Б 82(5К) Қ44 Сеиіт ҚАСҚаьасод



Pdf көрінісі
бет36/36
Дата06.02.2017
өлшемі22,51 Mb.
#3547
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36

кәдімгідей 
есеңғіретіп тастайды:  «Дүниеғе  қарамайды назар  салып,  Ер  Науан Ханы- 
шаны ойлап, қайғыланып. Күй тартып, бойы қызып, сөйлеп кетгі, Көзінен 
батыр  Науан  жасы  тамып».  Бірақ  ол  жасымайды,  керісінше,  бойын  тез 
жиып  алып,  өзінің  қандай  ауыртпалықты  болса да  ерше  қабылдап,  ерше 
көтере  алатынын  байқатып,  қырық  жолдасына  қарата  өзінің  хал-жайы, 
Қаншайым  жэне  тағдыр  туралы  толғау  айтады  да,  жігіттерді  Қоқанмен, 
басқа дүшпандармен күреске шақырады.  Бұл түста да Наурызбай өзін хан 
тұқымы, жаужүрек батыр, өр мінезді ер екенін көрсетеді.
Жырдағы басты кейіпкердің бірі -  Қаншайым. Ол үш сипатга көрінеді: 
өзіне  лайық  жар  іздеген  бойжеткен,  Наурызбайдың  қалыңдығы  жэне 
келіншегі.  Өзінің  теңіне  қосылуды  ойлаған  қызды  Наурызбаймен  алғаш 
кездесетін  түнде  айтқан  өлеңінен  және  Наурызбаймен  тілдесіп,  танысар 
сэттеғі сөздерінен көреміз. Жэне оның айттырып қойған біреуі бар екенін, 
бірақ оған көңілі толмайтынын аңдаймыз. Қыз өз жағдайын өлеңге қосып: 
«Қояды  эркім  теке  өз  лағын,  Жарымды  аз  тоқтайын  өлеңдетіп»,  -  дейді. 
Соған  қарағанда,  қыз  -   біреудің  қалыңдығы,  бірақ  оны  менсінбейді.  Ал, 
«Далада  итгей  ұлып  біз  отырмыз,  Әлдекім  ермек  қып  жүр  қарағымды»,
-  деген созінен қыз ол жігітке күдікпен қарайтыньш аңғаруға болады. Осы 
сөздерін естіген Наурызбай:  «Біреумен талабы бар кетсең нетті, Мал бер- 
ген  жаманыңнан  кем  бола ма?» — дейді.  Оған дереу қыз  былай деп жауап 
береді: «Жанымды кейіп тұрған кейітпеші, Айырылып қалқасынан мендей 
болғыр!». Демек қыз -ұнатқан жігітінен айрылған, бірақ қалыңмал төлеген 
жұрттың  жесірі.  Ендеше,  оны  әмеңгерлікпен  бір  «жаманға»  қоспақ,  қыз 
соған ренжулі:  «Ей, жігіт, ақын болсаң, бері келші, Дертімді ішімдегі келіп 
білші»,  -  деп  Наурызбайға  мұңын  шаға  сөйлейді.  Қыздың  дертті  екенін, 
оны  алатын  адамның  тең  еместігін  кейінірек  оның  Күлнарайым  атты 
жеңгесінің  Наурызбайларға  жұмбақтап  айтқанынан  анық  білеміз.  Жэне 
қыз -  Тама руының жесірі екені де кейін белгілі болады.
Сонымен,  алғашқы  кездесуден  Қаншайымның  өзіне  лайық  жарды 
аңсайтын  қыз  екенін  көреміз  жэне  өзімен  тілдесіп  түрған  жігітке  іш  тар- 
тып  сөйлеп, онымен танысуға кет эрі емес екенін, тіпті, ұнатып қалғанын 
байқаймыз:  «Кіші  жүз  бұл  жердегі  мағлұм  еді,  кім  еді  даусы  ажарлы  қоя
315

берген?» -  деп, жігітке оң баға бере сөйлейді. Қыз өте сезімтал, аңғарғыш 
ақын эрі ақылды, зерек. Наурызбайдың кім екенін білгеннен соң, оған эдемі 
сұрақ  қояды:  «Патшаға  бүйтіп  жүру  лазым  ба,  түн  қатып,  түсің  қашып, 
неғып  жүрсіз?»  -   дейді.  Осыдан-ақ  қыздың  эр  нәрсенің  жөнін  жақсы 
түсінетін, ақсүйек хан түқымы қалай жүріп-түратынын, қалай езін үстауға 
тиісті екенін білетін адам екендігі көрініп түрған жоқ па?! Оның осы қасиеті 
кейінірек  бірнеше  мэрте  білінеді.  Мәселен,  Наурызбай  жылқыны  айдап 
бара  жатқанда,  оған  ерлікпен  емес,  түнде  үрлықпен  алып  кетіп  барасың 
деп  батырды  намысына тиіп, тоқтатады.  Ал, Наурызбай  бозбалалық істе- 
гісі  келгенде,  Қаншайым:  «Далада  құл  мен  күңдей  жатқаныңды,  тақсыр- 
ау, өз бойыңа мін көрмесең?» -  деп, райынан қайтарады.
Қаншайым  -   өте  ақылды,  эрі  тапқыр,  эрі  тәуекелшіл  батыр  қыз.  Із- 
деп  келген  жылқыны  Наурызбай  таппай  қоймайтынына  көзі  жетіп,  ол 
жылқының  Бетпақгың ар  жағында жатқанын  өзі  айтады да,  жігіттен  өзін 
олжалас  жолдасым деп  айтып,  қол  беріп  кетуін  талап  етеді.  Тапқырлыгы 
мен тәуекелшілдігінің арқасында Қаншайым әкесінің жылқысын түгелімен 
Наурызбайдан  «олжамды  бер»  деп,  қайтарып  алады.  Осы  түста  ол  тағы 
бір  қырынан  танылады:  баяғының  батырларынша  жалғыз  өзі  жылқыны 
айырып  алу үшін  әкесінен  бата алып,  Наурызбайлардың  соңынан  қуады. 
Яғни  барымталанған  жылқыны  алып  қалатын  сәттерде  Қаншайым  ескі 
эпостағы батыр қыз (алып әйел) сипатында бейнеленеді (Қарлыға, Дариға, 
т.б.).  Жырдың  өзінде  де  оған:  «Ханыша  өзі  қүйын  мерген  екен»,  -   де- 
ген  мінездеме  беріледі.  Демек  Қаншайым  бойында  көне  фольклордағы 
кейіпкерлердің  де  белгілері  бар.  Жэне  батырлығы  мен  мергендігі  оның 
қыз кезіндегі тірліктері болып көрсетіледі. Ал, Наурызбаймен уағдаласып, 
оның қалыңцыгына айналғанда Қаншайым басқа қасиетгермен ерекшеле- 
неді.
Қалыңдық болған ҚанШайым ендігі жерде Наурызбайды сүйетін, оны 
тосып,  уайымдайтын,  оны  өзіне  жар  етуді  ойлайтын  қыз  болып  жүреді. 
Күзде  қайтып  келемін деп  кеткен  Наурызбайды  «Қаншайым  жүреді  екен 
күн-түн ойлап, Бір жаққа қарайды екен эр күн бойлап», -  делінеді жырда. 
Ол мазасызданып,  батырдың кешіккеніне  себеп  іздейді:  «Ер еді  екі талай 
арсы-күрсі, Бір жаққа кетті ме екен тағдыр айдап?» деп те ойлайды. Тагаты 
таусылған қыз қасына серіктерін ертіп, Наурызбай келген баяғы Үшбурыл 
өзеніне барып, оның жолын тосады. Сарыла күткен жігіті келгенін көріп, екі 
ағасын барып, қарсы алуға жұмсайды. Ал, Наурызбай ұрын келген күйеуге 
қатысты  эдет-гүрыптың  бәрін  атқарып,  Қаншайымның  бүрынғы  қайын 
жүрты  саналған  Тамаларга  қалыңмалын  қайтарып,  яғни  қалыңдығының 
басын  біржола  босатып  алып,  қыздың  аулына  келгенде  Қаншайым  үлде 
мен  бүлдеге  оранып,  Наурызбайдың  ордасына  өзі  келеді.  Келген  қызды 
сынайын деп, Наурызбай  оның қолын  алмай, жүзіне назар  салмай  қояды. 
Осы  мезетте  Қаншайым  үлкен  сабырлылық  танытып,  парасатгы  сөздер 
айтады, оның қалай бүл елге келгенін, танысқанын, күйеу болғанын түгел 
рет-ретімен  баян  етеді  жэне  өзінің  Наурызбайды  сүйетінін,  сүйгендіктен
316

тиетінін  жасырмайды:  «Әуелі  түнде  көргенде,  Бойым  балқып,  мас  бо- 
лып,  Жауабыңа  сүріндім»,  1  деп,  алғашқы  кездесуде-ақ  ғашық  болғанын 
мәлімдейді.  Қаншайым өзін кішірейте сөйлеп, Наурызбайды «айналайын, 
сүлтаным», «төрем» деп көтермелеп, мақтайды, сөйтіп, сыннан отіп, Нау- 
рызбайды риза етеді.
Үлкен тоймен үзатылған Қаншайым хан ордасына келін болып түседі. 
Екі  жас  оте  бақытты,  бір-бірін  шын  сүйеді.  «Қаншайым  ер  Науанды 
балқытады,  махаббат назбен  қарап,  хадден  асып», -  деп  суреттейді  жыр- 
шы  екеуі  қосылғаннан  кейінгі  жағдайларын.  Жас  келіннің  сүлулығына 
жүрт  таңданып,  қайран  қалады.  Кенесары  да  келінінің  нүр  жүзіне  таң 
қалып, назар салады. Оған көңілі толып, аспандағы Шолпанға теңеп, «Пе- 
ризат, хорлығайын нүр қызы екен», -  деген бага береді. Алайда, оның бұл 
мақгауы мен  назары Қаншайымға оқ болып тиеді.  Сөйтіп,  ол  өзін  сүйікті 
әйел  ретінде  толық  көрсете  алмай,  жарық  дүниемен  қоштасады.  Оның 
кенетген  қайтыс  болуы  тьщдаушыны  да,  оқырманды  да  өкініш  сезімге 
бөлейді.
«Наурызбай-Қаншайым»  жырының  бүлай  аяқгалуы  —  баллада 
жанрына  тэн  белгінің  бірі.  Оқиға  кілт  үзіліп,  сюжет  күрт  тоқтағаны  да, 
яғни  күтпеген  жағдаймен  бітуі  де  — баллада  үшін  әдеткі  тәсіл.  Соның 
нәтижесінде  бүкіл  шығарма  драмаланған  сипатқа  ие  болады.  Мүны  біз 
трагедиялық  шешім  болмаса  да,  «Айман-Шолпаннан»  да  аңғарамыз. 
Мүнда да оқиға күтпеген жағдаймен тэмамдалады, бірақ оның бүкіл орбу 
жолы  драмаланған,  Котібар  мен  Айман  тартысы  жырдың  соңына  дейін 
немен тынатыны белгісіз болып  келеді де, күрт өзгеріске түседі, күтпеген 
шешіммен  тоқгайды.  Осындай  жағдай  «Ерназар-Бекет»  («Бекет  батыр») 
жьфында да кездеседі  [2].
Қорыта айтқанда, аталған шығармалар қазақ фольклорында эпикалық 
жанрдың  жаңа  түрі  пайда  болғанын  айғақтайды.  Оның  табиғатында 
қаһармандық  эпостың,  тарихи  жырдың  әрі  ғашықгық  эпостың  белгілері 
бар.  Басқаша  айтқанда,  жаңа  жанр  тақыр  жерде  пайда  болған  жоқ,  ол 
бүрынғы жанрларға сүйенді, олардан коп нәрсе алды және озінің қалыптасу 
барысында  басқа  да  жанрлардан  әртүрлі  амал-тәсілдерді  қабылдады, 
сойтіп, жалпы фольклорлық поэтикаға енді. Соның арқасында  коне моти- 
втер  мен  нанымдарды да  коркемдеуіш  құралы етіп  пайдаланды,  ескі  мен 
жаңаны  шебер ұштастырды.  Сойтіп,  коркем  фольклор  жанрына, яғни  соз 
онеріне  айналды.  Оны  «Айман-Шолпан»,  «Наурызбай-Қаншайым»,  «Ер- 
назар-Бекет» жырларынан көруге болады.
Сйггемелер және ескертпелер:
1. Әдебиетгану. Терминдер сөздігі. Екінші басылуы. Алматы,  1998. 98-6.
2. Бүл 
ж ь ф  
«Тарихи жыр» тараушасында қаралгандықтан, оған талдау жаса-
маимыз

М А 3 М ¥  Н Ы
Автордан....................................................................... 
3
Ж АЛПЫ  М ӘСЕЛЕЛЕР
Фогьклордың статусы мен теориялық негіздері................................... 6
Фольклордың тарихи даму жолдары мен кезеңдері............................. 13
Қазақ фольклорының бүгінгі жанрлық қүрамы.................................... 29
Фольклор жанрларының теориясы..........................................................
5
^
Фольклордың тарихи типологиясы......................................................... 69
Фольклор шыгармаларының текстологиясы жайында......................... 94
Фольклор поэтикасын зерттеу мәселесі................................. ............... 107
Қазақ эндерінің мэтіні туралы................................................................. 121
ПРОЗАЛЫҚ ЖАНРЛАР
Миф 
...........................................................................................................
Хикая  ..................................................................................... 

247
Ә п сан а.................................................................................. . 
163
Хикаят  ........................................................................................................  
1 7
!
Аңыз 
............................................................................................. 3 3 ^  177
Жануарлар туралы ертегілер.................................................................... ] 
92
Қиял -  гажайып ертегілер....................................;....................................200
Батырлық ертегі......................................................................................... 204
Новеллалық ертегі..................................................................... 
211
Сатиралық ертегі.... ..................................................................................   217
ЭПИКАТҮРЛЕРІ  |
|
Ш
і
П
о
  Ш ё М Й '
“Қобыланды батыр” жыры хақында  і ........
.1 
..........(............224
Ғ аш ы қты қ ж ы р........................................................................................ 229
«Қозы Көрпеш — Баян Сүлу» жыры........................................................ 231
«Қыз Жібек» жыры.................................................................................  248
Тарихи жыр сипаты...................................................................  
265
Кенесары бейнесі.......................................................................................286
Қазақ д а с т а н ы .................................................' ........................................292
Балл адалы қ ж ы р .................................................................................  
3 0 1
Айман -  Шолпан........................................................................................ ..
Наурызбай -  Қаншайым............................................................................308
318

Ғылыми басылым 
Сейіт Асқарұлы  Қасқабасов
ОЙӨРІС
фолъклор туралы зерттеулер
Редакторы 
Т  Мэмесейіт 
Корректоры 
Б. Ахмет 
Беттеген 
Н. Акимова

І8ВМ 978-601 -Й4-044-4
7 8 6 0 1
 
2 И5 4 0 4 4 4
•  ®«уга.  М
.   2009 ж.  қол қойылды.
*  / |6.  Қағазы офсетгік.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет