөлісу: