«Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі қазақстанның рөлі» Орындаған : Озғанбай Асхат

бет5/5
Дата05.05.2023
өлшемі24,27 Kb.
#90559
1   2   3   4   5

Бүкіләлемдік экономикалық форум жария еткен 2006-2007 жж. әлемдік бәсекелестік индексіне сәйкес Қазақстан Ресей, Түркия мемлекеттерін озып 56 орынды иемденді. Бұл тізім бойынша ҚР Орталық-Азия мемлекеттері арасында көшбасшы. Кеңейген экономикалық мүмкіндіктер республика алдында жаңа сыртқы саяси мақсаттар қойып отыр. Сарапшылар көзқарасы бойынша Қазақстанның қарқынды дамып жатқан экономикасы «тұрақтылық экспортері» ретінде бүкіл аймақ экономикасының дамуының катализаторы болуы мүмкін. Бұл ретте қазақстандықтардың зияткерлік мүмкіндігі мен мемлекеттің табиғи байлықтары негіз бола алады. Мұнай мен газдың үлкен қорлары бар республика болашақта қалыптасып келе жатқан ғаламдық энергетикалық қауіпсіздік жүйесінде маңызды рөл атқаратын әлемдік нарыққа көмірсутегін жеткізетін жетекші мемлекетке айналуы әбден мүмкін.

қорытынды

Бүгінде экономикалық және саяси өзара іс-қимылдың халықаралық құрылымдарына ене отырып, Қазақстан мынадай міндеттерді шешеді: дамыған мемлекеттер тарапынан экономикаға инвестицияларды жұмылдыру, экономикалық проблемаларды шешуге жәрдемдесуге жекелеген мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарды тарту, әлемдік коммуникацияларға шығуды қамтамасыз ету, шетелде мамандар даярлау бағдарламасының көмегімен экологиялық зілзалалардың зардаптарын жою; ақпарат алмасуға қатысу, қылмыспен және терроризммен күрес, жетекші халықаралық саяси және қаржы институттарымен тұрақты байланысты қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік жолына түсіп, өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыруға бағыт алғаннан бергі уақытта дүниежүзілік қоғамдастықта ылайықты орын алуға барынша қызмет істеп келеді. Бүгін таңда әлемнің 150- ге жуық мемлекеті оның тәуелсіздігін танып, 100 – ден астам елмен дипломатиялық қарым қатынасқа түсіп, экономикалық, ғылыми- техникалық, мәдени байланыстар дамытуда. Қазақстанның тәуелсіздігі мен қауіпсіздігіне ұлы державалардың тарапынан кепілдік берілді.

Қолданылған әдебиеттер

Қазақстанның сыртқы саясаты — Уикипедия (wikipedia.org)

Егемен Қазақстан халықаралық қатынастар жүйесінде (7kun.kz)

http://emirsaba.org

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет