Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет311/313
Дата31.12.2021
өлшемі1,78 Mb.
#22005
түріОқулық
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   313
хариус  Лоренц  ӛзінің  «Ӛркениетті  адамзаттың  сегіз  үлкен  күнәсі»  кіта-
бында келесі ғаламдық мәселелерді қарастырады: 
1)  жер  бетін  мекендейтін  адамдар  санының  кӛбеюі,  бұл  адамды  басы 
артық әлеуметтік қатынастардан қорғануға мәжбүр етіп, оның тар кеңістікте 
адамдардың  тығыз  шоғырлануы  салдарынан  пайда  болатын  агрессия-
шылдығын тудырады; 
2) табиғи  ӛмірлік  кеңістіктің  құлазуы,  бұған  сыртқы  табиғи  ортаның 
қирауы  дәлел,  осының  салдарынан  адамның  табиғат  сұлулығы  мен 
қасиеттілігін қастерлеуі жойылып барады; 
3) техника  дамуының  шапшаңдауы,  бұл  адамдарға  жойқын  әсер  етеді, 
себебі  оларды  барлық  шынайы  құндылықтарға  кӛр  соқыр  етіп,  адами 
қатынастың, табиғат әлемінің, ӛнердің толықтай дерлік орнын басады;  
4) адамның  тым  әлжуаздылығы,  бұл  оның  барлық  күшті  сезімдері  мен 
аффектілерін жояды; 
5) адамның  генетикалық  азуы,  бұлтуылған  нәрестелерде  байқалатын 
кемтарлылықтың,  дене  және  ақыл  патологияларының  ӛсуіне  жағдай  жасай-
ды. 
6) идеологиялық  догматтардың  қалыптан  тыс  ұлғайған  маңыздылығы 
тұрғысынан дәстүрлердің ыдырауы; 
7) адамзаттың  ұлғайып  бара  жатқан  индоктринациясы,  бұл  бірдей 
мәдени топқа жататын адамдар санының ұлғаюы болып табылады; 
8) ядролық қарудың кеңінен таралуы. 
Ол  осы  аталған  заманауи  ғаламдық  мәселелерге  қатысты  қатты 
үрейленетіндігін  айтып,  оларды  шұғыл  тәртіпте  шеше  бастау  қажеттігін 
кӛрсетеді. 
Ғаламдық  мәселелер  бір-бірімен  тығыз  байланыста  болады,  олардың 
пайда  болу  және  даму  кӛздері  де  ортақ,  сондықтан  оларды  белгілі  бір 
тәсілмен  жіктеп,  жүйелендіру,  олардың  пайда  болу  себептері  мен  қоғам 
оларды шеше алатындай жағдайларды ұғыну аса маңызды.  
Бүгінгі ғаламдық мәселелер әлемде болып жатқан эволюциялық проце-
стерге деген кӛзқарасты айтарлықтай ӛзгертеді. Эволюция адамды ӛзгертеді, 
бірақ адам да эволюцияға әсер етіп, оның сипаты мен барысын ӛзгерте алады. 
Сонымен  қатар,  бүгінде  әлемнің  эволюциясы  үшін  жауапкершілік  кӛбіне 
адамның  ӛзіне  жүктелетіндігін  айтуға  болады,  ал  адамдар  бұл  жүкті 
қабылдамай тұра алмайды.  
Осылайша,  ғаламдық  мәселелер  философиясы  қазіргі  әлемнің 
қайшылықтары  мен  оларды  шешу  жолдары  талдауының  кең  спектрін 


ұсынады. Философиялық бағыт қайшылықтарды жеңу жолдарын ұсына келе, 
адамға,  оның  ұмтылыстарына  және  оларды  шешу  ниетіне  сүйенетіндігі  ай-
туға тұрарлық. 
Кӛкейкесті  экологиялық  мәселелерді  кеңінен  ұғынудың  дәлелі  ретінде 
кеңінен етек алған экологиялық қозғалысты (жасылдар партиясы) атауға бо-
лады,  бұл  шын  мәнісінде  мемлекеттік  табиғат  қорғау  саясатын  жүргізудегі 
барлық  келеңсіздіктерге  әлеуметтік  қарсылық  танытудың  күшті  ағыны  бол-
ды.  Бүгінгі  таңда  жасылдар  қозғалысы  ӛз  қызметін  аса  маңызды  үш 
ұстанымға сүйеніп қалыптастырады:  
– табиғи  қорлардың  таусылмайтындығы  туралы  тұжырымдамадан 
оның таусылатындығы туралы тұжырымдамаға кӛшу қажет; 
– қоғамда табиғат дамуының қарқыны үйлесімді болуы тиіс; 
– адамдар ӛз тіршілігінің жасанды емес, табиғи жағдайына бағдарлануы 
керек. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   313




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет