Макиавелли жұмысынан айырылып, ӛмір сүру үшін қала шетіндегі ауылға
қоныстанған. Оған ауылдың қарапайым кӛрші-фермерлері кӛмектесіп,
тамақтандырып жүрген. Ӛз нанын күні бойы сабақ беру үшін бірнеше
километр жаяу жүріп тапқан. Осындай жағдайларда оның әйгілі трактаттары
жазылған болатын. Макиавелли мәселелердің ішкі жағдайын жақсы білетін,
бірақ іштей ӛткізіп барып саралайтын. Зерттеушінің қойған диагнозы дұрыс
қойылып, мемлекетті шын мәнінде құтқару керек еді.
Макиавелизм – соңғы Қайта ӛрлеу дәуірінің «таңғажайып» пен
«сұмдықтың» арасындағы капитализмді танытушы ӛтпелі кезеңі. «Патша»
авторының мақсаты гуманды еді, бірақ адами емес. Осыдан ренесанстың
екіжақтылығы байқалады. Осы заманның ӛкілдері еркін түрде жақсылық пен
жамандықтың ерекшеліктерін түсіндіре алмады, себебі жанында Құдайға
сенім жоқ еді. Адамзат тарихының ең басты трагедиясы осы тақырыптың
аясында болды. Б.Г. Кузнецованың айтуы бойынша: «Қайта ӛрлеу локальды
құндылық, қазіргі құндылық болып табылады».
«Утопия» еңбегінің авторы, саяси утопияның негізін қалаушы,
флоренциялық гуманизмді дамытқан ағылшындық –
Томас Мор (1479-1555
жж.). Еркіндіктің гуманистік бағытын жандандыру үшін Мор ӛз ӛмірін қиды.
VIII Генрих басқарған кезеңде қызметте болған Мор ӛлім жазасына кесілді.
Басында бұл шығарма
«Алтын кітап» деп аталған. «Утопия» сӛзі грек
тілінен «еш жерде жоқ, жансыз» деп аударылады. Қоғамдық ой-сананың
идеалдары, гуманистік идеал, адамгершілік туралы және адамдардың
еркіндігі туралы кӛптеген идеялар айтылған Мордың «Утопия» еңбегі
Платонның «Саясат» еңбегімен тығыз байланысты. Жеке меншіктікті – ӛз
кітабында ол саяси мәселлердің капиталы деп табады. Утопияда бұл мәселені
үлгі ретінде алады.
Мордың мақсаты – гуманды тұлға қалыптастыру мен оны қоғаммен
байланыстыру. Бірақ тарих бәрін ӛз орнына қойып, ӛмірмен
байланыстырылған құрылым «ойдан табылған болшаққа» кедергі келтіреді.
Шынайы ӛмірге араласу философияның міндетіне жатпайды. «Минераваның
үкісі түнде жорыққа ұшпайды», ол күндізгі іс-әрекетіне есеп беріп, таңды
тезірек атыруға асығады. Утопия: біздің іс-әрекетімізге мән беру үшін керек
бірақ, онымен ӛмірді шектеуге болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: