Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет281/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   386
Дақты сифилид
(мерездік розеола) – екіншілік жаңа 
мерездегі ең жиі болатын терінің зақымдалуы. 
Розеолалар басында қызғылт түсті, артынша бозғылт-қызғылт 
түстіге айналатын, жиектері тегіс емес, дөңгелек пішінді, 
диаметрі 1 см дейінгі, өзара қосылмайтын беті тегіс, шетке қарай 
өсуге бейім емес және қоршаған тіндерден жоғары көтерілмейтін 
дақтар болып табылады. Розеолалар біртіндеп пайда болады, 
күніне 10-12 элементтен шығады, және 7-10 күннің ішінде толық 
дамиды, бұл олардың түстерінің әр түрлі қарқындылығын 
түсіндіреді. Розеоланың үстінен басқан кезде, ол немесе жоқ 
болып кетеді, немесе бозғылттанады, саусақты жібергеннен соң 
қайта шығады. Ұзақ уақыт шығып тұрған розеоланың үстінен 
басқан кезде қызғылттың орнында сарғыш бояу қалады, ол 
эритроциттердің ыдырауы мен гемосидериннің жинақталуымен 
түсіндіріледі. Ұзақ уақыт шығып тұрған розеолалар қою сары 
түске айналады. Розеолалар көбіне дене мен аяқ-қолда кездеседі. 
Бет, білек және өкше терісі сирек зақымдалады. Розеолалар 
субъективті сезіммен жүрмейді. Шамамен емдеусіз 3-4 апта өткен 
соң розеолалар өздігінен кетеді. 
Екіншілік жаңа мерезде розеолалар ретсіз, бірақ симметриялы 
және фокусты орналасады. Екіншілік қайталамалы мерезде 
екіншілік жаңа мерезбен салыстырғанда, розеолалар аз мөлшерде 
шығады, терінің жекелеген бөліктерінде доға, сақина, жартылай 
доға түрінде топтасып орналасады. Қайталамалы розеолалардың 
көлемі жаңа розеолаларға қарағанда үлкендеу, ал олардың түсі 
көкшіл тартады. Екіншілік жаңа мерезбен ауыратын науқастарға 
пенициллиннің алғашқы инъекциясынан асқыну реакциясы 
болады (Герксгеймер-Яриш-Лукашевич реакциясы), ол мерездік 
элементтер аймағында ісінудің күшеюі мен дене қызуының 
көтерілуімен жүреді. Осыған байланысты розеолалар қызғылт-
қызыл түске енеді және анық көрінеді. Сонымен қоса асқыну 
реакциясында розеолалар емге дейін шықпаған дене бөлігіне 
шығуы мүмкін.


Типті розеолалармен бірге сирек қабыршақтанған розеолалар 
кездеседі-дақты элементтердің бетінде пластинкалы қабыршақ 
пайда болады, ол мыжылған папирос қағазына ұқсас, 
периваскулярлы ісінуде қалыпты тері қабатынан аздап көтеріліп 
тұратын розеолалардың (элевирлеуші розеола) ортасы аздап 
басылған болып көрінеді, олар күлдіреуікке ұқсас келеді, бірақ 
қышыну сезімі болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет