алғашқы фразасы – «... не Ин, не Ян – бұл Жол (Дао) және солай айтылады» –
барлық қытай философиясының негізін салушы ұстанымына айналды.
Ин және Ян – дүниенің бастауында тұрған мәндер. Бірақ олар туралы
ілім дуалистік сипатта емес, себебі, барлық болмыс ол екеуінің біртұтастығы
арқылы ғана бар бола алады. Демек, олар диалектикалық бірлікте болатын
қарама-қарсылықтар. Ин және Ян қағидалары аспан мен жер, ұрғашы мен
еркек арасындағы қатынастармен тығыз байланысты, әрі олардың дамуына
нұсқайды. Белсенділік кӛбіне Янға тән болады да, Ин енжарлық танытып
отырады. Бірақ олардың бірлігі – диалектикалық дамудың кӛзі. Нәтижесінде
заттар мен құбылыстар ӛзгерістерге ұшырайды. Мұндай ӛзгерістер адамдарға
да қатысты болады. Аспан, жер, адам – бұлар үштік бірлікте белгілі бір даму
жолымен (дао) тіршілік кешеді.
«И Цзиннің» негізін 8 триграмма құрайды, үш түрлі аралас: біркелкі
(ян символы) және үзілмелі (ин символы), сондай-ақ 64 гексаграмма
(графикалық символдар),дүниені үнемі және кезекпен ӛзгертетін жабық жүйе
туралы білімнен тұрады.
«Ӛзгеріс кітабында» сондай-ақ, Конфуциядан біздің уақытымызға
дейінгі қытай философиялық ойлауында кеңінен пайдаланылатын негізгі
философиялық категориялар анықталған. Мысалы,
Дао (дүниелік заң, дүние
және заттар жолы);
ин-ян (белсенді емес түссіз және белсенді түсті бардың
басы). Мұнда адам жетекшілік етуге міндетті негізгі ұстанымдар кӛрсетілген:
Достарыңызбен бөлісу: