Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


«Сизиф  туралы  аңызында»



Pdf көрінісі
бет276/313
Дата31.12.2021
өлшемі1,78 Mb.
#22005
түріОқулық
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   313
 «Сизиф  туралы  аңызында»  ол  келесі  сұраққа  жауап  іздейді:  діни 
сенім  жоғалған  әлемде  оңтайлы  болмысқа  деген  үмітті  қайдан  табуға 
болады?  Адамның  әдепкі  дүниетанымын  абсурд  деп  тапқан  Камю  оны 
адамның  жатсынған,  әрі  жетесіз  «дүниедегі  тіршілігі»  ретінде  зерттейді. 


Абсурд  (тантық)  –  бұл  болмыс  ұғымының  саналылығы  мен 
айқындылығының шегарасы. 
 Осы  тақырыпты  ӛзінің  «Бүлік  салған  адамында»  ӛрбіте  келе,  Камю 
абсурд  сезімі,  оның  ойынша,  ең  алдымен,  адам  мен  оны  қоршаған  әлем 
арасында  немесе  ӛзінің  анықтамасы  бойынша,  –  «сахнагер  мен  декорация 
арасындағы»  қайшылық  негізінде  пайда  болатындығын  айтады.  Камю 
«әлемді  түсіндіруге  болатын  жағдайда,  мейлі  бұл  түсіндіру  аса  дәлелді 
болмаған  күнде  де,  әлем  адам  үшін  түсінікті  әрі  қолайлы  болатындығын» 
негізге  алады.  Бірақ  адам  осы  түсініктеменің қаншалықты бұлдыр  екендігін 
ұғынған сәтте, ӛзін бар әлемге жат сезіне бастайды. Адам баласын «расында 
ӛмір оны сүріп шығуға тұрарлық па?» деген сұрақ мазалайды. 
 Абсурд  сезімі  адам  санасына  кенеттен,  оның  күнделікті  болмыстан 
шаршап,  рухы  түскен  және  бұдан  әрі  күнделікті  болмысының  мәні  мен 
мақсатын  ұғынудан  қалған  сәтте  кіре  бастайды.  Үйреншікті  әрекеттерінің 
тізбегі  үзілген,  дәл  сол  сәтте,  автордың  пікірі  бойынша,  бұған  дейін 
«ойланбастан ӛмір сүру» барысында бір күйде қатып қалған адам санасы енді 
қимылдай бастайды. Абсурд сезімінің тағы бір факторы – уақыт. Келешекке 
үміт  артумен  ӛмір  сүретін  адам  кенет  дәл  сол  уақыттың  ӛзіне  қарсы  қас 
екендігін  түсіне  бастайды.  Камю  айтқандай,  «уақыт  әсеріне  қарсы 
бағытталған ӛзіндік тән бүлігі қалыптасады». 
 Камю  абсурд  адамның  дінде  насихатталатын  бұлдыр  мәңгілік 
еркіндікке  жету  мүмкіндігін  жоққа  шығаратындығын,  бірақ  «әрекет  ету 
еркіндігін  қайтарып,  оған  жігерлендіретіндігін»  айтады.  Ӛз  болмысының 
абсурдтылығын ұғынған адам «тіршілік етуден артық», ақиқатқа негіз бола 
алатын  ешбір  дара  еркіндіктің  болмайтындығын  түсінеді.  Оның  ойы 
бойынша,  абсурдты  ұғыну  болмыс  тәжірибесінің  сапасын  оның  санына 
ауыстыруды болжайды. Басқаша айтқанда, ӛз ӛмірін, ӛз бүлігін, ӛз еркіндігін 
барынша  кӛбірек  сезіну  үшін,  ӛмірді  «барынша  жақсы  сүру»  емес,  сол 
ӛмірде «мүмкіндігінше кӛбірек нәрсені кӛру» маңызды.  
 Сана  жұмысының  нәтижесінде  пайда  болатын  абсурд  сезімі  адамға  ӛз 
тағдырын  қайта  бағалауға  мүмкіндік  береді.  Мұны  Камю  қарастырып 
отырған  тағы  бір  құбылыстың  –  бүлік  ұғымының  алғышарттарының  бірі 
ретінде  санауға  болады.  Камю:  «Бүлік  салған  адамның  болмысы  қандай?» 
деген сұрағына – Бұл «жоқ» деп жауап қайтаратын адам деген пікір айтады. 
Дегенмен,  жоққа  шығарғанына  қарамастан,  ол  мүлдем  бас  тартпайды: 
мұндай  адам  ӛзінің  алғашқы  әрекетімен-ақ  «иә»  деп  айтады.  Ӛмір  бойы 
мырзасының  әмірін  орындап  келген  құл  кенет  оның  соңғы  әмірін  қабылдай 
алмайды». 
 Жеке  тұлғаны  жалғыздықтан  шығаратын  бүлік,  Камюдің  пікірі 
бойынша,  бүкіл  адам  баласының  негізгі  құндылығы  болып  табылады.  Егер 
бастапқыда  бүлік  мәнін  жеке  адам  үшін  «мен  бүлік  саламын,  демек  мен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   313




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет