Б. Б. Мамраев ф.ғ. д., профессор, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет37/39
Дата02.01.2017
өлшемі5,22 Mb.
#986
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39

Әдебиеттер тізімі: 
1.  Назарбаева  С.А.  «Самопознание»-возраздение  истоков  духовности  и  нравственных  ценностей. 
Общественно политический литературно-художественный журнал. 2004. №1. С.4. 
2.  Назарбаева С.А. Өзіндік таным, Алматы – 2002. 
3.  Айджанова  З.Ж.  Бастауыш  мектеп  оқушыларының  рухани-адамгершілік  құндылықтарын 
қалыптастыру  (сыныптан  тыс  жұмыстар  негізінде):  пед.ғыл.канд.ғылыми  дәрежесін  алу  үшін 
дайындаған дисс... – Атырау, 2009. – 174 б. 
 

215 
 
 
ӘОЖ 37.013.78+94(574) 
 
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ӨЛКЕТАНУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ 
 
Байдалиев Д.Д., Алпысбаева Ғ. Б. 
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қаласы  
 
  Кез  келген  әлем  елдерінің  болашағы  білім  беру  жүйесі  мен  зиялылар  қауымының  деңгейіне 
байланысты болғандықтан, Қазақстан халқына да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру 
қажеттілігі  күмән  тудырмайды.  Жастардың  ақыл  –  ойы  мен  интелектісін  барынша  дамыту  үшін  білім 
беру жүйесін тиімді құра білген ұлттың еңсесі биік, абыройы артық болмақ. 
  Өлкетану  жұмысының  қазіргі  кездегі  маңыздылығы  туралы  Елбасы  Н.Ә.Назарбаев, 
«Қазақстанның  әлеуметтік  жаңғыртылуы:  Жалпыға  Ортақ  Еңбек  қоғамына  қарай  20  қадам»  атты 
Жолдауында,  қазіргі  кезде  еліміздегі  оқу  –  ағарту  саласында,    өте  көкейкесті  болып  табылатын 
өлкетану сынды пәннің жоқтығын атап көрсетті [1]. 
  Оқу  үдерісінде  өлкетану  жұмыстарын  ұйымдастыру  мен  оның  деректерін  пайдалану  тек 
тәуелсіздік алған тұстан бері қозғалып келе жатқан мәселе емес ол өз тарихында ұзақ даму жолынан 
өтті.  
  Ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасқан  мәдени-рухани  мұралар,  тастағы  жазбалардағы  өсиет,  өнеге, 
нақыл  сөздер,  өлкетану  мұражайларына  орналасқан  жәдігерлер  қазіргі  жас  ұрпақтың  бойында 
отансүйгіштік,  ерлік  сезімді  ұялатып,  олардың  туған  жерге,  өскен  елге,  ұлт  мәдениетіне  деген 
сүйіспеншілік қасиеттерді қалыптастыруға игі ықпал етеді. 
  Қазақ халқы ежелден – ақ қоршаған орта болмысын, оны бүкіл өзінің шаруашылығының дамуы 
мен  қалыптасуының,  тіршіліктің  даму  жүйесінің  көзіне  айналдыра  білген.  Қазақтың  көшпелі  өмірінің 
өзінде  табиғатты  пайдаланумен  қатар,  оны  аялаудың,  қорғаудың  тамаша  үлгілері  қалыптасқанын 
байқауға болады.  
Туған  өлкедегі  табиғат  пен  тарихты,  шаруашылық  пен  саясатты,  мәдениет  пен  адамдардың  тіршілік 
әрекетін қосып адамға ауқымды білім мен тәрбие беретін өлкетану психолого – педагогикалық мәселе 
ретінде зерттеушілерге әрқашанда үлкен қызығушылық тудырған [2]. 
 
Қазақстанда өлкетану ғылымы патшалық Ресейдің қазақ даласын отарлау мақсатында алдын - 
ала  арнайы  әскери  экспедиялар  шығарып,  ғылыми-танымдық  зерттеулер  жүргізу  шеңберінде  енсе, 
оқытудың ғылыми деңгейін арттыруда өлкетану жұмыстарының құндылығын ерте кезде – ақ түсінген. 
Алғашқы  өлкетанымдық  зерттеулердің  алғышарттарын  біз  көне  дәуір  оқымыстылары    Геродот, 
Эмпедокл,  Гиппократ,  Теофсраст  еңбектерінен  байқауымызға  болады.  Өлкенің  құбылыстарын 
зерттеушілер өсімдіктер мен жануарлар әлемінің қоршаған ортаға тәуелділігін қарастырған [3]. 
Ел ішінде халқының болашағы үшін жұмақ өмір іздеген Қорқыт ата, Асан қайғы туралы толып жатқан 
аңыз - әңгімелер бар. Қорқыт атаның даналық мұралары тұтас жылдар бойы ұлттық дүниетаным мен 
өлкетанудың негізгі өзегі болды.  
Асан қайғы толғауларында туған елінің табиғаты, жер бетінің ерекшеліктері мен оның қойнауындағы 
байлықтары, өсімдік – жануарлар дүниесі кеңінен сипатталады. Ол жүрген жеріндегі әрбір өзен, көл, 
сай – сала мен елді мекенге сын айтып, баға беріп отырған. 
  Ауыз  әдебиетінің  ойшылдары  Бұхар  жырау,  Шал  ақын,  Шортанбай,  Ақтанберді,  Қазтуған, 
Шалкиіз,  Дулат,  Майлықожа,  Ақан  сері,  Махамбет, Шернияз,  Сүйінбай және  тағы  басқалар  өздерінің 
қоршаған  ортаға,  табиғатқа  деген  көзқарастарында  материалдық,  рухани  байлықтарын,  ақыл  – 
парасатын,  адамгершілік,  қоғамдағы  байлықтарды  игеру  мақсаттарын  паш  етті.  Бұл  өлкетанымның 
ақыл  –  ойымен  парасаттылық  деңгейіне  көтерілген  шегі  болатын.  Олардың  көксегені  теңдік, 
бостандық, жерді сақтау, өлкені қорғау, адамдар арасындағы қарым – қатынас, үлкенді сыйлау және 
тағы басқалар өмір тіршілігіне тікелей қатысы бар мәселелерді талдау болды. 
  Асан  қайғыдан  бастап,  Шал  ақын,  Шортанбай,  Ақтанберді,  Қазтуған,  Шалкиіз,  Дулат, 
Майлықожа,  Ақан  сері,  Махамбет  сияқты  ақын  –  жыраулар  шығармаларында  ой  –  толғаныстары, 
тіршілік, өлке сырының мән - мағынасы, адам өмірінің әр кезеңімен, олардың іс - әрекеттері сөз болып 
отырады.  Халқымыздың  өлкеге  деген  сүйіспеншілігі  және  оны  көзінің  қарашығындай  ұстап  келуі 
жайында қазіргі ұрпаққа үлгі - өнеге боларлық дана ұғымдар, мақал – мәтелдер, нақыл сөздер, аңыз 
әңгімелер арқылы жетіп отырған [4]. 
  Өлкетану  деректері  бұрыннан  бері  халықтар  арасында  ауызша  ұрпақтан-ұрпаққа  таралып, 
жалғасын тауып келді. Ресей патшасы I - Петрдің жарлығымен 1718 жылы 13 ақпанында өлкетанушылардың 
тапқан тарихи жәдігерлері,  заттары патшаға жеткізіліп, өз өлкесіндегі ізденіс жұмыстары үшін марапаттап отыру 
талап етілді. Бұл сол кездегі қазақ даласына да қатысты еді. 

216 
 
  ХІХ ғасырдада Қазақстанның ғылыми-танымдық өлкетануында орыс географиялық қоғамының 
1868  жылы  құрылған  Орынбор  бөлімшесі  жетекші  орын  алды.  Бөлімше  өлкенің  географиясын, 
тарихын,  этнографиясын,  қазба  байлықтарын  және  статистикасын  зерттеумен  айналысты.  Бұл 
бөлімшемен  қатар  Торғай  статистика  комитеті  мен  Орынбор  ғылыми  мұрағат  комиссиясы  (1887) 
ашылды.  Бұл  өлкеде  атқарылған  жұмыстарға  қазақтың  біртуар  ғалымдары  Ы.Алтынсарин, 
С.Бабажанов, Б.Дауылбаев, Т.Сейдалин, С.Жантөрин және т.б. өз үлестерін қосты [5]. 
  Еліміздің  педагогикалық  тархында  1920  жылдан  бастап  өлкетану  жұмыстары  бірте  –  бірте 
жолға қойыла бастады. Осы жылы Қазақстанда зерттеу қоғамы құрылды, 1921 жылдың 7 ақпанында 
Қазақ  АКСР  Халық  ағарту  комиссариаты  тарихи,  мәдени  ескерткіштерді  қорғау  туралы  қаулы 
қабылданды.  Онда  Халық  ағарту  комиссариатының  ғылыми  бөлімінің  рұхсатынсыз  өлкедегі  тарихи 
қорғандар  мен  ескерткіш  орындар,    төбелерді  қазып,  өздігінен  зерттеу  жұмыстарын  жүргізуге  тиым 
салынды.  
  1924  жылы  зерттеу  қоғамы  өлкетанудың  бесжылдық  жұмыс  жоспарын  қабылдады.  Онда  елді 
мекеңдердің  орналасу  картографиясың,  табиғи  байлықтарын  және  табиғат  жағдайларын  зерттеу, 
гидрографикалық  комиссия  құру  секілді  мәселелер  күн  тәртібіне  қойылды.  Ең  маңыздысы  сонда  бұл 
өлкетанымдық зерттеу қоғамы ауыл шаруашылығындағы мәселелерді де күннің кезек күттірмес мәселесі ретінде 
алға қойып, халыққа өлкетану ісіне байланысты дәрістер оқуды мақсат етті. 
  1929 жылы барлық мұражайлар мен Қазақстанды зерттеу қоғамдары алдында ескерткіштерді 
есепке  алу  жұмысы  кең көлемде  жүргізіліп,  оларды  ұқыпты  түрде  картаға түсіру  мен  сипаттау талап 
етілді.  
  Қазақстанда  өлкетану  ісінің  дамуы  С.Аспандияров,  М.Д.Жолдыбаев,  Ә.Жангелдин  сында  аса 
көрнекті мемлекет қайраткерлерінің есімдерімен байланысты. Сол кездегі О.Жандосовтың «Өз өлкеңді 
таны»  мақаласы  өлкетануға    елеулі  үлес  қосты.  В.Д.Гордецкийдің  «Жетісу  өлкесіндегі  мектеп 
топсаяхатына  мәліметтер»  атты  оқу  құралы  Жетісу  өңіріндегі  мектептерге  таратылды.  Бұл 
мектептердің оқушылары мен мұғалімдеріне арналған ең алғашқы өлкетану бойынша оқу құралы еді. 
  1930  жылы    Қазақстанда  зерттеу  қоғамынының  белсенді  мүшесі  Ә.Жангелдин,  ғалым  – 
филолог Ә.Қоңыратбаев мүшелікте елеулі қызметтер атқарды. 
   1930  жылы  сәуірде    Өлкетану  Бюросының  жетекшісі  қызметін  атқарған  С.Аспандияровтың 
басшылығымен  алғаш  рет  бүкіл  қазақтық  өлкетанушылар  съезі  шақырылды.  Оның  жұмысына  ірі 
ғалымдармен қоса 238 делегат қатынасты. 
  Шақырылған    жиында,  жоғары  оқу  орындарының  студенттерін  және  мектеп  оқушыларын 
тәрбиелеу барысында өлкетану ісін жандандыруға көңіл бөлініп, шешімдер шығарады.  
 
  Әр  жеке  тұлғаның,  өз  өлкесін,  табиғатын,  өндіргіш  күштерін,  тарихын,  климатын,  өсімдіктер 
әлемін  т.б.  білу,  оны  ғылыми  тұрғыда  еліміздің  тарихын  дамытуға  пайдалана  білу  аса  қажетті  белгі 
болып  табылатындықтан,  өлкені  танып  –  білу  мен  зертеу,  оны  іс  жүзінде  дәлелдеу  жұмыстары 
студенттердің  арасында  әлі  де  болса  кемшін  қалып  келеді  -  деген  шешіммен,  жоғары  оқу 
орындарында өлкетану жұмыстарын жан – жақты жандандырып, үйірмелер ашуды көздеген. 
  «...Болашақ  жастар  өмір  сүріп  отырған  мемлекеттің  өткені  мен  келешегін,  оның  алдында 
тұрған  жоспарларды жақсы  білуі  қажет. Оқушы өз елінің  басынан  кешкен  қиындықтарымен  танысып 
қана  қоймай,  сондай  қиындықтан  елін,  халқын  алып  шығуға  белсене  қатысып,  оған  өзінің  үлесін 
қосатындай  болып  тәрбиеленуі  тиіс»  -  дей  келе,  «өлкетану  жұмыстары  Отанды  сүю  мен  патриоттық 
тәрбие беруде маңызды роль атқарады» - деп тұжырымдады С.Аспандияров өз еңбегінде [6].  
  Педагог  –  ғалым  өлкетану  жұмысын  туған  өлкенің  тарихын,  мәдениетін,  әдебиеті  мен 
табиғатын, халық шаруашылығын танып білуде аса маңызды деп санады. 
 
Егемендікке  қол  жеткізген  уақыттан  бастап  туған  өлкеге,  туған  жердің  тарихын  оқытуға 
ерекше назар аударылды, себебі өз өлкесінің тарихын білмей ұлтжанды ұрпақ қалыптаспайды. Бұған 
нақты  дәлелдер  де  жетерлік,  мысалыға  1994  жылы  26  тамыздағы  гуманитарлық  білім  беру 
тұжырымдамасы, 
1995 
жылы 
30 
маусымда 
қабылданған 
тарихи 
сананы 
қалыптастыру 
тұжырымдамасы,  1996 жылғы 15  шілдедегі этникалық – мәдени білім тұжырымдамасында сондай - ақ 
Қазақстан 
Республикасының 
азаматтарына 
патриоттық 
тәрбие 
берудің 
мемлекеттік 
бағдарламаларында өлкетану жұмыстарының тәрбиелік мүмкіндіктері мен маңыздылығына ерекше мән 
берген.   
Ал  жоғары  оқу  орындарында  өлкетану  материалдарын  пайдаланудың  кейбір  тұстарын  
Г.В.Аверкиева,  Т.В.Данилова,  И.В.Кишкин,  А.А.Хуснитдинов  отандық  ғалымдардан
 
Г.Қ.Тұрабаева, 
 
Д.Д.Байдалиев өз еңбектерінде  қарастырған. 
 
Жаңа  білім  беру  жүйесіне  көшу  рухани  бай,  денсаулығы  мықты,  туған  елін,  жерін  сүйетін, 
қадірлейтін оқушыны тәрбиелеуді ұсынады. Бүгінгі таңдағы білім  берудегі басты мақсат жас ұрпақтың 
білім деңгейін көтеру және жан-жақты дамыған, білімді, сауатты, өмір сүруге бейім, белсенді, қабілетті 
жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. Бұдан шығатын қорытынды, жаңа қоғамда мұғалімнің ішкі 
жан дүниесі де жаңаша болмақ, демек болашақ ұрпақтан да үлкен үміт күтіледі.  

217 
 
Қазақстан  тәуелсіздік  алғаннан  бері  жергілікті  жерлердегі  өлкетану  мекемелерінің  ісін 
жандандыру,  бұрынғы  жер-су  атауларының  шығу  тегін  зерттеп,  қалпына  келтіру,  халыққа  көп 
танымал  емес  бай  мұраны  жинастыру,  тарихи-мәдени  ескерткіштерді  қорғауға  алу  ісі  қолға  алынды. 
Жергілікті  жерлерде  облыс,  аудан  өлкетану  мұражайлары  жұмыс  істейді.  Қазақстанның  әр  өлкесіне 
арнайы ғылыми-зерттеу экспедицияларын ұйымдастыру да ілгері даму үстінде болды. 
Алайда,  қазіргі  кезде  өлкетану  жұмыстарын  дұрыс  жолға  қойып,  ұйымдастыру,  ол  бойынша 
жүргізілетін  жұмыстың  дәрежесі,  оқу  –  тәрбие    үдерісінде  кеңінен  әрі  тиімді  пайдалану  барлық  білім 
беру  мекемелерінде  бірдей  емес.
 
Осы  уақытқа  дейін  белгілі  болғандай  тек  өз  пәні  мен  мамандығын 
сүйетін алдыңғы қатарлы мұғалімдер мектептің тұрған жерін жүйелі түрде зерттеп білуді, ол жұмысқа 
оқушыларды  көптеп  тартып,  ғылыми  –  зерттеу  жұмыстарын  жүргізуді  жақсы  ұйымдастырады  және 
өзінің іс – тәжірибелерімен бөлісіп отырады.  
 
Осы  мәселелерді  негізге  ала  отырып,  соңғы  уақыттағы  жоғары  оқу  орындарындағы  өлкетану 
жұмыстарының жай – күйіне талдау жасай кетсек, еліміздегі
 
2004 жылғы «Мәдени мұра» мемлекеттік 
бағдарламасын  және    іс  –  шараларын  жүзеге  асыру  мақсатында  және  Қазақстан  Республикасы 
Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстанның  әлеуметтік  жаңғыртылуы:  Жалпыға  Ортақ  Еңбек 
қоғамына  қарай  20  қадам»  атты  Жолдауының  негізінде  көптеген  жоғары  оқу  орындарының  іс  – 
тәжірибелері  мен  оқу  –  тәрбие  үдерісінде    өлкетану  жұмыстарының  жандана  бастағанын  көреміз. 
Болашақ  тарихшыларды  даярлау  жүйесінде  «Тарихи  өлкетану»  міндетті  пән  ретінде  енгізілсе, 
география саласында «Географиялық өлкетану» таңдау компоненті есебінен құрыла бастады. Сондай 
– ақ қазіргі жоғары оқу орындарында өлкетанымдық жорықтардың жанданғандығын атап өту қажет. 
 
Соның бірі 2008 – 2009 жылдары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің  
Археология  институты,  Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық  университеті,  Қарағанды,    Көкшетау, 
Қостанай  университеттері  Қазақстанда  30  –  ға  жуық  қалашықтарда,  қоныстарда,  қорғандарда 
археологиялық  зерттеу  жұмыстарын жүргізіп,  тұрғындармен  пікір  алмасқан.  Аталған  қалалардың оқу 
орындарында  өлкетану  мұражайлары  ашылған.  Мұндай  өлкетанымдық  жорықтар  мен  практикалық 
жұмыстар барлық өңірлерде де қолға алынған. Осындай өлкетанымдық іс – шараларды Сұлтанмахмұт 
Торайғыров  атындағы  Павлодар мемелекеттік университеті 2001  жылдан  бері  жүзеге  асырып  келеді. 
Осы жылы алғаш рет студенттер мен мектеп оқушыларын ұйымдастырып «Өлкетану» экспедициясын 
құрды.  Жастар  Павлодар  облысының  мазарларын,  ескерткіштерін,  мұражайларының  т.б.  тарихи 
орындардың жай – күйімен танысып, универсиет мұғалімдері  бағыт – бағдар беріп, дәрістер оқыған. 
Ал мұның бәрінің астарында танымдық мән жатқаны, патриоттық сезім мен ұлттық намысты оятатын 
құндылықтар  жатқаны  айтпаса  да  түсінікті.  Университет  басшылығымен  болашақ  мұғалімдерді 
педагогикалық  өлкетану  жұмысына  даярлауда  ауқымды  істер  атқарылған.  Сондай  –  ақ  бұл  оқу 
орнының басшылығымен «Өлкетану - Краеведение» журналы шығып тұраған. 
 
Қазір жоғары оқу орындарының білім беру саласында белгілі бір жүйеде өлке тарихы бойынша 
материал  беріп  қана  қоймай,  сонымен  қатар  мұражай  бойынша  және  өлкетану  көздерін  оқыту 
мүмкіндігі  туды.  Мәселен  Қазақ  Ұлттық  педагогикалық  универсиетінің  туризм  кафедрасы  жыл  сайын 
студенттерді  ұйымдастырып  еліміздегі  өлкетану  мұражайларына  барып,  түрлі  орындарға 
танымжорықтар  ұйымдастырып  отырады.  Аталмыш  оқу  орнында  мұндай  іс  –  шара  жылдан  –  жылға 
жақсарып келе жатқандығын аңғаруға болады.  
 
Көптеген  жоғары  оқу  орындарының  іс  –  тәжірибелерінде  экскурсиятану,  аймақтану  секілді 
пәндер  енгізілуде.  Бұл  студенттерді  соның  ішінде,  болашақ  педагог  мамандарды  өлкетану 
жұмыстарына даярлауда маңызды белгі болып табылады.  
 
Бірақ  жоғары  оқу  орындарының  да  бұл  салада  әлі  де  болса  шешімін  таппаған  мәселелер 
баршылық,  олар  студенттерді  өлкетану  жұмысына  даярлау    керектігіне  байланысты  пікірлер 
айтылғанмен де, мұнда аяқталмаған нақты теориялық және практикалық мәселелер жеткілікті.  Оған 
жататындар:  білім  беру  мен  тәрбиені  тұтас  үдеріске  біріктіру,  өлкетану  үйірмелері,  тарих  және 
қоғамтану  сондай  –  ақ  педагогикамен  байланысы, өлкетану  кешенінің  болашақ  педагог  мамандарды 
мектептегі  жұмыстарға  даярлаудағы  ролі  және  оның  тәрбиелеудегі  орны,  өлкетану  материалдарын 
зерттеу, жинау, педагогикада пайдалану мәселелері және т.б. 
 
Жоғары оқу орындарындағы өлкетануға даярлау ісін ұйымдастырудағы кемшіліктерді былайша 
түсінідіруге болады, негізгі себеп өлкетануға байланысты іс – тәжірибелердің өз дәрежесінде еместігі, 
оқытушының  өлкетанымдық  іс  –  әрекеті  тек  пән  негізінде  болмаса,  оның  педагогикалық 
маңыздылығына  қарамастан  ақшасыз,  төленбейді,  мемлекеттік  құжаттарда  көрсетілсе  де  –  кей 
жағдайларда міндетті емес деп те есептелінеді, тек мерейтой, түрлі іс – шараларға орайластырып қана 
тәрбие түрінде ұйымдастырылады. 
 
Туған  өлкенің,  жергілікті  жердің  қала  берді  аймақтардың  өзіндік  ерекшеліктерін,  табиғатын, 
тарихын, халқы мен шаруашылығын жан – жақты сипаттайтын факторларды зерттеу қазіргі білім беру 
саласының маңыздылығын арттыра түспек.  

218 
 
 
Қорытындылай  келе  айтарымыз,  өлкетану  жұмыстары  жеке  тұлғаның  дүниеге  дұрыс 
көзқарасының  қалыптасуына  қоршаған  шындықты  түсінуге,  сенімін  қалыптастырудың  негізі  болып 
табылады.    Өлкетануды  оқытудың  жетістігі  –  ол    оқытушылар  мен  мұғалімдердің,  мектеп 
оқушыларының ізденісін, олардың шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетін арттыра түсу,  өлкетануға 
деген қызығушылығын арттыру, туған өлкесіне деген сүйіспеншілігін тереңдету болып табылады.  
 
Әдебиеттер тізімі: 
1. 
Назарбаев Н.Ә. «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 
қадам». //Егемен Қазақстан, 2012, 10 шілде. 
2. 
 Байдалиев  Д.Д.  Болашақ  мұғалімдерді  педагогикалық  өлкетану  жұмысына  кәсіби  даярлау: 
автореф. ...пед. ғыл. канд. дисс.  Алматы, 2009. – 23 б. 
3. 
Орынбеков  С.  Өлкелік  принцип  негізінде  жануартанудан  экологиялық  білім  беру  әдістері: 
пед.ғылым. канд. дис... –Алматы, 1996. –186 б. 
4. 
Текесбаева А.М. Өлкетану негізінде бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру: 
автореф. ...пед. ғыл. канд. –Алматы, 2004. – 26 б. 
5. 
Раймханова К.Н. Тарихи өлкетану. – Тараз, 2004. - Б – 14-17. 
6. 
Аспандияров С.Д. Қазақстан тарихының очерктері (оқу құралы). А.,: Санат, 1994.  - Б – 12-15.  
 
 
 
ӘОЖ 159.923.5 
 
ӨЛКЕТАНУ НЕГІЗІНДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ БАҒДАРЫН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-МАЗМҰНДЫҚ МОДЕЛІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ 
БАҒДАРЛАМАСЫ 
 
Таңатарова Ж.Ә. 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
Кенжиева Г.Р. 
№ 24 орта мектеп, Атырау қаласы  
 
Өлкетану  негізінде  бастауыш  сынып  оқушыларының  тұлғалық  бағдарын  қалыптастырудың 
құрылымдық-мазмұндық  моделін  жүзеге  асыру  бағдарламасы  педагогикалық  шарттардың  жүйесі 
ретінде құрылды.  
Бастауыш сынып оқушыларының өлкетану негізінде тұлғалық бағдарын қалыптастыру моделін 
жүзеге  асыру  үшін  дидактикалық  принциптер  басшылыққа  алынады.  Атап  айтсақ,  ғылымилық  пен 
түсініктілік, жүйелілік, теорияның практикамен байланыстылығы, оқушылардың белсенділігін арттыру, 
оқушылардың  жас  және  жеке  ерекшеліктері  ескеріледі.  Саналылық  пен  белсенділік  принципі 
бастауыш  сынып  оқушыларының  өлкетану  материалдарын  саналы  түрде  игеруін,  маңыздылығын 
түсінуін,  сабаққа  белсенді  қатысуын  көздейді.  Саналылық  принципі  дүниетану  сабақтарында 
балалардың өлкетану материалдарына деген танымдық қызығушылығын арттырудың маңызды шарты 
болып табылады. Пайдаланатын өлкетану материалдарының мазмұны оқушылардың жас ерекшелігіне 
сай іріктеп алу жүзеге асырылады.  
Дидактиканың  принциптерін  басшылыққа  ала  отырып,  Л.В.Занков  бастауыш  білім  жүйесін 
қайта  құру  туралы  эксперименттердің  барысында  тұжырымдалған  бірқатар  жаңа  принциптерді 
ұсынды.  Яғни  ол  жаңа  жүйенің  маңызды  принципі  деп  қиындық  шараларын  сақтай  отырып, 
қиындықтың  жоғары  дәрежесінде  оқытудың,  бастауыш  білімде  теориялық  білімдердің  жетекші  ролі 
принципін, сондай-ақ оқу үдерісін оқушылардың ұғып білуі және бүкіл сынып оқушыларының дамуын 
көздеу мақсатындағы мұғалімнің жұмыс істеуі принципін санайды.
  
Бастауыш  сынып  оқушыларының  өлкетану  материалдары  негізінде  тұлғалық  бағдарын 
қалыптастыру  моделін  жүзеге  асыруда,  алдымен  бастауыш  сатыда  білім  беру  құжаттары,  оқу 
бағдарламалары, оқулықтары талданады. 
Республикамыздың білім беру ұйымдарының барлық түрі мемлекеттік білім беру стандартын, оқу 
жоспарына сәйкес әзірленген оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.  
Жалпы  білім  беру  жүйесінің    бастауыш  деңгейі  бойынша  зерттеу  мәселемізге  байланысты 
төмендегідей міндеттерін атап көрсетуге болады: 
–  оқу жоспары мен бағдарламаларының жүзеге асырылуына жағдай жасау; 
–  оқушылардың  жас  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  танымдық-қызығушылығын  арттыру,  ақыл-
ойының дамуына мүмкіндік беру; 

219 
 
–  өз  еліне,  Отанына  деген  сүйіспеншілік  негізінде  мемлекетті,  халықтың  мәдениетін  құрметтеуге 
баулу; 
– еліміздің әлеуметтік-мәдени өміріне саналы көзқарасын қалыптастыру және белсенділігін арттыру. 
Жалпы  орта  білім  беретін  мектептің  бастауыш  сыныптарына  арналған  бағдарламаларына 
талдау жасайтын болсақ, зерттеу мәселемізге қатысты дүниетану пәнін алып отырмыз.   
 
Білім мазмұнының бағдарламасын жасауда оқушыларға белгілі бір білім, дағдының жиынтығын 
беруді емес, олардың  жеке тұлға болуын, яғни өз бетінше еңбек қызметін ұйымдастыруға дайын болу 
тәжірибесін  меңгерту  керек.  Мұндай  өмірлік  маңызды  функцияларға  оқушылар  білім  беру 
мекемелерінде дайындалуы керек. 
Тұлғаға бағдарланған оқытудың басты функциялары мыналар: 
-таңдаулы (құндылық пен өмір салтын таңдау); 
-сындарлы (сырттан ұсынылатын құндылықтар мен нормаларға қатысты); 
-байланыстырушы (сыртқы ықпал мен ішкі импульстік тәртіпке байланысты); 
-мақсатқа жетудегі өзін-өзі реттеудің еріктік функциясы; 
-рефлекстік, шығармашылық, бағдарлылық (дүниенің тұлғалық құрылымы – ойлар жүйесі); 
-қабылдаған  шешіміне  жауапкершілік  функциясы,  өзін-өзі  реттеу  (айналадағыларға  өзінің  «мен» 
образын  мойындатуға  талпыныс),  шығармашылық  қайта  жаңаруын,  ішкі  дүниесінің  беріктігін, 
тәуелсіздігін қамтамасыз ету; 
-рухани деңгейді қамтамасыз ету. 
 Функциялар  білім  беру  процесінде  орындалса,  онда  ол  жеке  тұлғаға  бағдарланған  оқыту 
технологиясы арқылы жүзеге асады.   
Тұлғалық бағдарлы білім беру үдерісін жобалау және жүзеге асыру мына негізге сүйенеді: 

оқушыны субьект ретінде тану, оның даралығының, өзіндік  
құндылығының басымдылығы; 

тұлғаның толық дамуы үшін қажетті жеткілікті деңгейдегі  
жағдайларды  қамтамасыз  ететін  дидактикалық  базаны  жасау,  пәндік  мазмұнды  өңдеу,  оқыту 
технологияларын модельдеу; 

оқыту үдерісінде мониторинг өткізу; 

тұлғалық бағдарлы жүйесінде жұмыс жасау үшін мүғалімді даярлау. 
Бұл  жерде  мәнді  компонент  ретінде  тұлғалық  бағдарлы  үдерістің  дидактикалық  қамтамасыз 
етілуі маңызды орынға ие. Оған мынадай талаптар қойылады: 

Оқу материалы оқушының субьектілі тәжірибесінің (баланың жанұяда,  
әлеуметтік  ортада,  қабылдау  арқылы  мектепке  дейінгі  меңгерілетін  өмірлік  тәжірибесі) 
мазмұнын анықтау және оны қолдануды қамтамасыз етуі тиіс. 

Оқу материалының вариативтілігі. Білім берудің мазмұнында  
оқушының пән материалын, оның түрін, формасын таңдау мүмкіндігі, оқытудың әрбір кезеңінде 
оларды таңдау еркіндігі. 

Білім беру үрдісінің рефлексивті мән іздеуші диалог сипатында болуы.  
Инновациялық  жүйедегі  сабақ  (нақтырақ  айтсақ,  оқу)  –  пікірталас,  білім  алу  тәсілдерін  бірге 
іздеу,  оқушы  бұнда  жаңа  материалды  жасаушы.  Осы  қағидаға  сүйене  отырып,  дидактикалық 
материал, оқыту құралдары мен әдістері таңдалынады.
    

Оқу бағдарламаларының негізіне субьект-обьектілі, субьект-субьектілі  
жүйелерінде  оқушыға  еркін  бағдар  беретін  іс-әрекет  түрлерін  меңгеру  үшін  қажетті  барлық 
жағдайларды  алу  қажет.  Тұлғалық  бағдарлы  оқу  бағдарламалары  базистік  ғылыми  ұғымдарды 
қалыптастырып қана қоймай, таным әдістерін де қалыптастыруға міндетті. 

Тұлғалық бағдарлы оқу үдерісін дидактикалық қамтамасыз ету  
оқушыларды  өз  бетімен  жұмыстануға  ынталандырып,  олардың  өздері  үшін  мәнді  оқу 
материалын  өңдеу  тәсілдерін  қолдануына  жағдай  жасау.  Өз  бетімен  жұмыстану  аясының  кеңеюі,  өз 
бетімен білім алу – тұлғалық бағдарлы педагогиканың ажырамас бөлігі болып табылады. 

Дидактикалық материал оқушының шығармашылық өзін-өзі  
анықтауына  және  табиғи  түрде  өзін-өзі  көрсетуіне  жағдай  жасауы  тиіс.  Бұл  ізденіс, 
зерттеушілік және шығармашылық сипаттағы тапсырмалар көмегімен жүзеге асады. 

Дидактикалық материалды меңгерілетін оқу материалының пәндік  
мазмұнының күрделілігін есепке ала отырып емес, оқушылардың интеллектуалдық әрекеттерін 
анықтау және бейнелеу негізінде жасау. 
 
Тұлғалық  бағдарлы  білім  беру  үдерісін  құруда  оқу  материалының  мазмұнына  ерекше  көңіл 
бөлген  жөн.  Бұл  мәселе  Е.В.Бондаревская,  И.С.Якиминская,  В.В.Сериков,  А.В.Вильвовская, 
А.А.Бейсенбаева, Ә.М.Мұханбетжанованың еңбектерінде жан-жақты қарастырылған. 
 
Тұлғалық бағдарлы білім берудің мазмұнын жасауда мына ұстанымдар белгіленген:  
Оқыту мазмұнын таңдау еркіндігі ұстанымы. 

220 
 
Білім беру мазмұнының ашықтығы ұстанымы. 
Мазмұнды қалыптастыруда синхронды және диахронды тұрғылардың бірлігі ұстанымы. 
Мәдениет пен оқушы түсініктеріндегі саналы және бейсаналық құрылымдардың бірлігін есепке 
алу. 
Оқыту  үдерісінің  мониторингін  өткізу  тәсілдері:  тұлғалық  бағдарлы  оқыту  жүйесінде  дәстүрлі 
сабақтарды  өткізу  барысын,  оқушылардың  тұлғалық  бағдарлы  оқыту  үдерісінің  спецификасына 
бейімделуін,  бақылау  және  эксперименталдық    топтардағы  оқушылардың  тұлғалық  дамуындағы 
өзгерістерді  бақылау;  оқушылардың  оқу  әрекеттерінің  нәтижелерін  талдау;  педагогикалық 
құжаттарды  зерттеу;  сұрау  әдістері;  тестілеу;  эксперименттік  жұмыс;  теориялық  зерттеу  әдістері; 
математикалық және статистикалық әдістер. 
Тұлғалық бағдарлы оқыту жүйесін жасаудың соңғы компоненті – инновациялық жүйеде жұмыс 
жасау  үшін  мұғалімдерді  даярлау.  Педагогтың  тұлғалық  бағдарлы  оқыту  жүйесіне  көшуі  мұғалімнің 
әлеуметтік-мәдени  бағытталу  механизмдерінің  өзектіленуіне,  оның  әрекетіндегі  мотивациялық    және 
іс-әрекеттік  құрылымдардың  өзгертілуімен  байланысты  және  инновациялық  жүйеде  жұмыс  жасауға 
қажетті  эмпатия,  қызығушылық,  толеранттық,  оқушыға  деген  құнды  көзқарасы,  шығармашылық, 
ізденіс, рефлексия және т.б. тұлғалық қасиеттерді қажет етеді. 
Осылайша,  тұлғалық  бағдарлы  оқыту  үдерісі  –  бұл  сабақ  беру  және  оқу  үдерісінің  бірлігі,  
монологтан  диалог  позициясына  көшу;  қоғамдық-тарихи  және  тұлғалық  тәжірибенің  үйлесімділігін, 
педагогтар ұжымын жүйелі және мақсатты түрде даярлауды қажет етеді.  
Тұлғаға  бағдарланған  білім  беру  мазмұнын  конструкциялау  көптеген  дидактикалық 
тұжырымдамаларда  сөз  болады.  И.Я.  Лернер,  М.Н.  Скаткин  білім  беру  мазмұнына  (табиғат,  қоғам, 
адам,  үлгі  бойынша  әрекет  тәжірибесі,  шығармашылық    әрекет  тәжірибесімен  қатар)  дүниеге 
эмоционалды-құндылық қатынас тәжірибесін, В.С.Леднев әрекеттің құндылықты-бағдарлы тәжірибесін 
енгізеді. 
     Білім  беру  мазмұнының  эмоционалды-құндылық  компоненті  процессуалды-әдістемелік  тұрғыда 
жасалады.  Сондықтан  да  қазіргі  таңда  жаңа  педагогикалық    технологияларды  жасап  енгізу 
тенденциялары  өте  қажет  болып  отыр.  Тұлғаға  бағдарланған  білім  беру  дәстүрлі  бағдарлама-
нұсқаулық  формада (тақырыптар мен олардың мазмұны) берілмеуі тиіс, ол процессуалдық формадан 
бөлінбеуі  керек.  Оқушылар  тұлғалық  тәжірибені    субъект  –  субъект  қатынасы  негізінде  жинақтауы 
мүмкін.    Бір  құндылықты  екіншісімен  салыстыруды  талап  ететін  оқу  -  өмірлік  жағдаятқа,  міндет-
коллизияға, оқып жатқан  материалының негізгі ойын іздеуге құрылған диалогқа, өмірлік жағдаяттағы 
имитацияға,  бұл  құндылықты  әрекет  пен  басқа  адамдармен  қатынаста  апробациялауға  мүмкіндік 
беретін рөлдік ойындарға құрылған. 
Тұлғаға  бағдарланған  білім  берудің  негізгі  процессуалдық  сипаттамасы  оқушының  тұлғалық 
функциясының  белсенділігін  арттыратын  педагогикалық  процестің  жетекші  құрамдас  бөлігі–оқу 
жағдаяты болу керек.   
Мұндай жағдаятты конструкциялау үш базалық технологиядан тұрады: 
 
білім беру мазмұнын әр түрлі деңгейдегі тұлғалық – бағдарлы міндеттер түрінде ұсыну; 
 
мазмұнды субъектілер қатынасын, рефлексияны, тұлғаның өзін іске қосуын қамтамасыз ететін 
диалог жағдайында меңгеру; 
 
іштей  конфликт,  коллизиялық,(қайшылық)  жарыс,  жағдайындағы  тұлғалық  функцияларды 
атауға  болады.  Бірақ  бұл  орайда  тәжірибеде  бұдан  басқа  да  процессуалдық  нұсқалар  жасалуы 
мүмкіндіктері бар. 
Сонымен, тұлғаға  бағдарланған  білім  беруге  көшу білім  берудің  білімдік-стандартталған  және  
жеке  тұлғалық  компоненттерінің  синтезін  жасаумен,  мазмұн  мен  педагогикалық  технологияларды 
біріктірумен байланысты. Осы синтез негізінде педагогикалық процеске қатынасушылар тең дәрежелі 
серіктес болады.  
Жоғарыда айтып өткендей, мақсат белгілеуде тоталитарлық режимде де, қазірде де әлеуметтік 
тапсырыс пен тұлғаға бағдарланған оқыту арасында қарама – қайшылық бар деді. Осы қайшылықты 
игеру  үшін  білім  беруді  гуманизациялау    және  нәтижесінде  оқушыны  жаңа  әлеуметтік-экономикалық 
жағдайдағы қоғамдық өмірге дайындау оның тұлғаға бағдарлылығы қажет.  
  
Тұлғаға  бағдарланған  білім  беру  бағдары  педагогикалық  мақсаттарға  (тәрбиелік,  білімділік, 
дамытушылық)да  қатысты.  Бастауыш  мектеп  үрдісінде  жеке  тұлғаға  бағыттап  оқыту  технологиясын 
іске  асыру  жолдары  тәжірибеде  бұл  мақсаттар  «тұлға»,  «дайындау»,  «қалыптастыру»  сияқты 
ұғымдармен беріледі. Бұл сөздер оқушылардың «адамилық» сапалары,  жоспарларында да, сыныптан 
тыс  жұмыстарда  да  кездеседі.  Бұл  мақсат,  міндеттер  бір  жағынан  функционалдық  сипатта,  екінші 
жағынан әр оқушы дамудың, оқудың, тәрбиеленудің әр түрлі деңгейінде болады.  
Тұлғалық-бағдарлық мақсаттарды шешудің қазіргі кезде түрлі көзқарастары бар. Оларды алып 
қарайтын болсақ: 

221 
 
1.Тәрбиелік,  білімдік  мақсаттарды  бөліп  қарауға  болмайды,  ол  тұлғаның  өзі  тәрізді  біртұтас.  
Тұлғалық  қасиеттер  сол  бұрынғы  білім  мен  дағды,  бірақ  оның  ерекше  адамның  қылығын  реттеп 
отыруда  маңыздылығы  бар  тұлғалық  мәні  болады. Бір  нәрсеге  дайын  болу  үшін,  тоқтау,  сенім  болу, 
құндылық бағдар болу, әрине, алдымен білім, дағды, өмірлік тәжірибе жинақтауды талап етеді. «Білім 
болмаса – ол туралы пікір де, сенім де және соған сәйкес тәртіп те болмайды»  дейді  педагог ғалым 
Г.И.Школьник.    Сондықтан  білім  тұлғалық  мәнге  ие  болу  үшін  оқыту  процесінде  білім  мазмұнының 
құндылық – бағдарлы компоненті шешілуі керек.  
2.  Жеке  тұлғаға  бағдарланған  білім  беру  аспектісінде  мақсат  белгілеу  өте  жоғары  дәрежеде 
болу  керек.  Тұлғаға  бағдарланған  білім  беру  тек  «социуммен»  ғана  емес,  барлық  объективті 
шындықпен байланыс орнату болып табылады. 
«Адам  –  шексіз  табиғаттың  бөлшегі  ғана,  сондықтан  оның  мәні  де,  байлығы  да  барлық 
шындықпен  өзара  байланыс  барлығында.  Оған  қоғамдық  қатынастар  жүйесі  де  кіреді»  деген 
В.Л.Акулов.  Сондықтан  бастауыш  мектеп  үрдісінде  жеке  тұлғаға  бағыттап  оқыту  технологиясын  іске 
асыру жолдарын   пәндерді гуманизациялап, тұлғаға бағдарлау қажет. 
3.Тұлғаға  бағдарланған  білім  беру  мақсаттарының  негіздеріне  өз  ісіне  жауапкершілік, 
оптимизм,  іске  деген  шығармашылық  көзқарас,  өз  мақсатына  жете  білу  т.б.  тұлғалық  қасиеттерді 
қамтитын интегралдық бағытты да енгізу керек. 
        Бастауыш  мектеп  үрдісінде  жеке  тұлғаға  бағыттап  оқыту  технологиясын  іске  асыру  белгілі  бір 
мақсат  көздеген  білім  беру  бағдарламалары  арқылы  оқушыларға  алдын  ала  диагностика  жүргізіп 
алмай құрылмайды. 
        Тұлғаның  қалыптасуы  –  қарым-қатынастар  жүйесін  заңды қайта құру,  араласу  мен  іс-әрекеттер 
барысында 
мағыналы 
себептердің 
ирархиясында, 
сонымен 
қатар 
«тұлғалық 
мағыналық 
байланыстырушы жүйеде». 
 Бастауыш сынып оқушыларының өлкетану негізінде тұлғалық бағдарын қалыптастыруды жүзеге 
асыру оған негіз қалайтын педагогикалық шарттарды анықтау қажеттігі туындайды. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет