Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


философиялық  онтологияны  ғана  емес,  сонымен  қатар  дәстүрлі



Pdf көрінісі
бет265/313
Дата31.12.2021
өлшемі1,78 Mb.
#22005
түріОқулық
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   313
философиялық  онтологияны  ғана  емес,  сонымен  қатар  дәстүрлі 


гносеологияны  (таным  теориясын)  да  алмастыруға  үндейді.  Логикалық 
позитивистер,  сӛз  жоқ,  ғылым  әдіснамасы  (методологиясы)  мәселесімен 
айналысатын  философтар  мен  басқа  да  мамандардың  назарына  ілікті, 
логикалық  формализация  мәселесіне  кӛңілдерін  аударды  және  ғылым 
әдіснамасы  бойынша  зерттеулерге  заманауи  математикалық  логика 
ұғымдары мен әдістерін енгізуге мүмкіндік берді, әрі олардың кӛмегі арқылы 
позитивистер  ғылым  тілін  кең  тұрғыда  талдаудың  ӛзіндік  бағдарламасын 
жүзеге асыруға тырысты.  
Алайда ғылыми танымның философиялық талдауын «қатаң позитивті», 
«кез  келген  философиялық  алғы  шарттардан  тыс»  ғылым  логикасына 
ауыстыруға  олардың  шамасы  жетпеді.  Қазіргі  кезде  бұл  –  философиялық 
әдіснамалық әдебиеттегі кӛпшілік мойындаған факт. 
Логикалық позитивистер ұсынған ғылым тілін логикалық талдау үлгісі 
философиялық  тұрғыда  алғы  шартсыз  емес  еді.  «Ғылым  тілін  талдаудың 
кейбір  әмбебап  әдісіне»  үміттене  отырып,  логикалық  позитивситер  белгілі 
бір  тұжырымдамаға  ақиқаттық  критерийін  орнату  тәсілі,  ғылыми  тілінің 
шындыққа  қатынасы  және  т.б.  дәстүрлі  әдістемелерге  сүйенуге  мәжбүр 
болды.  Міне,  осы  барша  мәселе  мен  оны  шешу  тәсілдері,  олар  логикалық 
позитивистерде  дәстүрлі  философиялық  гносеологиялық  тұжырымдардан 
сырттай, тым алыс түрде кӛрініс тапқанымен, шын мәнісінде философиялық 
сипатқа ие еді. Осы мәселелердің бірталайының қойылуы мен шешімін табуы 
дәстүрлі  гносеологияның  бірқатар  позитивистік  және  феноменалистік 
тұжырымдамаларымен  белгілі  бір  шектесу  нүктелеріне  ие  екендігіне  кӛз 
жеткізу қиын емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   313




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет